Соғыс айтуға оңай... Ауыр зұлматты басынан кешкен адам ол уақытты ешқашан ұмытпайды! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия КСРО - ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Сұрапыл сұм соғысқа менің атам Мухажанов Сыдық Тәліпұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Мухажанов Сыдық 1926 жылы шілде айының он бірінші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Тарбағатай ауданы,Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 3 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, алғырлығымен көзге түскен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін,ақыл сөздерін аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым....
Ежелден ел тілегі – ер тілегі, Адал ұл ер боп туса –ел тірегі. Бауыржан Момышұлы «Жер - елсіз болмайды,ел - ерсіз болмайды» -дейді дана халқымыз. Ерлер халықтан туады.Ер –дегеніміз халықтың қамқоры, тірегі,қорғаны.Ерлік –ердің ісі ,бірақ оның көрінісі тоқсан түрлі Біреулер даналығымен елінің ынтымағын біріктірсе,біреулер табандылықпен елін жаудан қорғайды,біреулер табандылықпен жерін зерттейді .Осы тұрғыдан қарасам, біздің батыр аталарымыздың елін ,жерін қорғау үшін қосқан ерлігі ұшан теңіз.Ер жігіт етігімен су кешіп,от басқан, ат ауыздығымен су ішкен сұр шинельді төсек етіп,қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасып, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын батыр аталарымыз қажырлылықпен сыйлаған Ұлы Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпақ бізге өшпес үлгі өнеге. Бұл мереке – бейбітшілік қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс күні – абыройымыз даңқымыздың мерекесі. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды,аталарымызды,әпкелерімізді тарих беттерінде «Батыр» деп алтын әріппен жазды....
«Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы, Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұлағы. Міне, биылғы жылы Жеңісімізге 71 жыл толмақ. Біздің бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін, жер үшін күрескен ардагерлеріміз мәңгі естен шықпас. Жеңіс күні. Бұл күн адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Иә, ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес! Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оған 35 миллиондай адам қатысып, соның 20 миллионнан астамы құрбан болды. Қазақстандықтар бұл сында қаҺармандық көрсете білді. Соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айрылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп өз үлестерін қосқан. Алдыңғы шептен бой тасалау сияқты әдептер қазақтың майданда соғысқан ержүрек ұлдарына мүлдем жат болған. Бұған сол отты жылдарға «Правда» газетінде былай деген: «…Қазақтар майданда қаймықпай батыл соғысады» дей келе Одақтың бас газеті олардың ерлік ісқимылдарына дүркін-дүркін оралып отырған. Осыдан 71 жыл бұрын бұл күні адамзат тарихы аңсаған жарқын күн, сарыла аңсаған сәт туды. Бұл бақыт Отанын шексіз сүйген, жеңіске сенімді ыстық жүректері лүпілдей соққан кешегі жігіт, бүгінгі айбынды тірек- өнегелі аталарымыздың арқасында келді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлығы , олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі бүгінгі бейбіт күн жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абырой мерекесі. Ұлы Жеңіске біз ерекше ғажап күшпен жеттік......
Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген, Оқ даусы мәнгілік жойылсын. Бомбаның орнын тегістеген, Күректер музейге қойылсын. Біздің ата – бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп; біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отан сүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары ілтипатқа лайық. Себебі олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынанн, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Ашаршылық пен ауыртпашылық бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан куннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз болса керек. Үлкен қауіп пен қатер, қайғы мен қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті......
Таң атар кез. Мүлгіген тыныштық. Тіршілік нышаны әлі байқала қойған жоқ. Көк майса шөпте моншақтай шықтар әлсін-әлсін көрінеді. Жаздың мамыражай шағы. Тіпті шыбынның өзі шырылдамайды. Айнала тылсым тыныштық көрпесіне еніп кеткендей. Тарс етіп, күнгей бетте бір нәрсе жерге түсті. Тыныштық бір мезетте беймәлім дыбыстан үзілді. Жан шошырлық дүрсіл айналаны жаулай бастады. Қызараңдап атып келе жатқан таң шапағы бір мезгілде көрінбей, көзден ғайып болды. Аспанды қара бұлт торлады. Кең даланы қара қошқыл тұман көмкерді. Сол сәтте-ақ табиғат әсем бейнесінен айырылып, тіршілік атаулы үрейге бөленді. Бір сәтте бәрін түп тамырымен өзгертіп жіберді. Отанға қауіп төнгені осы мезетте сезілді, жүрек дүрсіл қағып, дабылдап Отан-Ана көмек сұрап тұрды. Міне, қисапсыз қайғы-қасірет пен қыршын жандардың өмірін қиған сұм соғыстың алғашқы ұшқынының өзі соншама қорқынышты, аяусыз еді. Барша адамзат баласын дүр сілкіндірген, тарихта ізін қалдырған, жүректерде өшпес жара салған Ұлы Отан соғысы жайлы біз балғын балалық кезімізден бері білеміз. Әркез соғыс жайлы сөз қозғалған сәтте көзіне жас алып отырған ата-әжелерімізді көргенде, өзіміз де тебіренетін едік. Алайда, ол кезде оның қаншалықты аяусыз ауыр болғанын әлі күнге дейін түсінбеппіз-ау. Бала көңіл алып-ұшпа боп келетіндіктен бе екен, соншалық ой жүгіртіп, елестетіп те көрмеген шығармыз. Сондағы, ардагер атамыздың сөз соңында «Ұрпағымыздың басына ешқашан мұндай күн тумасын! ....
Осыдан 75 жыл бұрын таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Әр адам соғыс деген не екенін өз әжесінен,атасынан,ата-анасынан,туғантуысқанынан,жақындарынан біледі.Соғыс...Қанша зорлық,қайғы,мұң,ащы сезімді және жалғыздықты бұл кішкентай ,бірақ өте елеулі сөз білдіреді.Ұлы Отан Соғысы кезіндегі адамдар көз алдында мыңдаған адамдар жойылып,көптеген отбасылар үрім бұтағымен қырылғанды өз көзімен көріп,басынан кешкен болатын. Әр шаңырақ өз ағайындарын,әкелерін,балаларын жоғалтқан. Ұлы Отан Соғысы 1941 жылдан бастап 1945 жылға дейін созылды. Ресми статистика бойынша 26,6 миллион адам көз жұмған,олардың ішінде 8,7 миллионы майданда болған әскери қызметшілер. Бұл соғыста өте көп адам батыр болып өмірін қиды,соғыста айырылған адамдардың саны тіпті қазіргі уақытта болса тым үлкен және бұл жайында адамдарға әңгімелесу қиынға түседі. Неге десеңіз,себебі осы қырқысты бастаған адамзаттың өзі . Сол қатал соғыста менің арғы атам болған еді.Есімі-Тұқманов Жанғазы. Ол 1896 жылы Алакөл(Екішоқ) ауылында дүниеге келді.Атам,сол уақытқа сәйкес сауаттылыққа үйде үйренген. Қазақ, араб және орыс тілінде еркін сөйледі. Молланың баласы болған,әкесі өте діншіл,қажылыққа барып келген адам еді.1930 жылдары ашаршылық пен репрессия кезінде Ресей еліне Новосибирск облысына көшіп кетті.....
Ұлы Жеңіске- 75 жыл Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың , аға буын өкілдерінің, бізідң әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасіретті соғыс болса,Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.Осыдан 71 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең сұрапыл да қырғынды соғыс аяқталды. 1941 жыл 22 маусым-тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн.Дәл осы күні фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.Дәл осы күні «Ұлы Отан Соғысы» басталды.Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар елін жаудан қорғау үшн қолына қару алып,қан майданға аттанды. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен шекарашылар болды. Брест гарнизонында 1941 жылы үш мыңдай жерлестеріміз қызмет еткен екен.Шілде айында олардың көпшілігі елге қайта оралуы керек еді,бірақ жау шабуылы олардың жоспарларын күл-талқан етті.Соғыс кенет басталды.Соғыс өрті де ішке қарай тез енді.Бірақ соған қарамастан Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап жұдырықтай жұмылды.Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да айтарлықтай үлкен үлес қосты.1941-1945 жылдары әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам адам майданға жолданды. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды....