Еркебұлан

ЕРКЕБҰЛАН – қазақтың төл есімі. «Ерке» (бұла, қадірлі, сыйлы) және «бұлан» (бұғы тектес ірі аң) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қазақта «бұ­ланның көзіндей» (көреген) деген сөз бар. Біздің халық бұланды қасиетті аң са­найды. Жаңа туған сәбиге бұл есімді «ұлымыз халқының еркесі болып өссін, елі­нің аяулысы болғай» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін ат. 

Есімдер мағынасы
Толық

Еркебұлан Дайыров Мұратұлы (1986 жылы 12 тамыз)

Еркебұлан Мұратұлы Дайыров (1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда туған) — актер. Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты (2013). Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" орденінің иегері (2015). ҚР Мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Еркебұлан Мұратұлы 1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда дүниеге келген.
2004 - 2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Еркебұлан Қайназар Әбілханұлы (18 қазан, 1984 жыл)

Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар (18 қазан, 1984 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, А.Үсен ауылы - айтыскер ақын, жыршы, термеші.
Өмірбаяны
А.Үсен атындағы орта мектепте оқып (1991-2001) бітіреді.
ақын Әбдіхалық Әбдірайымұлы ашқан Шымкент қаласындағы «Жас ақындар мен импровизаторлар, жыршы-термешілер» мектебін үздік бітірген (2001-2002).
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика факультеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында білім алып, үздік бітірген (2002-2006).....
Өмірбаяндар (биография)
Толық