Менеджмент | Қазақстандағы туристік фирмалардың жарнамалық қызметтері
Зерттеу тақырыбының актуальдығы. Саяхаттық фирмаларда жарнама маркетигтік стратегияларды таратуда маңызды роль атқарады. Саяхатты жарнамасыз елестету мүмкін емес. Ол қоғамда мәдениетті және психологиялық жағдайға әсер етуді көрсетеді. Саяхат индустриясында жарнама болашаққа деген сенімділік пен тұрақтылықты, қызметкерлердің еңбек ақысын, қаржысынының өсуін көбейтеді.
Біздің көз алдымызда саяхаттың таралу үрдісі өтуде. Бұған біртіндеп Қазақстан да тартылуда. Саяхат біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Қазақстандағы саяхаттың өсуі біраз міндеттермен обьективті түрде байланысты: бұлар, біріншіден, ұлттық байлықтың өсуінің негізгі факторы және ұлттың өмір сүруінің жақсаруы, екіншіден, тұрғындардың жұмыссыз болмауын қамтамасыз ететін фактор, жұмыс күшін ұсынатын қабат, үшіншіден, халық тұтынуына қажет тауар өндірісі, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, байланыс, көлік сияқты экономика салаларының дамуының қуатты стимулы.
Мемлекет басқаруына байланысты саяхат Қазақстан үшін әлемдік сауда орталығына ашылған «терезе» болар еді. Саяхат қоғамның дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық сфера ретінде оны жақсылап ұйымдастырып және басқарса қоғамның дамуындағы экономикалық байланыстар, сауда механизмдері мен мақсаттары әлеуметтік бағытын өзінде жақсы сіңіре алады. Сонымен қатар саяхаттың әлеуметтік және саудалық аспектілері оның таралуына салыстырмалы түрде мақсаты мен қаражаты болып табылуы керек. Әлеуметтік бағытталған тұрғыда осы екі сатыны дұрыс пайдалана білу керек: адам көзқарасына қызмет ету және макроэкономикалық табыстар алу.
Қазіргі кезде Қазақстан туризмі талап етілетін халықаралық стандарттардан кейін қалуда. Қазақстан туризмінің сауда жүйесі тиімді жұмыс істемейді. Бұл келесі салдармен түсіндіріледі:
- әлеуметтік экономикалық және саяхаттық инфрақұрылымның әлсіздігі,
- шет елдік инвестициялар ағындарының көбеюіне жағдай жасалмауы,
- мамандардың жетіспеуі, мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесінің тиімсіздігі,
- туризм индустриясында мемлекеттің қазіргі бақталастықта туризмнің құқықтық, ұйымдастырушылық, инновациялық және экономикалық негіздерінің жетілмеуі.
Осы проблемалардың көптеген бөлімдері ғылыми-теориялықпен қатар тәжірибелік шешімдерді талап етеді. Көрсетілген салалар мемлекеттің туристік зерттелетін проблемалардың қиындықтары мен көптеген аспектілері ғылыми қайта қарауды талап ....
Курстық жұмыстар