Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі
Сисенбаева Гүлмира Әбдіғаниқызы


Тәрбие сағаттың тақырыбы: Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Тәрбие сағаттың мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту
Оқушыларға өз жүрген орталарынд мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға,әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

Ұрпақ тәрбиесі

 Баланың тәрбиесі ең маңызды істердің бірі.Ата-ананың өз балаларының алдындағы міндеттері: үлкенді сыйлап,кішіге ізет көрсетуге,ағайын туыстарымен қатынастарын жақсартуға,отан сүйгіштікке,көршілері мен достарына қол үшін беруге,ең бастысы ұл-қыздарының бойына  адамгершілікті сіңдіріп тәрбиелеуі.

Ертеде бір хакім ұлдарына қарап: «Ей, ұлдарым! Адамгершілікті үйреніңдер, дүниенің байлығына, мал-дүниесіне сенім жоқ, бір күні есіктен шығып кетеді. Алтын, күмісті далада қарақшы тонайды қалада ұры-қары жеп кетеді. Алайда адамгершілік қашан да суы тасып тұратын бір бұлақ......

Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Қалай танымал қыз болуға болады

1 - кеңес

Кемшіліктер мен артықшылықтар
Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе?
Қарап көрейік.
Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады.
Толық болған жаман деп саған кім айтты?
Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.

Стильді әрі көңілді томпақ қыздар ең сәнді, ұзын сирақты арық қыздарды жолда қалдыра алады. Сондықтан өзіңе ұнамағанның бәрін кемшілік деп ойлаудан аулақ бол. Асықпасаң уақыт өте келе өзіңді түсініп, бағалауды да үйренесің. Ал әзірге бір-екі кеңесті қабыл ал.

Өзіңнің жетіспейтін тұстарыңды мойында. Бұл сенің табиғи болмысың. Сондықтан өзіңді осы қалпыңда жақсы көруді үйрен.
Өзіңнің кемшіліктеріңді жасырып, артықшылық-тарыңды көрсете білуді үйрен. Үйлесімді шаш үлгісі, макияж, киім, аксессуарлар, өзіңді ортада ұстай білуің мен адамдармен қарым-қатынасың - міне өзін сыйлайтын кез-келген қыз білуге тиісті әйел құпиясының сыры осында.

2 - кеңес

Бастысы өзіңді таныта білу

Кейбір қыздар көпшілік көзіне бірден шалынып, өзіне жұрттың назарын аударып тұрады. Ал сол қыздарға зер салып қарасаңыз олардың басқа қыздардан еш айырмашылығы жоқтығын байқай-сыз. Соған қарамастан олар өзіне бірден назар аудартады.
Мұның себебі неде? Өйткені олар өзін көрсете.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
- Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті.
Жақсылық:
- Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сондан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жеріміізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті.
Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркезге....
Ертегілер
Толық