Баяғыда Мақта қыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз: – Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: – Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: – Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қызмысықтың.....
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес.....
Хан баласына қазына береді. Өзіңе дос жи дейді. Баласы 100 дос тауып келдім дейді. Қырық жыл хан болып, менде бір жарым ғана дос бар. Сен қалай бір жолғы сапарда 100 дос таптың дейді әкесі. Сөйтіп бір жарым достың тарихын айтады. Оның бір досы - бай, жарты досы - кедей екен. Хан сол екі досын сынамақ болады. Мен үшін жаныңды қи, сонда мен тірі қаламын,-дейді хан бүтін досына ауырып жатқан болып. Ол жанымды....
Жоламанқызы Маржан 1-сынып оқушысы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылы №203 орта мектеп
Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы.....
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен....
Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады. Шал: – Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды. Сонда тазша: – Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді. Шал: – Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті. Бір күні шал тазшаға: – Анау көрінген ағаштың басында ақ сары деген құстың....
Ертегілер - халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары. Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізуімен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді. Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді. 1. Қиял-ғажайып ертегілер. 2. Хайуанаттар жайлы ертегілер. 3. Салт (шыншыл) ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер - адам табиғат сырын әлі анық түсінбей тұрған кезде туған ертегілер. Бұлар ертегілер ішіндегі ең көнесі әрі көбі. Ертегінің осы түрінде табиғаттың, қоршаған ортаның нелер тұңғиық сырлары, соны танымаққа ұмтылған қазақ ойы, білсем танысам деген қазақ арманы, әлемді шарласам, айға жетсем, мұхитты төңкерсем, қу медиен даланы көк жазираға бөлесем деген қазақ қиялы бейнеленген. Сол жолда кездесер жаңалық пен ескіліктің, адалдық пен жауыздықтың, адалдық пен арамдықтың зор арпалысы суреттеледі. Ертегідегі жақсылыққа, не болмаса белгілі бір мұратқа жетсем деген басты кейіпкерге көмектесер Шаңжұқпас. Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар секілді бейнелер болса, оған қарсы жалмауыз кемпір, жалғыз көзді дәу, дию, жезтырнақ секілді қиялға тән сұмдық құбыжықтар қарсы тұрады. Жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адамдық қарапайым да қым-қиғаш жагдайда күресіп, жақсылық жеңеді. Қиялға ғажайып ертегілері - оқиға орны және оған қатысушылары, кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата, Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын, ақылмен түсіну қиын оқиғалар жүзеге асып жатады. ....
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын. Көрнекіліктер: қояндардың, иттердің, қарғаның бет перделері, іздердің суреттері Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ. Билингвальды компонент: қоян - заяц, үй қояны - кролик, қарға - ворона
Барысы: Шаттық шеңбері: Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Шуағын төгіп нұр Сәлем күн Ана! .....