...Патша айтты:—Мынау менің көрген түсім, Әуелі мазмұнына өзің түсін,
Түсімде алтын жиған сарайыма Барыппын жалғыз өзім болып ісім. Толтыра бір табағын салып алып, Ұстадым нақ төбеме бір оңдысын. Көшені сол бойыммен араладым, Әлі жоқ қасыма ерген....
Құдайға сиынайын әуелiнде, Аз қисса сөз жазайын қағазында. Қалам алып Құдайға сиынайын, Сөз тапса жазар шағым осы күнде. Қалам алып жазайын қисса сөздi, Жазған жан ғарiптiкпен жаһан кездi. Ойласам ақыл жетпес ой түбiне, Құдайым есен қылсын баршамызды. Бұрынғы әдiл өткен халифалар, Әдiл патша бейiштен орын алар. Жақсы өткен дүниеде, жаман өткен, Жақсының өзi өлсе аты қалар. Ғарiптер қисса оқыса, бiледi хат, Қалам алып жазайын аз қисса хат. Һарон Рашид өтiптi бiр халифа, Құдайым оған берген көп салтанат. Һарон Рашид халифа салтанатты, Бiр уәзiрi бар екен Фазыл атты.....
Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды жұрт азғалы. Бүгiн көрген таңда жоқ болып жатыр, Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы. Қор болмас күнәһлi iстен пенде қашса, Адамнан ақыл кетер қарны ашса. Ғалам деген падишаның заманында Болыпты дәулетi асқан бiр байбатша. Нәсiпке Құдай берген кiмдер тасқан, Пенде иман сақтаса құп жарасқан. Ғалам деген падишаның заманында Бiр байбатша болыпты дәулетi асқан. Жiгiттiң жиырма бес деген шағы, Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы. Шаһарында оған жетер жан болмады, Тәңiрi о да болса берген бағы. Патшаның әдiл екен жұртқа сөзi, Халқына жағады екен һәр мiнезi.....
Жайғанда Алатауға күн қанатын, Жыр аңсап, әдетім бар толғанатын. Басынан қарлы құздың қыран көрсе, Солай бір саятшы да тан, қалатын. Көргенде күмбездерді мұз құрсаулы, Осы бір кек аршалы құж-құж тауды, Сүйсінем шыңдарынан жыр ұшқандай, Қанатын сермегендей гүл атаулы. Айбынды Алатауым, аға тауым, Арқаңа ақын тіккен ақ отауын. Есіме түсті сонау ақ басты қарт, Ағытып ұмыт қалған жыр матауын. .....
Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды. Олар Қызыл Армияны Орелдің оңтүстігінде талқандап, Донбасс, Дон және Кубань экон. маңызды аудандарын алуды, Кавказ арқылы өтетін жолдарды, Сталинградты басып алуды басты мақсат етіп қойды. Жау 1942 жылдың жазында шабуылға шығып, үлкен табыстарға жетті. Тамыздың 23 – інде майдан шебі Сталинградқа келіп тірелді. Сталинград бағытында Германия мен оның одақтастарының қару – жарақтардың барлық түрімен жақсы жарақталған, 6 далалық армиядан құралған 14 дивизиясы тұрды. Қаланы Қызыл Армияның 62 (қолбасшысы – генерал – лейтенант В.И.Чуйков) және 64 (қолбасшысы – генерал – мойор М.С.Шумилов) армияларының бөлімдері қорғады. Қаланы қоршауға шұғыл түрде жұмысшы және халық жасақтары тылдағы бөлімдер ұйымдастырылды. 1945 жылы 25 тамызда неміс әскерлері батыс жақтан Сталинград түбііне жетті. Сталинград майданы құрылып, қалаға тың күштер жіберілді. Қалаға жақын жерлерде қорғаныс шептері салынды. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал – полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда армия генералы Г.К.Жуковты көмекке жіберді. Гитлершілдер қалаға солтүстік жағынан ғана емес, оңтүстік тұстан да басып кірді. Неміс – фашист әскерлері қаланы шабуылмен алмақ болып, қатарынан төрт рет әрекет жасады. Кеңес әскерлері қыркүйектің басында екі рет қарсы шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушылардың жағдайын едәуір жеңілдетті. Жау әскері біршама шығынға ұшырағанына қарамастан, 13 – 15 қыркүйекте Волга (Еділ) шебінде шабуылды қайта үдетті. Қыркүйектің 15 – іне қараған түнде қорғаушылар жағдайының нашарлағаны соншалық, әрбір үй қамалға айналып, оның әр қабаты үшін табанды күрес жүрді ....
Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Адамның туғанынан бастап өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен, балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сынды көптеген діни рәсімдер мешітте орындалады.