Келешекке үлгі болар ізгі даналық

Тарих – ұлт тағылымы, кеше мен бүгінді байланыстырар асыл көпір, келешекке үлгі болар ізгі даналық.Тарих қойнауына жол тартсақ, дәуір көші болып табылатын заманның адамзат басына салған сан қилы дүрбелеңі мен сындарлы оқиғалар іздерін көреміз.Бұл іздер саны аспандағы жұлдыздан да көп, ал әр іздің түбінде теңізден де терең бір құпия тұнып жатыр.Тарих парақтарында жасырынған, уақыт еншісінде қала берген сол сырды ақтарып көрелік... Адамзат тарихындағы, ұлт тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі – Ұлы Отан Соғысы. Бұл соғыс туралы білмейтіндер кемде – кем, себебі дәл осы оқиға достық пен жанашырлыққа, адал махаббатқа сын болды, дәл осы оқиға Отанды сүйе білуге, ұлт намысы үшін күресе білуге үйретті, дәл осы кезеңде ер – жігіттер қызу майдан даласында болаттай шынықса, қызыл гүлдеріміз ел басына түскен ауыр жүкті бөлісе көтерді. Азапты күндерде ажал құшып, азаттық үшін күрескен асыл ерлерді, сол ерлерді жүрегі қарс айрыла күткен темірдей төзімді алтын аналарды, сәбилік бақытын сұрықсыз тұрмыс қиындығына айырбастаған балаларды еске алсақ, зұлмат соғыстың қандай азапты да ауыр болғандығын ұғынғандай боламыз. Ұлы Отан Соғысы қарсаңының қазақтан шыққан жаңа батырларды іріктеген өмір емтиханы болғаны бізге аян.
Мысалы, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі үлгі боларлық іс. Рейхстаг шабуылы кезінде 20-дан астам ту тігілген. Олардың ішінен ең алғашқылары қазақ Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов еді. 150 - атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30 сәуір 1945 жылы сағат 14:25- те кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов «жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты». Бұл кезде рейхстаг үшін күрестің ең қызып жатқан кезі еді. Бораған оқ арасынан ентелей өтіп, ел үшін жан пида етуге дайын болған Рақымжан ер сол кезде ұлт намысын, ер намысын қорғай алды және осы ерлігімен майдандас бауырларға рух берді. Рақымжан батыр қадаған ту тек Рейхстагқа емес, қазақ тұғырына тігілген ту болатын......
Шығармалар
Толық