Ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады

Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.

Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Әйелдер 2028 жылдан бастап 63 жастан зейнетке шығады. Ал 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасына жарты жылдан қосылып отырады. Сондай-ақ, көп балалы әйелдерге зейнетке ертерек шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады. "Зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде ақша болған жағдайда әйел зейнетке ертерек шыға алады", - деп толықтырды ол.

Жаңалықтар
Толық

Шәкірттерге жаксы әсер етудің 10 психологиялық әдісі

Шәкірттерге жаксы әсер етудің 10 психологиялық әдісіҚарағанды облысы.Ақтоғай ауданы.
Сарышаған кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің
Ағылшын тілі пән мұғалімі: Гурленбаева Жумабике Ражабовна



Біз ұстазбыз. Ұстаз сабырлы да, салмақты болуы керек.Алдына келген әр бір баланың жүрегіне жол таба алуымыз керек.Ұстаз шәкіртінің жүрегіне жол тапса,оның еңбегі ешқашан бос кетпейді.Бала көңілі өте нәзік.Сол нәзік көңілдеріне қаяу салмай, бар білгенімді балаларға уйретуге көмектесіп келген өзімнің 10 психологиялық әдістерім туралы сөз еткім келеді.Бұл менің 30 жылдық еңбек жолымда жасаған зерттеулерім арқылы келіп шыққан әдістер.
Кеңестер
Толық

Биология | Дәрумен (Витамин)

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол....
Рефераттар
Толық

Мағжан Жұмабаев (Жас келін)

Жаңа түскен жас келін,
Кемпірлерге ас келін.
Орамал-шаршы бермесе,
Абұйырсыз тас келін.
Алғанға қабақ шытпаса,
Сонда болар бас келін.
Жаңа түскен.....
Өлеңдер
Толық

Веб дизайн - сайт жасаудың маңызды бөлшегі

1.1. Веб дизайнның пайда болуы
Веб дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы веб-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Веб жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, веб-беттің.......
Рефераттар
Толық

Сүтті сиырды таңдау

Сүтті сиырды таңдау. Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады.

Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін сол тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдай-ларға ең алдымен жас кезінде азықтандырьш, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырьш, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға......
Рефераттар
Толық

Туған күн (Аға - Мерейтой 70 жас)

Сыр шертіп Көктем жайлы, қыс жайлы
Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды.
Саясына мың түрлі құстар ұя салатын,
Жапандағы ғажайып.....
Құттықтау, тілектер
Толық

Туған күн (Құда - Мерейтой 60 Жас)

Адам - өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан Қадырәлі құдамыздың....
Құттықтау, тілектер
Толық