Жастарды қолдау – болашақтың іргетасын қалау

«Жастар – біздің болашағымыз.
Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз.»
Н.Ә.Назарбаев

Еліміздің алға қадам басуының негізгі тұлғалары, қараңғы түнекте күн тауып берер жұлдыздары, келер болашаққа ел мәдениетін жеткізушілер – олар әрине жастар. Еліміздің басты байлығы да, болашағы да жастардың қолында. «Жігітті ер қылатын да әйел, жер қылатын да әйел» деген секілді, туған жердің гүл боп өсіп дамуыда, күл боп солып қалуыда жастардың санасынан қорытыла шыққан ой мен істе. Ал сол жастардың гүл болуына үлкен септігін тигізетін халықтың ауызбіршілігі. Бір қара шаңырақ астында жұмыла түйінделген шешімнің асар асуы, жетер белесі де жеткілікті. Ел болашақтарына қол ұшын тигізбеген халықтың жағдайы мұхитқа батқан кемедей. Осы орында жастар, қазіргінің ертеңге бастаған көпірі болса, қолдаудың не қажеті бар? Оқу – білімін жетілдіріп, ешкімнің көмегінсіз – ақ жете алмай ма? Сан түрлі сұраққа, менде сан түрлі етіп жауап беруге тырысайын. Сіз алдымен қолдау сөзінің қандай мағынада қолданып тұрғанын анықтап алғаныңыз дұрыс. Енді бірі қолдауды моралді түрде қажет етсе, енді бірі физикалық сипаттан қажет етеді. Оқу – білімді жетілдіруге үлес қосапайтын болса, көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ қайдан шығады? Сол себептен, әрбір ел, мемлекет, халық өз алдына жарқын мақсат қою керек секілді. Ол мақсат – жастардың білім қиырына жету жолын салуға қол ұшын созу, ата – баба салып берген түзу жолмен жүруіне, ақыл ой – санасында басты тізгінді нық ұстауға бағыттау. Саналы да, ойшыл жасы болмаса, қандай елдің іргесі нық болады? Жастарға сенім артудың түпкі тамыры ол осы ата – баба заманынан басталған болатын. Оған дәлел Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» туындысы.......
Шығармалар
Толық