Жемістер туралы тақпақтар

 Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.



 Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім

Тақпақтар
Толық

Жеміс-жидектер және көкөністер– идеяларды есте сақтау№1 (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын
Сабақтың тақырыбы:Жеміс-жидектер және көкөністер– идеяларды есте сақтау№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру.
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау.
1.2.6.1 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Күрделі айтылымдарды қайталайды.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жеміс-жидектер

Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Негізгі меңгеретін сөздер: Алма, алмұрт, жүзім, анар, өрік, шие
Қолданылатын көрнекі құралдар: жеміс - жидектер суреттері, муляждар, қуыршақ Айсұлу, компьютер, слайд.
Қажетті құрал - жабдықтар: жұмыс - дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірме, сұрақ – жауап, ойын, практикалық
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері
Қайырлы таң! Алтын күн!
Қайырлы таң! Көк аспан!
Қайырлы таң! Жан достар!
Қайырлы таң! Қонақтар!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық