Мағжан Жұмабаев (Жас келін)

Жаңа түскен жас келін,
Кемпірлерге ас келін.
Орамал-шаршы бермесе,
Абұйырсыз тас келін.
Алғанға қабақ шытпаса,
Сонда болар бас келін.
Жаңа түскен келіншек
Болмайды тіпті еріншек.
Құдайдың берген тоқтығы -
Ac болады ірімшік.
Жас келіншек - тоқ қонақ,
Болмайды тіпті сұғанақ.
Арып-талып жүрсе де,
Ойлайтыны жақсы атақ.
Бұрқыраған дауылда,
Сабап құйған жауында,
Ләм деп бір сөз шығармай,
Жас келін жүрер сауында.
Бірін бірі іздескен,
Қараңғыда көздескен,
«Басым жерге кіргенше,
Жаным - сен!» деп сөздескен.
Жас келіннің күйеуі -
Мұңын ашар сүйеуі.
Кемпірлерге ас келін.
Орамал-шаршы бермесе,
Абұйырсыз тас келін.
Алғанға қабақ шытпаса,
Сонда болар бас келін.
Жаңа түскен келіншек
Болмайды тіпті еріншек.
Құдайдың берген тоқтығы -
Ac болады ірімшік.
Жас келіншек - тоқ қонақ,
Болмайды тіпті сұғанақ.
Арып-талып жүрсе де,
Ойлайтыны жақсы атақ.
Бұрқыраған дауылда,
Сабап құйған жауында,
Ләм деп бір сөз шығармай,
Жас келін жүрер сауында.
Бірін бірі іздескен,
Қараңғыда көздескен,
«Басым жерге кіргенше,
Жаным - сен!» деп сөздескен.
Жас келіннің күйеуі -
Мұңын ашар сүйеуі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мағжан жұмабаев Жас келін өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, келин туралы олендер, келін туралы өлеңдер