Экономика | Корпорациядағы қаржылық бақылау жоспарлау

Корпорациядағы қаржылық жоспарлау және бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, оны қадағалау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеру үшін бағытталған.
Яғни, корпорацияның қаржысын жоспарлау, бақылау және қаржыны оперативті басқару сияқты элементтермен тығыз байланысты. Сонымен бірге олар бір мезгілде жүзеге асырылады. Мысалы, қандай кәсіпкер болмасын ол - өзінің кәсіпорынын ашу үшін, біріншіден қаржылық жоспарлауға сүйенеді, ал екіншіден, бақылауға. Бұның себебі: алдағы уақытта кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету үшін, ең алдымен кеткен шикізат ресурстарын үнемді пайдалану т.б. жатады. Негізінен жоспар дегеніміз- қандайда бір мақсатқа жету үшін көзделген іс-әрекет болып табылады. Яғни, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Корпорациядағы қаржылық бақылау- қондырмалық категория болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметтің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Корпорациядағы қаржылық тәртіп- бұл белгіленген ұйымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау сыртқы және ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларджы өткізуден түсетін өз игілігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметтің ҚР-ның заңдарына сәкестігін тексеру. ....
Курстық жұмыстар
Толық