Тойға киім аларда ескеретін жағдайлар

? Құрдастарымыздың, достарымыздың және жақын құрбылармыздың тойына киім таңдайтын уақытта ұзақ ойланамыз. Төменде көпшілік қонақ киім таңдау кезінде жіберетін қателіктерді ұсынамыз.

?Тойға киім алуда мыналарды ескеріңіз:

– Қалыңдықпен той стилін талқыламау. Қазіргі кезде жастардың көпшілігі тойды батыстың форматымен өткізіп жатыр. Бұл дегеніміз тойдың нақты стилі мен негізгі түстік гаммасы бар. Олар тойға дайындықпен қапылысып жүргенде қонақтарға той қандай түсте безендірілетіндігін ұмытып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан алдын ала олардан өзіңіз сұрап алыңыз. Қонақтардың кейіптері мерекенің көңіл-күйіне әсер етеді және суреттерде тойдың стилі анық көрініп тұрады. Ол той иелері үшін маңызды болуы мүмкін болғандықтан, алдын ала сұрап алғаныңыз артық етпейді;......
Кеңестер
Толық

Балалар киімін жуу

Бала киімдерін жууға кірісетін болсаңыз, құлақ асуға тұрарлық бірнеше кеңесіміз бар:
1. Кез келген жаңа киімді алдын ала жуып алыңыз.
Балаңыздың терісін қажамай, жарақаттамас үшін өзіңіздің де, баланың да жаңа киімдерін жуыңыз.
Кір жуу жай ғана тазартудан басқа, тасымалдау немесе қоймада сақтау барысында заттарға қонып қалуы мүмкін химикаттар пен майлардың дақтарын кетіруге көмектеседі.
Балаңыздың терісіне тиетін бірнеше зат:
• Киім
• Ішкі киім (теркөйлек, жөргектер, шұлықтар, дамбалшалар, пижамалар)
• Көкірекшелер
• Төсек-орын тыстары (ақжайма, жастыққаптар, сейсептер және т.б.)
• Жаялықтар
• Автокресло, бесік-арба және матамен қапталған бала манежі
• Ананың жеңіл жейделері......
Кеңестер
Толық

Тарих | Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері

І. Кіріспе
1. Мәдениетіміздің бет бейнесі. Адам көркі – шүберек. Бұл талай жылғы тәжірибеден өтіп, әбден екшеліп айтылған тобықтай түйінді сөз. Халқымыз атам заманнан бері осы бір қағиданы берік ұстанып, мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген.
Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно - мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады.
Шындығында да, әлемдегі озық өнер түрлерін сарапқа салар болсақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінері
даусыз. Себебі, қазақ дүниетанымы терең, мәдениеті бай, әрбір өнері көрнекті, көрген - түйгені мол үлгілі ұлт. Қазақ өнерінің әрбір туындысы өзгеге ұқсамайтын өзіндік ұлттық нақыштарға толы......
Ғылыми жобалар
Толық

Қай түс сіз туралы айтып береді?

Айналадағы барлық құбылыс, жаратылыс адаммен тікелей байланысты. Мысалы, түстердің өзі адам психологиясына әсер етеді екен. Яғни, сізге ұнайтын түс сіз туралы хабар береді. Олай болса, тексеріп көрейік.
Кеңестер
Толық

Фирмалық киім тауары мен Киім өлшемін ажырата аласыз ба

Киім өлшемдерін сатушылар мен сәннен хабары барлар болмаса, кей адамдар түсіне бермейді. Киімдердің өлшемі санмен белгіленіп жазылса, кейбірінде, латын әріптерімен жазылады. Латын әріптерімен жазылған киім өлшемдерін біле жүріңіздер:

✅ 1. Әр елден әкелінген импортты киімдер белгілердің өлшемі: L-КЕҢ, М-ҚАЛЫПТЫ, S-КІШІ дегенді білдіреді.......
Кеңестер
Толық

Қайрат Нұртас әлемге танымал брендтен сатып алған киімімен мақтанды (фото)

Қайрат Нұртас әлемге танымал Dolce Gabanna брендінен сатып алған миллион тұратын киімдерімен мақтанды. Гәкку арнасына сұхбат берген әнші бір кештегі ақ көйлек, қара шалбар мен аяғындағы спорттық аяқ киімінің құны бір миллион екі жүз мың теңге екенін айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Қазақтың модель қызы іш киімді жарнамалағаны үшін ұялмайтынын айтты

Былтыр іш киімді жарнамалап, ел алдына жартылай жалаңаш күйінде шыққан қазақ моделі Қорлан Мәди елдің сынына ұшыраған еді. Оны көпшілік сөгіп, қазақ қызының мұндай жарнамаға түсуі ұят дегенді айтқан болатын. Қорлан ikerim.kz сайтында бұған қатысты пікір білдіріп, жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңалықтар
Толық

Биік өкшелі аяқ киімнің қандай зияны бар?

Дәрігерлердің айтуы бойынша, адамның табаны мен омыртқасы 23 жасқа дейін өсіп, жетіліледі. Осы жасқа дейін биік өкше мен біз өкшелі аяқ киімді қолдануда өте абай болуды ұсынады. Өкшесі биік және тар аяқ киімді көп кигенде аяқтың алдыңғы бөлігіне күш түсіп, башпайлардың (аяқ саусақтары) қисаюына алып.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Үйлену тойының бюджеті: Қанша қаражат керек?

Алматы қаласында той жасауға қанша ақша кетеді? 1 миллион теңге жете ме? Той дегенде қу бас домалайды. Өмірде бір болатын той жасау үшін өмір бойы жинаған қаражатымызды қиюдан да тайсалмаймыз. Тіпті несиені де той жасарда алып, қайтарарда қимай-қимай беріп жатамыз. 7kun.kz назарларыңызға үйлену тойының шамалап......
Кеңестер
Толық

Қыз ұзату тойының бюджеті: Қанша қаражат керек?

«Ұзату тойын жасауға қанша кетеді?« деген ойда жүрген қыздар мен олардың ата — анасына арнап 7kun.kz сайты қыз ұзату тойының бюджетін есептеп көріпті, сол есепті сіздермен бөлісуді жөн санадық.

Қазақтың өмірінде үш бәс бар: несиелік, букмекерлік және тойдың бәсі. Алғашқы екеуі жалақыңыздың мөлшері мен тұрмыстың деңгейіне байланысты болса, соңғысы ешбір факторға.....
Кеңестер
Толық