Ерлік әр жерде емес тар жерде

 Ерлік әр жерде емес тар жерде

Хасанова Жамила
6 сынып №3 «Қазақстанға 30 жыл» атындағы Мектеп-гимназиясы, ОҚО, Кентау қаласы
Жетекшісі: Омарова Клара

Біздің туып-өскен жеріміз - Қазақстан Республикасы, көне заманнан басталатын тарихы бар аса бай ел. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз кең байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптерден қорғап келеді. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн.196 мың 164 адам қару асыеып, майданға аттанады. Соғыс жылдары Қазақстандық бес әскери құрамаға гвардиялық деген құрметті атақ берілді. Соның ішінде 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар.
Оның құрамынан шыққан 28 батырдың батальон кейіннен дивизия командирі болған Б.Момышұлы, М.Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды. Б.Момышұлы соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ генерал-майор Иван Василивич Панфиловтың шақыруыменен 316-атқыштар дивизиясын жасақтауға белсене қатысады, батальон басқарады. Мәскеу түбіндегі шайқастарда көзге түсіп,ерлігі елге кең тарады.5 рет жау қоршауында қалып, табан тірескен ұрыс жүргізе отырып дұшпан шебін бұзып шыққан бұл ержүрек батальонды генерал Панфилов ендігі жерде дивизия командирінің резерві етіп ұстауға ұйғарды. Соғыста 5 рет жау қоршауын бұзған, 27 тактикалық әскери жаңалықты енгізген 117 рет шайқасқа кірген.
Екінші дүниежүзілік соғыс батырдың ақыл парасатын, елдік-ерлік таным түсініктерін, бүкіл адами болмысын бар қырынан жарқырай көрсеткен күрделі кезең болатынды. Халықтың асыл қасиеттерін бойына ана сүтімен әбден сіңірген Баукен өзіне дейінгі қазақ зиялыларының үлгісімен келесі кезеңдегі орыс оқуын соншама қомағайлана оқып, зейінін берсе де, дінін берген жоқ. Олардан ұлттық рух қалай есіп тұрса,интерноционалистігі де ұлтжандылықпен әдемі үйлесіп тұратын. Б.Момышұлының ұғымында бар болмысымен өз ұлтының өкілі бола білу керек. Бауыржан аға бұлт ішінде найзағайдай жалт еткен тұлға болды. Б.Момышұлы шыншыл, тік мінезді, ашық-жарқын жан.
Оның бар ісі халықтың аузында жүр, бар өмірі халықтың көз алдында өтіп жатыр. Ал екінші жағынан бұл тұлға жалпы адам жайлы,шартты түрде болса да қалыптасқан түсінік көлемінде дәл келе бермейтін сияқты.
Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде, мұні ешкім ешқашанда ұмытпайды. Осы жарқын өмірді сыйлаған әке,аға,апкелеріміздің ерлігі мәңгі үлгі. Ұлы Отан соғысы тұсында бар ұлттың батыры атанған Б.Момышұлы бар ұлттың жазушысы.
Оның ерлігі шығармашылық қанатты сөздері батырлығы ұрпаққа үлгі болар үлкен тәрбие. Бауыржан атамыз секілді батыр да ержүрек ұлтжанды, отаның шексіз сүйетін азамат болып өсейік.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру