Керек кеңестер Үй тазалығы үшін

• Терезелер жарқырап тұрсын десеңіз, оны крахмал қосылған сумен жуыңыз.
• Тоңазытқышты 3 аптада бір рет тазалап тұру керек. Ол үшін ішіндегі азық-түлікті шығарып, токтан ажыратып, есігін ашып қойыңыз. Қатқан мұз өздігімен еруі қажет. Бұл процесті тездетуге, әсіресе, пышақпен қыруға болмайды. Мұз әбден еріген соң ас содасының ерітіндісімен (1 литр суға 1 ас қасық сода) тоңазытқыштың ішін тазалаңыз. Одан кейін құрғақ шүберекпен сүртіп, іші әбден құрғағанда ғана азық-түлікті қайта орнына қойыңыз.
• Боялған еден жарқырап тұруы үшін оны 1 шелекке 1-2 ас қасық мұсатырлы (нашатырный спирт) спирт қосылған сумен жуыңыз. Спирт бояуға қанық түс береді. Ал сабын мен ас содасы, керісінше, бояудың түсін жояды.......
Кеңестер
Толық