Бәрі де қарыз сұраудан басталады. Ақша жүрген жерде, ұят сынға түседі. Қарызды алған адам емес, қарызды берген адам ұялып жүреді. - Кешіріңіз, - дейді қарызын сұрап келуші қысыла тұрып. - сіздерде алашағымыз бар еді. - Алашағың болса неғыл дейсің енді?! - дейді үй иесі әйел шаптыға сөйлеп. - Былтыр ғой алғанымыз, әлі толық бір жыл да болған жоқ. - Сіздер бір айдан кейін қайтарамыз дегенсіздер. - Бір айдан кейін қайтарамыз десек, ақша болмай жатқан жоқ па?! - дейді үй иесі әйел одан әрі шаптығып. - Сіздерден ыңғайсыз болды-ау, - дейді қарызын сұрап келуші қысыла түсіп. - Қайта-қайта ақшамды сұрап келе бергенім ұят болды-ау. - Оның несіне қысыласың, шырағым, - дейді үй иесі әйел........