Мұхтар Әуезов | Қозы Көрпеш Баян сұлу

Қозы Көрпеш - Баян сұлу

I

"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны - қазақтың ғашықтық жырлары ішіндегі ертеректен келе жатқан және қазақ арасына өте көп жайылған түрі. Бұл жыр "Қыз Жібек" хикаясы сияқты тек қазақтың өз тумасы ғана емес, мұның әңгімесі қазақтан басқа елдерде де бар. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" әңгімесінің бір түрі орыс тілінде 1812 жылы Қазанда басылып шыққан. Барабин татарларының және қазақ арасында айтылатын нұсқасын Радлов жазып алып, бастырған. Ойрат тілінде "Қозын Еркеш" дейтін жыр бар. Солардың бәрі де "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырын өзіне меншіктейді. Қазақ арасында бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар. Көп заман бойында көп ақындар жырлағандықтан осындай әлденеше варианттар пайда болуы фольклор көлемінде заңды саналады. Бізге мәлім болған "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырларының кейбір варианты ертедегі заманның өзіне байланысты айтылса, енді біреулері бергі XVIII-XIX ғасырда өңделіп жаңғырған. Және кейде "ноғайлы" деген ескі атаулары жойылып, оның орнына Кіші жүздің Шеркеш руы, не Орта жүздің Бағаналы (Найман) руларының аттары аталады. Бірақ, бұл нұсқалардың қай-қайсысын алсаңыз да, алғашқы сюжет асылы - біреу. Әр дәуірдің, әр жердің ақындары өз ортасындағы тыңдаушыларының ыңғайына тартқанымен, оның негізгі мазмұны, оқиға желісі бір арнаға саяды. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Ел поэмалары Қозы Көрпеш Баян


Қазіргі жиналған ел әдебиетінің ішінде қазақ жұртының ел поэмасына қосылатын екі үлкен әңгіме, 5 өлең бар. Біреуі – "Қозы Көрпеш – Баян", екіншісі – "Қыз Жібек". Ел поэмасы деп қандай түрдегі әңгімелі өлеңді айтатынымызды осы екеуінің мағынасы мен үлгісін қарастырған уақытта анықтап айтпақшымыз. Сондықтан, қазір жалпы сөзді айтудың орнына сол екі әңгімені бас-басына қарастыруға кірісеміз. Әуелі қарастыратынымыз "Қозы Көрпеш – Баян".

"Қозы Көрпеш – Баянның" қысқаша әңгімесі

Ескерту: екі бай аты 1-Қарабай, 2-Сарыбай.

Бұрынғы өткен уақытта Балталы, Бағаналы деген елдің ішіне шеттен ауып келген Қарабай, Сарыбай деген екі бай келеді. Сарыбай келген жерден Балталының еліне үлкен мырзалық көрсетіп, қалың елдің бейілін алып, ханы есепті, қадірлі жақсысы болады. Қарабай тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, сараңдықпен құнсыз болып елге қадірі жоқ болады. Екеуінің жасы жетпіс пен сексенге келген кәрі. Бірақ балалары жоқ, зарлы. Бір күні екі бай елсіз тауда анда жүріп, кез келіседі, мұңдарын айтысады. Екеуінің де үйіндегі қатындары екі қабат екен. Құдай атын айтып дос болып, бірінен ұл, бірінен қыз туса, екеуін қоспақ болып ежеғабыл жасайды. Сол уәденің үстінде, Қарабай Сарыбайдан тілек етіп бір буаз маралды атқызады. Буаз аңның киесі атып, Сарыбай сол жерде өледі. Қарабай егіз лақ маралды алып, еліне қайтады......
Әңгімелер
Толық

Әлкей Марғұлан | Қозы Көрпеш Баян сұлу жыры


ЕКІ МЫҢ ЖЫЛ ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕТКЕН ЖЫР

КІРІСПЕ

Қазақ халқы ғасырлар бойы айтып келген бұл жыр сахарадағы мал өсіруші тайпалардың шығарған бір жарқын сәулетті әңгімесі. Бұл туралы жазылған әдебиет әрбір тілде орасан көп, солардың ішінде орыс әдебиетшілерінің пікірі ерекше орын алады.

Бұл жазуларды зерттегенде, олардың аса көңіл қойып, қызыға қарағаны, әсіресе, Көрпеш пен Баян сұлудың тарихи заманнан келе жатқан ұлы мұнарасы, сәулетті етіп жасаған биік кешені. Ескі қазақтар ондай құрылысты «дың», «діңгек» деп атаған. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның көп жерінде осы күнге дейін сақталып келеді. (Олар туралы кейінірек тоқталамыз).

Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған. Қозы Көрпеш - Баян сұлу аңызы бойынша, Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге төрт сан қол (40 мың кісі) жіберіп, Қозы Көрпешке ас беріп, ат шаптырып, той жасайды, Қозы мен Баян сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, олардың суретін тасқа түсіреді. Баян сұлудың өңін, келбетін әдемілеп келтіреді (Радловтың варианты).

Жанақ ақынның жырлауынша, елу мың кісіні бастап келген Айбас. Олар үш көш жерден (90 километр) тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез жасайды. Ол күмбез әлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді (Жанақ).

Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ,
Сурет болып бітіпті Аягөзге.
(Жанақ) .....
Әңгімелер
Толық

Балабақша ойындары топтамасы

Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.....
kz
Толық