1945 жылы мамырдың 9-ында Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды. Сондықтан да осы күнді халықтар жыл сайын мейрамдап келеді. Біздің қазақтар соғысқа қатысып, ерлік көрсетті.......
Шүйінші, халқым, шүйінші! Шүйіншіге сүйінші! Шаттан, ата-анамыз, Шаттан, ата-бабамыз, Кек қайтарып фашистен, Соғыс бітті жеңіспен, Жеңдік жауды күресте Жасалсын той-мереке! (Т. Жароков) Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,жетпіс екі жыл толмақ. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды. Соғыс деген сөздің өзі қандай суық десеңші. Өйткені, соғыс адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. ......
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар арасында болған. Бұл соғыс екінші дүниежүзілік соғыс болып саналады. Ұлы жеңіс Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 73 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңісті біз ұмытпаймыз. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы......
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Ата – бабаларымыздың, ержүрек батырларымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға.......
Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы. Сол соғыста ұрпақтарын қорғау үшін, жерін аман алып қалу үшін майдан алаңына аттанды. Сол бір сұрапыл 1941- 1945 жылдар біреуді қарындастан, біреуді ағадан, енді бірін ініден, өзгесін әкеден, анадан, туған-туыстардан айырды. Ызғарлы соғыс бәрін.......
Жеңіс Омаров (Zheka Fatbelly ) – қазақстандық блоггер, актер, рэпер және ресторатор. Өмірбаян Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған. № 24 орта мектепте, одан кейін Төле би атындағы № 8 гимназияда оқыды. Кейін Алматыға көшіп келді. Біраз уақыт КВН командасында ойнады. Алматыда Менеджмент университетінде оқыды. Жеңіс Instagram-дағы өз вайндар арқасында танымал болды, қазіргі уақытта оның парақшасында 1,9 миллионнан астам жазылушылар бар.Қазақстанның ең танымал блогерлерінің қатарына кіреді. 2016 жылдан бастап ол фильмдерде түсе бастады. Ол «Алаңдар» (2016, реж. Ақан Сатаев), «Наурыз» (2017, реж. Асқар Бисембин), «Ақылды әйелдер күнделігі» (2019, реж. Эдил Амандық), «Q-Jeri» (2019) фильмдерінде ойнаған. 2018 жылдан бастап ол бірнеше рэп және хип-хоп әндерін жазды: «F. A. T.», «Будь со мной», «Раздевайся», «Вкусная», «Повелась», «Гетеросексуал», «Супруга и супруг», «Не найду», «Магия».....
Жеңіс Сейдоллаұлы (1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры (2016 жылдан). "Құрмет" орденінің иегері. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы (2007). Жеңіс Сейдоллаұлы 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1978 - 1982 жылдары Шымкент музыка колледжінің "Хор дирижері" мамандығы бойынша бітірген. 1983 - 1985 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "Эстрада - вокал" мамандығы бойынша бітірген. 2000 - 2005 жылдары Тараздағы Әулие ата университетінің «Экономика және менеджмент» факультетін бітіріп, экономист мамандығын алған. 2012 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық өнер" факултетінің магситратурасын бітірген. "Өнер шебері" академиялық дәрежесін алған ....
Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірә да?! Мұхтар Әуезов
... Соғыс деген, сойқандардың қолындағы найзасы, Қолданады, долданады, таусылғанда айласы. Соғыс деген, соғыс деген – зұлымдықтың айнасы, Біреулердің шығыны да, біреулердің пайдасы, - деп қарғыс атқыр соғысқа сипаттама бере отырып , оның жағымсыз әрекеттерін жырлаған поэзияның Хантәңірі Мұқағали Мақатаев «соғыс» сөзінің толық мағынасын ашты. Аталарымыз бен апаларымыз осындай алапат сойқанда рухын жүдетпеуге бекініп бар күшін жұмсады. Аталарымыздың ерлік рухы грек ертегісіндегі Прометейді есіме түсіреді. Адам баласына жақсылық жасауын ізгілік іс деп ұғынған, сол жолда алған бетінен қайтпаған әкелеріміз бен аналарымыздың әр күні теңдесі жоқ ерлікке толы еді. Олар от пен оққа қарсы тұрды, жеңіске жететін жолын тапты. Қара нар өлерінде боздап өледі, дегендей әкелеріміз бен аналарымыз ұрпағын жаңа ғасырға жетелеуде шыдамдылық пен қайсарлығын өнеге ете білді. Өнегелі өмірін үлгі етерлік Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік – жігер танытқан қос қарлығаш біздің мәңгілік жүрегімізде сақталады. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов атамыз болса, аты аталмай ,ерлігі жазылмай қалған қаншама боздақтар, десеңізші......
Жеңіс Ермағанбетқызы Ысқақова (1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте туған) — эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).
Жеңіс Ермағанбетқызы 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте дүниеге келген. 1982 жылы Сырдария ауданындағы орта мектепті бітірген. Мектептің іс-шараларына ол белсенді түрде қатысып отырған. Облыстық, аудандық әншілер байқауларына қатысқан. 1984 жылы Сырдария ауданыдық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі әрі композитор Рамазан Тайманов құрған ансамбль солисті болып алғашқы еңбек жолын бастаған. 1985 - 1987 жылдары (бұрынғы Алматы эстрада-цирк училишесі) қазіргі Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "эстрада" мамандығы бойынша Қазақ КСР халық артисі, мемлекеттік сыйлық иегері, профессор Лаки Константинович Кесоглудың классын бітірген. 1987 жылдан Гүлдер ансамбльінде өнер көрсетті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Ансамблінің солисті. Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің солисті. Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің солисті.....