Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау 7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау Сабақ мақсаттары: Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатын талдау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Тәуекел ханның кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайын сипаттап, хандықты нығайтуда Тәуекел ханның саяси бағытына талдау жасау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?1-сабақ Оқу мақсаты: Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау Сабақ мақсаты: Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4 A Ғұндар Сабақ тақырыбы: Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді? Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады Оқушылардың басым бөлігі: тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді. Кейбір оқушылар: тарихи кезеңдердің негізгі ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады.
Біздің туып-өскен жеріміз - Қазақстан Республикасы, көне заманнан басталатын тарихы бар аса бай ел. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптерден қорғап келеді. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн.196 мың 164 адам қару асыеып, майданға аттанады. Соғыс жылдары Қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ берілді. Соның ішінде 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон кейіннен дивизия командирі болған Б.Момышұлы, М.Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды. Б.Момышұлы соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ генерал-майор Иван Василивич Панфиловтың шақыруыменен 316-атқыштар дивизиясын жасақтауға белсене қатысады, батальон басқарады. Мәскеу түбіндегі шайқастарда көзге түсіп,ерлігі елге кең тарады.5 рет жау қоршауында қалып, табан тірескен ұрыс жүргізе отырып дұшпан шебін бұзып шыққан бұл ержүрек батальонды генерал Панфилов ендігі жерде дивизия командирінің резерві етіп ұстауға ұйғарды. Соғыста 5 рет жау қоршауын бұзған, 27 тактикалық әскери жаңалықты енгізген 117 рет шайқасқа кірген........
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы: Қазақстан жерінде металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру Сабақ мақсаттары: Метал өндірісінің дамуының ежелгі адамдардың өміріне тигізген өзгерістері туралы суреттерден, бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Қазақстан жерінен табылған тас дәуірінің ескерткіштері туралы мәліметтермен жұмыс жасай отырып, тас дәуірінің ерекшеліктерн білу.
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты Сабақ мақсаттары: Тас дәуіріндегі Қазақстанда табылған тұрақтарды анықтап, археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін білу, қазақстандық археологтармен танысу
Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны-елдік Мұхтар Әуезов Қазақ халқында жерін жаудан, елін езгіден, қызын күндіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлар көп болған. Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен көңіліндегі мұңы дүниені күңірентті. Тарих толқыны үнемі жаңаланып отырады. Бірақ ұмытылмайтын, ескермейтін, мәңгі сақталатын тарихи оқиғалар болады. Қазақ халқының ерік- жігерін, батырлығын көрсеткен тағы бір оқиға – бұл екінші дүниежүзілік соғыс еді.Сұрапыл соғыс қасиетті қазақ жерінде болмаса да жерлестеріміз шайқаста ерлікпен асқан шеберлікпен көзге түсіп батыр атанды.Төрт жыл бойы қан қақсатқан фашистер патшасы Гитлердің сұмдық саясатына қарсы тұра білген қазақ батырлары бұл жылдары беріспей өліскен емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22- де болған еді. Бұл кездер халқымыздың басына қара бұлт үйірілген жылдар болды. Фашистік Германия 1939 жылдың 23 тамызындағы шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзады. Кеңес одағына қарулы күштерімен кенеттен тұтқиылдан баса көктеп кіріп, бейбіт өмір кешіп жатырған халықтың тыныштығын бұзады. Осылай ешқашан ұмытылмайтын, жер беті қанға боялған Ұлы Отан соғысы басталады. Немістер үшін бұл соғыстың сипаты әділетсіз болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған азаттық соғыс болды. Немістің басшысы Гитлер 1940 жылдың орта кезінде-ақ кеңес Одағына басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталған жоспарды жасауға кіріскен болатын. Олар бұл жоспарда Кеңес Одағына бір мезгілде әуеден және соғыс теңіз күштері арқылы шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа 3-4 ай ішінде «Қауырт соғыс» идеясы 1941 жылдың күзінде аяқтау тиіс еді.......
«Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс өткен екен. Өте бір жан түршігерлік сандар. 4 млрд адам қаза тапқан. 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс.110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген. Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді сарыла халқымыз атандай 4 жыл күтті емес пе? От жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп-қатерге толы болғанынқолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су орнына қан кешіп, жаумен бетпе –бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.......