Егер сіз тіге алсаңыз, жасанды гүлдер жасай білсеңіз, былғары, бисер және қауырсынмен жұмыс істей алсаңыз, онда сіз дизайнерлік заттарды қиындықсыз шығара аласыз. Алдымен адам өз брендіне, сосын бренд адамға қызмет етеді.
Қолдан жасалған сәндік бұйымдардың кең тарауы.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Ассаламу алейкум уа рахматуллах! Қызды алып қашу туралы дініміз не дейді? Осы қарақшылыққа дініміз рұқсат бере ма? Саркөбен Әділ
Уа алейкум ассалам! Құрметті Әділ!
Жалпы адамның бостандығы мен құқығына қол сұғуға шариғатымызда қатаң тиым салынған. Бұл адамның ар-намысын аяқ асты ету және күнә іс. Қыз алып қашу да сол сияқты.
Күйеуіңіз жұмыстан кешірек келіп, жаңа көмекші қыздың пайда болғанын айтып, онымен әңгімесі тез жарасып кеткенін сөз қыла ма?
Немесе, жігітіңіз сіздің құрбыңызбен жақсы достасып кетті ме?
Мұндай жағдайда белгісіздік пен шарасыздық бір уақытта алқымыңыздан алып, тыныштығыңызды кетіріп жатыр. Сүйіктіңізді біреу алып кетердей күйдесіз. Бұл – қызғаныш.
Қызғаныш көре алмаушылыққа кішкене ұқсайды. Бұл – біреуде бар нәрсе өзіңізде жоқ болғанда қинайтын ыза мен өне бойдағы олқылықтың қосындысы. Әдетте көре алмаушылық пен қызғаныш өз-өзін төмен бағалауға, өз-өзін жек көруге алып келеді. Бұл құбылыстардан ешкім сақтана алмайды. Күндердің күнінде сізден де әдемі, сізден де ақылды біреу табылады, сонда осы сезімді бастан кешуіңіз бек мүмкін. Ол үшін ұялудың да қажеті жоқ, бәріміз тірі жанбыз. Тек қана дер кезінде тоқтата білу керек.
Қызғаныштан қалай құтылуға болады?
Біз неге қызғанамыз осы? Жеке өмірді қызғаныштың ықпалынан ғана күл-талқан етіп жататындар қаншама. Сондықтан, өзіңізді «қызғаншақпын» деп ойласаңыз, біз ұсынатын бірнеше кеңеске құлақ асыңыз.....