Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері

Жоспарлау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құрамдас бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты – экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды.
Жоспарлау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді.
Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді.
Жоспарлау – ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау мен болжау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Біздің Республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №1268 жарлығымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады.
Қазіргі жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің басты механизмдерінің бірі жаңа мағыналы және іске асырудың түрлері бар индикативті жоспар болуы керек.
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды ....
Курстық жұмыстар
Толық