Жастарымыз отаншыл болсын
Әрине, ойымызға ең алдымен біз үшін жанын қиған атабабаларымыз еске түседі. Міне осыдан жетпіс бес жыл бұрын Германияның қалың қолы Кеңестер Одағына шабуыл жасаған болатын. Енді кішкене соғыстың қалай басталғанына тоқтала кетсек. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жыл жиырма екінші маусым тарихымыздағы ең ауыр да, қасіретті күн болып саналады. Жиырма екінші маусым күні таң атысымен неміс әскерлері Кеңес Одағының жеріне басып кіреді. Сол кезеңде біз Ресейдің қол астында болатынбыз. Бұл төтенше жағдай еді, сондықтан Кеңес Одағы тез арада оларға жауап қайтару үшін, елін сақтап қалу үшін әскер жинай бастайды. Олар әскерді жан-жақтан жинайды, тіпті Қазақстанға да келеді. Олардың жасына қарамай, күштеп алып кете бастады. Тек ауруға ұшыраған, соның ішінде басқаларға тез жұғып, тарайтын аураларға жеңілдік бар еді.Тіпті кейбір өз балаларын соғысқа жібермеу үшін ата-ана баласын сол ауруға ұшыратқан. Соғыста айдалада өлгенше, өзіміздің көз алдымызда дүниеден өтсін деп санаған. Әрине ата-ана жүрегін түсіну қиын. Қиындықтарға шыдамаған қазақ отбасылары көрші елдерге көшіп кетуге мәжбүр болған. Соғыстан қашып өз өмірін сақтап қалу үшін бәріне дайын азаматтар бар болса да, бірақ оларға қарсы шығуға дайын, кеудесінде жүрегі Отан деп соғып тұрған қыздар мен жігіттер де бар. Соңында қоса келгенде бір Қазақстаннан Кеңестер Одағының әскерінің қатарына бір миллион екі жүз мың адам аттанған. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Майдан даласында алты жүз мыңдай қазақ қаза тапты. Көбісі хабар-ашарсыз кетті. Олардың тіпті денелері қайда қалғанын білмегені туысқандарына қатты батты. Аман-есен оралмаса да, оларды ең болмаса денесін дұрыстап жер қойнына тапсырғысы келді. Бірақ амалдары жоқ. Бірақ соңғы жылдары кейбіреулері қайда жатқанын тауып, денесін Отанымызға әкеліп, туған жердің топырағына денесін тапсырған болатын.......
Шығармалар