Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды? Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.2.1.2 – ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау Сабақтың мақсаты: Ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Мектеп: Сабақтың тақырыбы: Әлкей Марғұлан қола дәуірі ескерткіштерінің қандай сырын ашты Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.2.2.5 Ә.Марғұланды ғалым-археолог ретінде айқындау 5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов мәдениетінің белгілерін анықтау Сабақ мақсаттары: Ғалым-археолог Ә.Марғұланның зерттеулерін талдай отырып, Беғазы Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктерін анықтайды, маңызына баға береді.
Соғыс жаңғыры жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік болса, соның бөлшегі Кеңес Одағының тарихында Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақ майданға аттанып, Отаным, туған жерім қазақ елім, отбасым деп жолға шықты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның есінде орны өшпес қасірет болды. Мыңдаған отбасы, балалар жетім, жесір болып қалды. Ашаршылықтан көрген азап аздай, енді соғысты көрулеріне тура келді. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама кинофильмдер түсірілді, өлеңдер шығарылды, кітаптар жазылды. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын, ордендер алғандар да бар. Ал кейбіреулері тіпті молаға да зар болып ормандар да жатып қайтыс болғандар, суға батқандар өте көп. Олардың кейбіреулерінің мазараттары айдала да, әр жерде қалғандарды ғалымдар, археологтар табуды жалғастырып жатыр. .......
71 жыл! Бұл бір адамның тұтас өмірі. Қарт кісінің ғұмыр жасы. Соғыстың біткеніне, Жеңіс таңы атқанына, жұртшылықтың бейбіт өмірдің дәнін егіп, дәмін татқанына тура 71 жыл. Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп, қыз дәуірін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер- азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары - Әлия мен Мәншүк қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан милион адамның өмірін қиды. Жас балаларды жетім, әйелдерді жесір атандырды . Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау-тау үйіндіге айналдырды. Ел ішінде аштық орнап, сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсті. Адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың, азат пен айуандықтың неше түрін көрсетті. Адамдардың тағдыры аяқ астына тапталды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қалалардың қабырғасы күйреді. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп бала жұбатып отыратын ана қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін» деген ұранмен ұйқысыз түндерді, күлкісіз күндерді бастан өткізді. Майдандағы қызыл армия қатарына 1200000-ға жуық қазақстандық аттанды........
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақ тақырыбы: Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным – сенімдерін сипаттау 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру Сабақ мақсаттары: Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным-сенімдері туралы түсінік қалыптастыру. Дерек көздерін талдау арқылы наным-сенімдердің, тотемизм, анемизм т.б. діни түсініктердің пайда болуының себеп-салдарларына талдау жүргізу. Археологиялық ескерткіштердің маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
«Айда аяқ жоқ, жылда жілік жоқ», - дегендей, желдей есіп, «Ұлы Жеңістің 71 жылдығына» да аяқ бастық. Ұлы Жеңіс күнін жанқиярлық ерліктерімен, қорқыныш сезімі билемей жақындатқан, Отаны үшін жан қиған жауынгер ата-апаларымызбен мақтанамын. Иә, Ұлы Жеңістің бізге оңайлықпен келмегенін тарих беттеріне салған соғыстың бедерлі-іздерінен айқын да анық байқауға болады. 1941 жылдың 22 маусымының мамыражай күні фашистік Германия шырт ұйқыда жатқан елімізге тұтқиылдан өзінің жасаған жоспарымен шабуыл жасады. Бұл соғыс ешкімді де елеңдетпей қоймады. Жауға тойтарыс беру үшін Республиканың түкпір-түкпірінен жауынгерлер «Өліспей, беріспейміз!», «Отан үшін қаныңды төксең де, арыңды төкпе», - деген ұранмен соғысқа аттанды. Отанды қорғау үшін Кеңес Армиясының қатарына үстіне сұр шинелін киген қаншама қаракөз боздақтарымыз да майдан даласындағы оққа кеудесін тосты. Бұл жауынгерлер әр отбасының тірегі: бірінің сүйген жары, бірінің қимас бауыры, бірінің бауыр еті баласы, енді бірінің асқар тау әкесі еді. Арқа сүйер азаматтарын соғысқа аттандырарда сол ата-апаларымыз осылардан қаралы хат келеді-ау,- деп ойлады ма екен? Жоқ, олай ойлай қоймаған шығар. Қайта жігерлендіріп, сенім білдіріп, аман-есен елге жеңіспен оралуын жандарын шүберекке түйіп, тілеген болар. Ел басына осылай күн туған шақта тылда қалған апа-аналарымыз белді бекем буып, білек сыбанып қара жұмысқа кіріскені, бейнетпен иығы иіле жүріп, майдандағы ер-азаматтың тілегін тілеп, сұрапыл жаудың бетін қайтарып отырған әскерлерді киіндірген де, азықпен, тіпті, оқ-дәрімен қамтамасыз еткеніне өзіміз оқыған көркем шығармалар мен ардагер атаәжелеріміз айтқан естеліктері дәлел. Елде қалған шал-кемпір, қатын-қалаш та бір кісідей жұмылып , «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» - деп, тыным таппай күні-түні еңбек етті. Бұрын үйден шықпаған аналарымыз соқамен жер жыртты, өгіз айдады, трактор рөліне отырды.......
Міне, сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл. Сол бір кезде батырлық пен төзімділікті паш етіп, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сол сұрапыл соғыс 1941-жылы 22-мамыр күні таң алдында басталды. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал, әйелдер соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді. Ұлы Отан соғысының тарихына үңілсек, жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі зор екендігін байқаймыз. Майданға Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Соғыстан 394 мың қазақ сарбазы қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы – қасірет әкелмеген отбасы кемде – кем. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Сұрапыл соғыс 1945-жылдың 9-мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Фашистік Германия тізе бүкті. 500-ге жуық жерлесіміз батыр атанып, аттары аңызға айналды. Қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабул жасауға қатысты. Оның төбесіне Жеңіс туын алғашқы болып қазақ халқының даңқты ұлы - Рақымжан Қошқарбаев тікті. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бегильдиновтың және көптеген жерелестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды. Біздер олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз! Мен, әрине, соғысты ұнатпаймын, қаншама адам қан төгіп, көз жұмады. Қазіргі таңда еліміздің тыныштығын сарбаздар қорғайды. .....
... Қанша үйдің ұрлап адамын, Қанша үйде сөніп қалды оттар, Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар. ..Көтерді бәрін ауырдың Азамат болып арды ақтар. Көрдің бе жарын арудың, Соғыстан қайтқан солдаттар... С.Мәуленов Жылыой ауданы, Жаңатаң ауылында тұратын нағашы атамның ауылына барған сайын мен ыстық ықыласқа, шексіз мейірімге бөленіп қайтамын. Әсіресе, ұнататын ермегім- нағашы атам мен әжемнің басынан өткен естелік әңгімелерін тыңдау.Ол кісілер айтып отырған әңгімелерді естіп отырып, бейне бір ертегі тыңдағандай әсерде боламын. Ал анам, балалық шағын еске түсіргісі келе ме, ауылға барған сайын , міндетті түрде отбасылық альбомды қарайды, әрине, онымен бірге біз де отыра қалып альбом ақтарамыз. Сондай бір альбом қарау кезінде мен альбомның алдыңғы жағына ұқыптылықпен жапсырылған ескі фотолардағы екі әйел адамның суретін көрдім де, қасымда отырған әжемнен «Мына кісілер кімдер?» деп сұрадым.Сол кезде әжемнің жүзінде ерекше бір толқыныс пайда болып: «Бұл кісілер-менің әжем мен анам» -,деп жауап берді. Мен: «Олардың аттары кім?Қашан қайтыс болған?»-,деп сұрағымды жалғастырдым........
Жеңіс күні- аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталып,Жеңістің туы желбірегеніне биыл 71 жыл! Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Бүгінде Ұлы Жеңісті алып берген аға буынның алдында әр уақытта қарыздармыз.Ұлан-байтақ даланы найзаның ұшы,білектің күшімен қорғаған аталарымыздың игі дәстүрін бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. 1945 жылдың 9 мамыр күні өтсе де,жұртшылық жадында халықтың ерлігі мен даңқының мызғымас символы болып келеді. Тарихқа Ұлы Жеңіс болып енген айтулы күнді жақындатуда майданда да,тылда да жанқиярлықпен күрескен аға буын ерлігі ешқашан да ұмытылмайды. Өйкені, олар алып берген Жеңіс бүгінде бізді небір жетістіктерге жігерлендіріп,жанымызға қуат беруде,қиындықтарды жеңіп,алға ұмтылуымызға көмектеседі. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып,қаншама адам мүгедек атанды. Қаншама ана жесір,балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңіске ерен ерлігімен көзге түсіп,ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымызда көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырларымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Біздің парызымыз сол алапат сұрапыл соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну,қаза тапқандарды қадір тұтып,арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету. Олар қан майданда ерлік танытып,елді жаудан қорғады. ......
Шерлі жылдардың шежіресінен сыр шерткен, Шыққан жоқ әлі ызғарлы жылдар өрті естен. Ұмытылмайды ерлердің ісі мәңгілік, Ұлы Жеңісті тойлайды елім құрметпен Адамзат баласының осы дәуірге дейін өмір сүріп келген күндерінің ішіндегі ең қатыгезі, ең сұрапылы екінші дүниежүзілік майдан-Ұлы Отан соғысы екені бәрімізге мәлім. Тыныш жатқан елге тажалдай тап беріп, төтесінен төнген сұрапыл соғыс сонау мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып еді. Ал сол сұрапыл соғысқа елін сүйген батыр қаһармандар еш қорқынышсыз аттанып кете барды. Олардың соңынын аңырап ата-ана, есінен танып жары, ботадай боздап балалары қайғының қара бұлтына оранып қала берді. Ұлы Отан соғысына 35 миллиондай адам қатысып, 20 миллионнан астамы сол соғыста ерлікпен мерт болды. Сұрапыл соғыста қазақтың мәрт ұлдары мен қыздары ерекше ерлік көрсетті. Отқа оранған соғысқа кезінде қан майданға өздері сұранып барған қос батыр қыз - Әлия мен Мәншүк , теңдесі жоқ ерлік бейнесі болған қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы , батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсете білген Сұлтан Баймағанбетов пен Төлеген Тоқтаров сынды рухты тұлғалардың ерлік істерін ешқашан естен шығаруға болмайды. Қан құйлы соғысқа ер-азаматтармен қоса , көптеген қыздар да қатысып, асқан ерліктерімен мейірімсіз жаудың бетін қайтарып, жер жастандырды. Зеңбірек оқтаушы Алтын Уәлиева, 300-ден аса аспанға көтеріліп, көк жүзінен жауына қырғиша шүйліккен Хиуаз Доспанова, Польша жерінде ерлікпен қаза тапқан лейтенант, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған Алтыншаш Нұрғожинова, барлаушы Рахила Ералина сынды қазақ қыздарының ұлы ерліктері туған халқының жүрегінен мәңгілік орын тепкені тарихи шындық. Соғыс жылдары отанын қорғау үшін ерлік пен қаһармандықтың өшпес бейнесін көрсеткен қазақ батырларының ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес. Ұлылардың ерлігі келешек ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бұл қаһарлы күндер тарихта «шерлі жылдар шежіресі» атылып қала беретін болады. ......