Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тау басындағы ой)

Шыққаным – Шыңғыстағы бiр биiк тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау.
«Қайырлы түн болсын» деп үнсiз айтып,
Күн кеткен соң түн келдi қараңғылау.
Аспандағы ай, жұлдыз – бәрi айланды,
Жалғыз-ақ Темiрқазық тапжылмайды-ау.
Күн батып, ай, жұлдыздың айналуы –
Шынында дөңгелеген жер жүрiсi-ау.....
Өлеңдер
Толық

Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кәрілік шал деген – бір ат қылғандай)

Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.
Бойдағы бар қуаттың бәрін алып,
Қайрат, өнер, талапқа қат қылғандай.
Ойым –у, өмірім –су, үмітім –бу,
Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай.....
Өлеңдер
Толық