Зарина Саутбаева

Зарина Саутбаева — биомедик - ғалым, Назарбаев Университетінің оқытушысы, биология магистрі, Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес ұйымы (UICC) грантының иегері. Ол Манчестер Университетінің (University of Manchester) түлегі болып табылады, Швейцарияның Базель қаласында және АҚШ-тың Бостон қаласындағы Гарвард медицина мектебінде, тағылымдамадан өтті.
Жас ғалым биомедицина ғылымын жан-жақты оқып-үйренуге бар күш-жігерін салып, рак жасушыларының дамуын, қатерлі ісіктің диагностикасын, сонымен қатар оған қарсы күрес тәсілдерін зерттеді. Алған білімі және жинақтаған тәжірибесімен бөлісу мақсатында, Зарина Саутбаева Дипломатия Мектебінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында ол өз білімін ортаға салып, ғылыми эксперимент: ақуыздарды ыдырату, жасуша ядросын ашу және өз ДНҚ шығаруды көрсетті. Заринаның әңгімесін қызыға тыңдаған жас буын, өздерінің сұрақтарын қойып, барынша мол ақпарат алуға тырысты. Бұл кездесу оқушыларға түрлі ой салып, жаңа мақсаттардың қойылуына өз үлесін тигізгені сөзсіз. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Зарина Байкенова Талғатқызы (1993 жылдың 24 тамыз)

Зарина Талғатқызы Байкенова — 1993 жылдың 24 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол – педагог-хореограф, актриса, Қазақстан халықтарының Атырау облыстық Кіші ассамблеясының мүшесі, "Атырау балет" хореографиялық мектебінің директорының орынбасары. Хореография бойынша халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты.
Фильмдері
2011ж. - "Запрещённые танцы" - "Лия" (режиссер - Есболат Беделхан (Орда тобы) және Анар Жунусова[1])
Видеография
2011 ж. - "Каракоз" - Тел коныр (режиссер Анар Жунусова)
2012 ж. - "Асыл жаным " - Алмас Кішкенбаев (режиссер Жандос Айбасов)
2010 ж. - Kcell компаниясына арналған жарнамалық ролик "Дари любовь всем влюблённым" (режиссер Сәкен Жолдас)
2015 ж. - "Helios - солнце наших дорог" атты жарнамалық ролик (режиссер Арман Хайруллин)
2014 ж. - "London time " атты жарнамалық ролик (режиссер Исабек Абуталиев)
Мансабы ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Барған жерінде алдына табақ-табақ ет тартатын отандық өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі?

"Шоу-бизнестің заңы қатал. Толысып, артық салмақ қосқан жұлдыздарға жол жоқ". Мұны тіпті әнші қыздар ғана емес, жігіттер де растайды. Өнер үшін жан пида дейтін жұлдыздар сахнаға сәні мен сымбаты келіскен болып шығу үшін қандай қадамдарға барады? Бұл сұраққа жауапты 31 арна іздеді.
Жаңалықтар
Толық