Наурыз көжені тауысып ішіңіз. Ел ішінде кесеге құйылған наурыз көжемен бірге несібеңіз қоса құйылады. Түгел ішсеңіз жыл бойы тоқшылық пен молшылық сізге серік болады деген сенім бар.
Шымкенттік Айдана Ыбырайдың қаладан ауылға келін болып түскеніне жеті жылдан астам уақыт өткен. Бүгінде үлгілі келін атанып отырған ол, NUR.KZ тілшісіне қайын жұрттың тілін тауып, қалай үлгілі келін атану керектігін айтып берді.
Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың есептік кездесуіне халық көп жиналды. Әкім өткен жылы жасалған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарымен таныстырды. Есептік кездесудің сұрақ-жауап бөлігі айқай-шумен өтті десе болды. Жоқшылықтан шаршаған аналар микрофонға таласып, жеке сұрақтарын айтқанда жылап жіберді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Аязды күн...... Жүректерді жылатқан биязы күн. Қайғылы күн....... Бес бүлдіршін өліп кеткен қараңғы түн. Ақшаның жетегіне ерген ата анасы, Қайғыдан қан жұтқан түн. Бәрі кетті...
Әлемнің ең табысты адамдары өз балаларына қандай кеңес береді екен? Сізге де осы сауалдың жауабы қызық па? Ендеше, 6 жасында бизнес ашқан адамның бірнеше нұсқауын оқыңыз.
Инвестор әрі саяхатшы Джим Роджерс "Балаларыма өсиет. Әкенің өмір сүру және табысты болу туралы сабақтары" ("A gift to my children. A father's lessons for life and investing") атты кітап жазған. Роджерс еңбекте қыздарына тіл қатқанда өзінің басынан кешкен оқиғаларды, инвестициялық тәжірибелерін, өз әкесінің өсиеттерін қосып отырады. Ал Forbes басылымы аталған кітапты оқып, оның ішінен 10 үздік кеңесті таңдап алады да, тек қана бала үшін емес, ата-ана үшін өте керекті деп тауып жариялап отыр. ......
Бет терісі мен қолдар әрдайым күтімді қажет етеді. Кейбір кездері олардың күтіміне мыңдаған ақшамызды құртып жатамыз. Негізінде мәселелердің алдын алу үшін арзан, қолжетімді заттар дәріханада да сатылады екен.
1. Қарамайлы сабын. Көбінесе безеулерге қарсы пайдаланылатын табиғи антисептик. Бетті жуғанда өте абай болу қажет – қатты құрғатады, ал безеулі арқа мен иықтар үшін өте қолайлы.
2. Түрлі эфир майлары. Безеулерге қарсы шай ағашы майын, ал тырнақ еттерінің қатаюына бадам майын пайдалануға болады. Суық тигенде эквалипт майын ыстық суға тамызып, мұрын, тамаққа ингаляция жасайды. Түрлі майлардың пайдасы жайлы ақпаратты ғаламтордан оқып көріңіз.......
«Тырнақ сынып, шаш түссе, дәрумен ішу керек» деген сөзді барлығымыз айтамыз. Бірақ қандай дәрумен ішу керек екенін білесіз бе? Тырнағымыздың сұлулығы туралы ойлана бастасақ, ең бірінші дәрумендер еске түседі. Бірақ дәл қай дәруменнің пайдасы болатынын білесіз бе? Олардың қайсысын пайланаған дұрыс? Ол үшін алдымен тырнағымызды қандай мәселе мазалайтынын анықтау керек! Өйткені, проблемалардың түріне байланысты оларға әртүрлі дәрумендер қажет болады.
Ал «ТЫРНАҚ КҮТІМІ ҮШІН...» деген жазуы бар барлық затқа сене беруге болмайды. Мысалы сіздің тырнағыңыз сынғыш болса, С және Д дәрумендері жеткіліксіз деген сөз. Тырнақтың жұқа болуына B дәрумені және йод пен темір жетіспеуі себеп. Ал тым әлсіз болса, ақуыз жетіспейді деп түсіне беріңіз. Тырнаққа ақ сызықтардың пайда болуы ағзадағы темірдің аз екенінен хабар береді. Қандай дәрумендер қажет? Әрине, дәрумендердің басым бөлігін біз өзіміз тұтынатын тағамдардан ала аламыз. Бірақ ол үшін тамақтану роционының дұрыс болғаны маңызды. А және Е дәрумені жастықты сақтауға көмектеседі. Оны тағамдардан бөлек, арнайы таблеткаларды ішіп арттыруға болады. ......
✅ Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз.
✅ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз.
✅ Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады.
✅ Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз.
✅ Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. ......
• Терезелер жарқырап тұрсын десеңіз, оны крахмал қосылған сумен жуыңыз. • Тоңазытқышты 3 аптада бір рет тазалап тұру керек. Ол үшін ішіндегі азық-түлікті шығарып, токтан ажыратып, есігін ашып қойыңыз. Қатқан мұз өздігімен еруі қажет. Бұл процесті тездетуге, әсіресе, пышақпен қыруға болмайды. Мұз әбден еріген соң ас содасының ерітіндісімен (1 литр суға 1 ас қасық сода) тоңазытқыштың ішін тазалаңыз. Одан кейін құрғақ шүберекпен сүртіп, іші әбден құрғағанда ғана азық-түлікті қайта орнына қойыңыз. • Боялған еден жарқырап тұруы үшін оны 1 шелекке 1-2 ас қасық мұсатырлы (нашатырный спирт) спирт қосылған сумен жуыңыз. Спирт бояуға қанық түс береді. Ал сабын мен ас содасы, керісінше, бояудың түсін жояды.......
Қазіргі қоғамда қыз секілд жігіттер көп. Себебі олардың көз алдындағы үлгі боларлық ана-әпкелері, мұғалімдері де әйел заты. Әкесі нағыз ер адам болып, баласын әскери тәртіппен тәрбиелемесе, жағдай қиын.
1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол.
2. Ата-анаңды сыйла.
3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме.
4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің. ......