Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату, Ата - бабамыз мүшел жасты ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын, астрономиялық және математикалық теория тұрғысында ұтымды екенін дәлелдеу. Міндеттері: Жыл санау мен мүшел жасты жіптей білу, жасқа сипаттама беру Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Мүшел жас ұғымына үңіліп, құпиясын түсіне білу, қашанда өзекті мәселенің бірі болмақ. Болжам: Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек, адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік. Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену – сенбеу әркімнің өз еркінде дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз. .....
Ғылыми жобаның тақырыбы: Мүшелде бар жұмбақ сыр Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату, Ата - бабамыз мүшел жасты ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын, астрономиялық және математикалық теория тұрғысында ұтымды екенін дәлелдеу. Міндеттері: Жыл санау мен мүшел жасты жіптей білу, жасқа сипаттама беру Өзектілігі: Заман өзгергенмен халықтың сенімі құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Мүшел жас ұғымына үңіліп, құпиясын түсіне білу, қашанда өзекті мәселенің бірі болмақ. Болжам: Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек, адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік. Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену – сенбеу әркімнің өз еркінде дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз. Дүние жүзінде шығыс күнтізбесіне қызығушылық артып келеді. Бұл оның өміршіл және сұранысқа сай екендігінің белгісі. Сондықтан, мүшелді ғұмырнама компасы ретінде күнделікті тұрмыста пайдалануға әбден болады. Мерейтойларға себеп болып жүрген дөңгелек даталар нөл мен 5 - ке аяқталғанымен, олар өмір кезеңдерінің сырын ашпайды. .....
1. программасын іске қосамыз; 2. Бағандардың енін кішірейтеміз: 2.1. Бүкіл Лист1 парағын ерекшелейміз. Ол үшін А бағананың сол жағындағы (сурет 1) сұр тіктөртбұрышта тышқанды шертеміз. Сонда бүкіл Лист1 парағы ерекше Сурет 1 2.2. Ұяшықтардың енін 2-ге тең етіп аламыз. Ол үшін кез-келген баған атында тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Ашылған контестік мәзірден «Ширина столбца» қатарын таңдаймыз (сурет 2). Сонда ашылған сұхбат терезенің «Ширина столбца» өрісіне 2 мәнін береміз де ОК батырмасын шертеміз (су Сурет 2 Сурет 2 Сурет 3
3. Сөзжұмбаққа сөздер енгізу: 3.1. Тігінен кілттік сөз жазамыз; 3.2. Кілттк сөздің әрбір әрпіне мағыналас көлденең сөздер жазамыз; 3.3. Көлденең сөздерді нөмірлейміз (сурет 4); 3.4. Құрылған сөзжұмбақ аймағын ерекшелейміз. Ерекшелеу үшін Ctrl пернесін пайдаланамыз (сурет5) ....
Ғылыми жұмыстың міндеті: ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру Жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан – жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан – ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады; Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі......
Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән - мағынасының артып отырғандығында. Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер, т. б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы. Жұмбақтар жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жұмбақтарды пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді. .....
КІРІСПЕ Тақырыптың зәрулігі. Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өткен өміріне көз салғанда, оның рухани дүниесінде ауыз әдебиетінің – фольклордың орны айырықша болғаны айқын аңғарылады. Жазу-сызуы, оқу мектебі, театры кенделеу қоғамда ұлттың рухани сұранысының алуан қырлы, сан түрлі мұқтажын фольклор арқалаған. Фольклордың тағы бір өзгеше қасиеті - халықтың дағдылы тұрмыс-салтымен, ғұмыр-тіршілігімен тонның ішкі бауындай ажырамайтын бірлікте болуы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәтінен бастап дүниеден көшкенге дейінгі аралықтағы халықтың сан сала әдет-ғүрпында, салт-дәстүрінде өлең-жырдың, өрнекті сөздің араласпайтын тұстары кемде-кем. Фольклордың қоғамдағы ықпалы пәрменді, атқарар уәзипалары қаншалықты тармақты болса, оның түрлері мен жанрлары да соншалықты мол. Халық мұраларының үлкен бір бұтағы - жұмбақтар. Жұмбақтар телегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады. Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары турасында бұрынырақта жүргізілген зерттеулерді былай қойғанда, тек XX ғасырдың соңғы ширегінде ғана қыруар жұмыстар атқарылды. Эпос, дастан, айтыс, халық өлеңдері, арбау өлеңдері, халық прозасы, күй аңызы хақында Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Р.Бердібай, Ш.Ыбыраев, О.Нұрмағамбетова, С.Садырбаев, Н.Төреқүлов, М.Жармұхамедов, Б.Әбілқасымов, А.Сейдімбек, Б.Әзібаева сынды ғалым-зерттеушілердің арнаулы зерттеулерінің жазылуы соны растайды. Дегенмен ұлттық фольклорлық көмбелерімізді ақыл-тақыл тексеріп болдық деуге әлі ертерек. Фольклордың қанша қарастырылып, зерттелгенімен кезінде назарға ілінбеген, еленбеген, түпкілікті шешілмеген тың, соны мәселелері жетерлік. Бір кезде сөз болғанымен жаңа методология тұрғысынан, ғылымның соңғы жетістіктері биігінен уақыт өте келе қайта оралып, тағы зерттелуді тілейтін мәселелерінің де туындап отыруы зандылық. Ғылымның бір орында тұрып қалмай, үнемі қозғалыста толысып, жетіле түсуі теориялық деңгейінің тереңдеуімен кіндіктес. Жұмбақтың ауыз әдебиетінде, жалпы ұлтымыздың рухани өмірінде алатын орны мен маңызын айқындау осы еңбектің көтерер жүгі. Бұрын-соңды жұмбақ жайлы жазылған пікірлерге шолу жасап, саралай отырып қастерлі мұрамыздың жиналу, басылу тәжірибесін қорытындылап таразылайтын кез жетті деп санаймыз. М. Әуезов 40-жылдардың өзінде-ақ: «Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Бұл жақтарын тексеріп, тану да ғылыми міндет» - деп, оның көркемдік құнарлығына, бейнелігіне үңілудің қажеттігін айтқанымен, күні бүгінге дейін бұл мәселе қозғаусыз қалды. Жұмбақ бізді тек ұшқырлығымен ғана емес, әр түрлі құбылыстарды берудегі икемділік пен дәлдік, сезімге әсерлігімен, оралымдығымен сүйсінтеді. Сол себепті жанрдың бейнелеу тәсілдері мен көркемдік құралдарына тоқталып, нақты талдаулар жасау арқылы эстетикалық тегеурінін көрсетпекпіз. Жұмбақтағы халық өмірінің бейнеленуін, яки оның шындықпен астасқан тұсын, поэтикалық құрылымын, басқа жанрлармен қарым-қатынасын айқындау қажеттілік болып табылады. Әрбір жанрдың даралық белгісі, өзіндік қасиеті стильдік айшықтарынан айқын бой көрсетеді. Сондықтан жұмбақтың жанрлық ерекшелігін бажайламақ болсақ, оның поэтикалық, стильдік сипаты мен өлеңдік-ырғақтық түзілімін, бейнелеу кестелерін айналып өте алмаймыз. Күні бүгінге дейін жұмбақ тек сөз өнері тұрғысынан ғана зерттеу өзегі болып, оның қазақтың ескі наным-сенімімен, тұрмыс-салтымен тығыз ұштасқан қырлары толық ашылмай келді.....
Актрисаның аты актриса емес пе, ол көкейіндегісін көздеген жеріне тигізіп, сөзінің соңын көтеріңкі, салтанатты дауыспен аяқтады. Шындығында үнінде толқу мен салтанатты шаттық бар еді.
Өкінішке орай, соншама жар салып, ауыз толтыра мақтағаны нәзік келген қарапайым, жасы егде тартқан кәрі қыз болып шықты.
Джейн арқылы әлгінде ғана жаңағы әйелмен танысқан қыз бен жігіттің көздерінен көңілдері толмаған қомсыну мен толқу сезіледі. Екеуі де келбетті. Қыз, Чармиан Страунд, қараторының мүсіндісі де, жігіті, Эдвард Росситер, ақ сары шашты, жылы шырайлы еңгезердей жас екен.
Чармиан ентігін баса алмай: «Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын»,— деді. Бірақ көзінен күдік байқалады. Ол Джейн Хелиерге мұның қалай дегендей бір қарай қойды.
— Қымбаттым-ау,— деді Джейн әлгіге жауап ретінде,— бұл өте тамаша кісі, бәрін сол кісіге сеніп тапсыp. Осы жерге алып келемін деп едім ғой саған, айтқанымды орындадым. Енді ол Мисс Марплға бұрылып: «Бұлардың. шаруасын реттейсіз, оны білемін. Бұл сізге түкке де тұрмайды»,— деді.
Бұрынғы өткен заманда бір үлкен патша болыпты. Онын атын Сұлтаншын дейді екен. Патшаның үлкен уәзірі бар, оның аты Мералі екен. Күндердің бірінде патша аң аулауға шығады. Жүріп келе жатса, патша қыздың баушарбағына кез келіпті. Шарбақтан қызды көреді. Әйелдікке алуға қызығып, патша қызға елші жібереді. Маған қыз тисін, дейді. Оған патша қыз айтады: «Егерде патшаңыз мені өзін жамағаттыққа аламын десе, менің ол патшадан сұрайтын сауалым бар, – дейді. — Егерде сауалыма жауап берсе, тиемін, болмаса тимеймін» – депті. Менің сұрайтын сауалым мынау......