Экономика | Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы

Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты факторға тәуелді. Олар:
1.Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2.Еңбек ресурстарының сапасы мен саны ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы

Кіріспе
Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа мемлекеттік экологиялық саясат жасалып нақты іс жүзінде асырылуда. Оның мәні экономика, заң орындары және жалпы қоғам сияқты ықпал ету мен өмір әрекеттестігінің бір қатар салаларын экологизациялау арқылы еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізу.
Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары жасалған және біз нақты экологиялық мәселелерді шешуге бел шеше кіріскенімізді нық сеніммен айтуға болады.
Ірі өзен алаптарының техногендік қалдықтармен ластану қарқындылығының артуы, соңғы уақытта ең қиында күрделі мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Шығыс Қазақстан өзендері Республика бойынша өте қатты ластанған өзендерге жатады.
Қоғамның қазіргі таңдағы даму жағдайларындағы ластанудың негізгі көздері мыналар болып саналады.
• өнеркәсіптік мекемелер
• жылу беруші қондырғылар....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі мен маңызы

Кіріспе
І бөлім. Балалардың мемлекеттік символдар туралы когнитивтік қатынасы
1.1 Париоттық тәрбиедегі конгитивтілік мәселесі
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір суріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилері

Кiрiспе
Екінші деңгейлі банктердің экономиканың негізгі салаларын дамытуды ынталандырудағы ролі ерекше,олардың несиелерінің көмегімен бүгінгі таңда көптеген коммерциялық жобалар жүзеге асырылып, шағын және орта кәсіпорындар ашылуда. Қазіргі таңда экономиканың барлық салаларына несиелер көптеп беріліп, ел экономикасының қарқынды дамуына өз үлесін қосуда. Несиелiк жүйенiң негізгі буыны xaлық шаруашылығына тiкелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын дербес банктiк мекемелер тобынан құралады. Сондықтан да Екінші деңгейлі банктер әртүрлі коммерциялық қызметтер көрсете отырып, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, кіші кәсіпкерлік субьектілерін, ауыл шаруашылығын және әртүрлі экономикалық секторларын несиелеуіне тікелей әсер етеді. Кез-келген елдің қаржылық жүйесінде коммерциялық банк негізгі несие мекемесі ретінде саналып, халық шаруашылығы мен өндірісті дамытуға өз үлестерін қосады. Банктер өз кезегінде коммерциялық, кооперативтiк және акционерлік банктер сияқты түрлерге бөлінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика| Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану

Кіріспе.
Дүние жүзі елдері өмір сүруді қамтамасыз ету, тіршілік әрекетінің барабар және тиімді амалдарын қолдану проблемаларын шешуге деген өз ұмтылыстарында өркениеттін көш-керуеніне тартылған. Әлем дамуы жағынан бүгінде кең спектрді қамтиды, ол жоғары дамыған және дамушы елдерден, бай және кедей халықтардан тұрады.
Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзін бұл қатардан дербес көрсете алмады.Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың алдында ол дербес мемлекет болып қалыптаса ала ма,егер солай болса ,онда оның орны қайда болуы керек деген тұрғыда таңдау жасау міндеті тұрды.
Қазақстан әу бастан-ақ өзінің дамуында меншіктің негізгі нышандарымен қабысқан және өзара ықпалдасқан бәсекелестікке негізделген әлеуметтік бағдар ланған экономикаға қол жеткізуді мақсат ететіндігін жариялады.
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсетілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқаның айқындады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы тұтыну бағалары

Кіріспе.
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстардың зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін жеке қандай бағамен алғысы келетінін дер кезде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс - әрекеттері «микроэконмиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда егер А,В,С тауарлар құрамы берілген болса, олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Туризм | Қазақстандағы туристік фирмалардың жарнамалық қызметтері

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының актуальдығы. Саяхаттық фирмаларда жарнама маркетигтік стратегияларды таратуда маңызды роль атқарады. Саяхатты жарнамасыз елестету мүмкін емес. Ол қоғамда мәдениетті және психологиялық жағдайға әсер етуді көрсетеді. Саяхат индустриясында жарнама болашаққа деген сенімділік пен тұрақтылықты, қызметкерлердің еңбек ақысын, қаржысынының өсуін көбейтеді.
Біздің көз алдымызда саяхаттың таралу үрдісі өтуде. Бұған біртіндеп Қазақстан да тартылуда. Саяхат біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Қазақстандағы саяхаттың өсуі біраз міндеттермен обьективті түрде байланысты: бұлар, біріншіден, ұлттық байлықтың өсуінің негізгі факторы және ұлттың өмір сүруінің жақсаруы, екіншіден, тұрғындардың жұмыссыз болмауын қамтамасыз ететін фактор, жұмыс күшін ұсынатын қабат, үшіншіден, халық тұтынуына қажет тауар өндірісі, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, байланыс, көлік сияқты экономика салаларының дамуының қуатты стимулы.
Мемлекет басқаруына байланысты саяхат Қазақстан үшін әлемдік сауда орталығына ашылған «терезе» болар еді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Қазақстандағы салық жүйесінің негізгі құрылымдары

Кіріспе.
Салық мәселесi мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс.Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп,дамуының негiзi болып табылады.Адамзат дамуыныңбүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi,игерiлдi,мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi.Мемлекет құрылымының өзгеруi,өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен,жаңаруымен қабаттаса жүредi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қазақстандағы пайыздық саясатты

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық