Кім едің сен?!

Кім едің сен?!
Арқамнан күлетін.
Кім едің сен?!
Алдымды кесетін.
Кім едің сен?!
Жабырқатып жүретін.
Кім едің сен?!
Күліп тұрып....
Өлеңдер
Толық

Алланың сынағы.....

Аязды күн......
Жүректерді жылатқан биязы күн.
Қайғылы күн.......
Бес бүлдіршін өліп кеткен қараңғы түн.
Ақшаның жетегіне ерген ата анасы,
Қайғыдан қан жұтқан түн.
Бәрі кетті...
Өлеңдер
Толық

Жүрек приступінің болатыны жайлы 1 ай бұрын білуге болады

Білетін боларсыздар 21 ғасырда өлімнің көбісі жүрек ауруынан.

✅ 1) Шаршау

Қан тамырлары жіңішке болып тарылғанда, сіздің жүрегіңіз өзіне керек мөлшердегі қанды ала алмайды. Ал бұл жүректің күшін әлсіретеді. Ең бірінші белгі — Мәңгілік шаршау және ұйқы келіп есіней беру.

✅ 2) Тыныс алу жолдарының қалыпсыздығы

Егер жүрегіңізге қан аз мөлшерде келетін болса, Өкпеңіз керекті мөлшерде кислород ала алмагандыгы. ......
Кеңестер
Толық

Жүрек қан тамыры ауруларынан арылудың 3 тәсілі

Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады. Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр. ......
Кеңестер
Толық

Ветеринария | Жүрек ұлпасының жіктелуі және құрылысы

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Қан тамырлар жүйесі: қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын
қамтамасыз етеді; мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп жалпы дененің қызметіне әсерін тигізеді; оттегіні жасушаларға, олардан көмір қышқыл газын өкпеге тасымалдайды; тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды
сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот т.б.); жылудың, су мен минеральды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды; қорғаныс қызметін атқарады.
Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы — жүрек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветериная | Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары

Кіріспе
Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Жүрек - Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі

Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы.
Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.
Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина.....
Курстық жұмыстар
Толық

Талап Сұлтанбеков | Жүрек тулайды

.Профессор Садықов лабораторияға қабағы түксие кірді. Бұрын жұртпен жайдары сәлемдесетін ол бүгін тек басын изеп, үстіндегі болонья плащын шешпестен өз кабинетіне өте шықты. Бионикалық микротолқындарды зерттейтін «МТ-6» аппаратының жұмысын тәртіптеп, оны кезекті сеансқа дайындап тұрған аспирант Қайрат Саурықов профессордың кескінін көріп, аздап абыржып қалды. «Бүгінгі сеансқа тиым салмаса не қылсын»,— деп ойлады ол ішінен. Әйтсе де сыр бермей өз ісімен айналыса берді.

Ұзынша келген бөлменің ішінде үш адам бар. Әрқайсысы арнайы биотәжірибелерге лайықтап құрастырылған аспаптардың қасында тиісті жұмыстарын шұқылап үн-түнсіз қалды. Аға лаборант Жәмила Дәулетова жұлдыз құрттардың бір нешеуін колбаға салып токпен тітіркендірді. Құрттар бірінен соң бірі ыршып қарғып шығып жатыр. Қайрат «МТ-6» аппаратын жинастырды да токқа қосты. Қолына кәдімгі микрофонды ұстап Жәмила деп өте ақырын сыбыр етті. Оның дауысы аппараттың тырсылдаған дыбысына сүңгіп естілмей қалды. Дегенмен Жәмила жалт бұрылды.

— Қайрат, сен маған бірдеңе дедің бе?

— Жоқ,—деп жауап берді Қайрат.

Қайрат «МТ-6» аппаратын жоғары жиіліктегі токқа қосты да, басына радиоқұлақшынды киіп алды. Оцилографтан қызыл күрең жолақтар көрінді. Бұл оның миындағы биотолқындардыц экрандағы көрінісі. Қайрат Жәмиламен ойша сөйлесе бастады.

— Жәмила, сен маған дос едің ғой. Мен профессордың қабағынан қорқып қалдым. Сен мені естисің бе? Маған бұрылшы қазір.

Жәмила кері бұрылды да, жымиып күлді.

— Қорықпай-ақ қой. Садықов түнімен ғылыми советке баяндама әзірлеген. Бәлкім ұйқысы қанбаған шығар.

Жәмила бұл сөздерді күлімдеп тұрып ойша айтты. Бірақ Қайрат радиоқұлақшыннан анық естіді. Ол қуанып кетті. Бұлардың сөздерін бөлмедегі үшінші адам естімеген еді.

Қайрат университеттің биология факультетін бітіріп, биофизик мамандығын алған-ды. Аспирантураға тускеніне екінші жыл. Алған тақырыбы «Биотолқындардың түрлі адамдар организміндегі үндестігі». Биотолқындар жөніндегі көп жәй ғылымға бұрыннан да белгілі. Ол адам организмінде шағын мөлшерде пайда болып, білінер-білінбес магнит өрісін тудырады. Бар болғаны осы ғана. Алайда кейбір шет елдерде парапсихология деген ғылым бар. Бұл ғылыммен көптеген ғалымдар шұғылданады. Арнайы журналдар шығып тұрады. Бұл жөнінде «тоқсан тоғыз» ғылыми еңбектер де жазылған. Бірақ біздің ғалымдар мұның барлығын құр шимай деп ұғады. Расында да сенер-сенбесіңді білмейсің. Шет ел ғалымдарының ойынша адам организмі, дәлдеп айтқанда орталық ми қабығы шоғырланған биотолқындар шығарады. Ол бөгде бір адамға әсер етеді. Тіпті әлем кеңістігіне тарайды. Қашықтық талғамайды дейді. Бұл бұл ма, олардың айтуынша кейбір қабілетті адамдар көзден ұшқындайтын пікір толқындар арқылы біршама жерде тұрған жеке заттарды орнынан қозғауы да мүмкін екен. Тұтқасынан тартпай-ақ есікті де ашып жіберуі ғажап емес. Әрине, бұл бос сөз делік... Адам миында пайда болатын магнит өрісінің күші ұлпа жүнді де ұшыра алмайды. Дегенмен... .....
Әңгімелер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Үлкен жүрек

Таңертеңгі қоңырау соғылды. Класқа жапырлай кipген балалар тегіс орындарына отырды. Мұғалім келгенде олар әдеттегідей орындарынан тұрып қарсы алды. Кіріп келе жатып-ақ мұғалім Жанардың көзі алдыңғы партада бір баланын. жоғын байқады. Класс іші күрек тісінің бірі түскен кісінің аузы сияқтанып омырайып қалғандай. Тары Нұрлан жоқ. Мүмкін тағы да кешіккен болар. Бірінші кластан бері оқытып келе жатқан төрт жылдың ішінде Нұрланнан мұндай нәрсе байқалмап еді. Нұрлан кеше де, бұрнағы күні де сабақ басталып кеткен соң келді. Жанар оны тұрғызып қойып, неге кешіккенін сұрап еді: ол үндемеді, ештеме айтпады: «Кешігіп қалдым, кінә өзімнен» дегеннен артыққа бармады. Жанар бұл сабаққа да даярланбаған шығар деп сұрап көріп еді, сабақтың бәрін айтып берді. Үйге берілген жазу, есеп жұмыстарын да тап-тұйнақтай етіп орындапты. Барлығы да әдеттегіден бес қоярлық.

Мұғалім ойға қалды. Үйінде басқа жағдай болып қалды ма екен? Бірақ ондай кірбің шәкірт қабағынан байқалмайды. Тіпті осыдан үш күн бұрын ғана Нұрланның әкесі де, шешесі де Жанарға келіп жолығып кетті. Мұғалім осындай ой үстінде отырып балаларды түгендеп, тізімнің аяғынан шыққанын да білмей қалды. .....
Әңгімелер
Толық