Информатика | Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері

1. Кіріспе.
Көлемі жағынан орташа болып келетін бағдарламаларды(бірнеше мың жолды код) құрастырғанда құрылымды бағдарламалау қолданылады. Бағдарламаның құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсету керек, сонда бағдарлама мәтінінен есепті шығару алгоритмі түсінікті болады. Ол үшін қарапайым операторлар жеткіліксіз, алгоритмнің нақты құрылымын дәлірек көрсететін құралдар қажет. Сондықтан бағдарламалауға жаңа ұғым – ішкі бағдарламалар енгізілді.
2. Ішкі бағдарламалар.
Қандай да бір алгоритм бойынша жұмыс жасайтын және өзіне негізгі бағдарламаның кез келген бөлігінен қатысуға болатын бағдарламаның жекелеме бөлігін ішкі бағдарлама деп атайды. Ішкі бағдарламалар негізгі бағдарламының ішіндегі кіретін және шығатын орындары бар тұйықталған бөлігі болып табылады. Негізгі бағдарлама мен ішкі бағдарламадағы айнымалылар бір-біріне бағынышты емес.
Ішкі бағдарламаның екі түрі болады – процедуралар және функциялар. Олардың айырмашылығы: процедура белгілі бір операторлар тобын орындаса, функция осыған қоса қандай да бір нәтижені есептеп, оны негізгі бағдарламаға қайта жібереді. Бұл нәтиженің өзіне тән типі болады. Си++ бағдарламалау тілінде «процедура» деген ұғым жоқ, онда тек қана функция қолданылады. Егер функция ешбір нәтиже есептемесе, онда ол «ешқандай» (void) типін қайтарады.
Кез келген бағдарламада бірнеше процедура немесе функция қолданылуы мүмкін. Процедура мен функция сипаттау бөлігінде айнымалылар бөлігінен кейін жарияланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі

Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі».
Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.
Әйтсе де, қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы негізінен заңды және жеке тұлғалардың табыстарына көбірек түсуде. Бұған табыс салықтарынан түсетін түсімдердің мүлік салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр. Сол себепті бүгінгі күні бюджеттің кіріс көзінің басым бөлігін құрап отырған, экономика салаларының табысына салынатын шектен тыс салық ауыртпалығының бір бөлігін осы уақытқа дейін салық жүйесімен мүлде ескерілмей келген мүліктен түсетін кіріс түрлеріне аударған жөн. Мүліктің басқа объектілерге (табыс және қосылған құнмен) қарағандағы ерекшелігі, ол салық салудың барынша тұрақты объектілерінің бірі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ветеринария | Тейлериоз індетімен күресу

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның бәсекелес 50 елдің құрамына кіру стратегиясы» атты жолдауына орай Қазақстан өз даму жолында жаңа нарыкқа ену босағасында тұр. Онда ол отандық өнімдердің бәсекелестікке қабілетті болуын басымдылықтың бірі ретінде көрсеткен. Олардың сапасы халықаралық талаптарға сай болуға тиіс. Дүниежүзілік ашық саудада саланың тиімділігін қамтамасыз етуді атап көрсетті.Соның ішінде мал шаруашылығына айтарлықтай атап кеткен. Мал шаруашылығы саласында малдардың аурулары және оларды емдеу бізге жүктелген.
Бұл жерде қарастырылып отырған ауру түрі тейлериоз.Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру. Мүйізді ірі қара тейлериозы еліміздің оңтүстік өңірінде мал ауруларының арасындағы кең таралған инвазиялық аурулардың бірі. Бұл ауру тек қана кең таралғанымен ғана белгілі болмай, ауырған малдардың өлім-жетімге ұшырауының көптігімен, буаз сиырлардың түсік тастауымен, қысыр қалуымен, сауын сиырлардың сүтінің азаюымен, малдың азып тозуымен, емдеуге және бағып күтуге кететін шығындардың көптігімен, малдардың аурудан жазылғанының өзінде оңалуының қиындылығымен, яғни жалпы мал шаруашылығына өте үлкен зияндылығымен сипатталады. Тейлериоз ауруын емдеуде біршама басылымдарда арнайы химиопрепараттар жоқ деп жазылған....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Таспалы конвейердің жетегін жобалау

КІРІСПЕ
Жобалау дегеніміз - өнімнің жалпы құрылысын жасау. Құрылымдау – бұл барлық сұрақтардың шешіміне жету үшін принципиалды схеманы нағыз құрылымға айналдыру үшін ары-қарайғы бөлшектеп жобалау. Курстық жобаның негізгі мақсаты алған теориялық білімді жүйелеу, бекітіп, кеңейту, сонымен қатар студенттердің есептеме –графикалық қабілеттерін дамыту. Студенттерді типтік бөлшектер мен түзілімдердің құрылымдарымен таныстыру және инженерлік-техникалық есептерді өз бетімен шығарып үйренуге баулу, жалпы ұсыныстағы деталдар мен механиздерді есептеп оны жобалауға үйрету. Жобалау мен құрылымдаудың әр түрлі сатысындағы құрылымдық құжаттарды жасау техникасы мен таныстыру. Қабылданған техникалық шешімді өз бетімен қорғауға баулу.
Мен бұл жобаны жасау барысында, әр жобалатын деталдарды ұсынылу мен талаптарына анализ жасап, кинематикалық есеп жүргізіп, түзілім буынына түсетін күштерді анықтадым, құрылымның беріктікке төзімділігін есептедім. Осы жұмыстарды атқара отырып, мен қолданыстағы стандарттар мен нормаларды құрылым үшін, деталдің өлшемдері үшін ең тиімділерін таңдауды үйреніп , әдебиеттермен жұмыс істеу қабілеттерімді шыңдадым.....
Курстық жұмыстар
Толық

Кім едің сен?!

Кім едің сен?!
Арқамнан күлетін.
Кім едің сен?!
Алдымды кесетін.
Кім едің сен?!
Жабырқатып жүретін.
Кім едің сен?!
Күліп тұрып....
Өлеңдер
Толық

Тарих | Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері

Кіріспе
Әңгімелеу және бейнелеу тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Әдістеме бұл оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
Тарихты оқыту әдістемесі өзектілігі – нақты міндетті шешудің, қандай-да бір нақты мақсатқа жету тәсілі болып табылады.
Тарихты оқытуда әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері-әртүрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды.
Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары төмендегіше айқындалған:
- оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
- тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;
- отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
- халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылықпен құрметін дамыту.
Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда.
Тарихты оқытудың міндеті - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | ТАНЫМ – ШЫНДЫҚТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

1. Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қаңдай, білмеуден бІлімге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критерийі (өлшеуіші) не — бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді танып теориясы немесе гносеология қарастырады. Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Б.Спиноза, ГЛейбниц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвеций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен және көптеген басқа философтар өз үлесін қосты.
Таным проблемалары марксистік философияның басты мәселелерінің бірінен саналады. Материалистік диалектика табиғи және әлеуметтік шындықты танып білуге болатынына күмәнданушы немесе оны теріске шығарушы философиялық Ілімдердің қисынсыздығын ашып көрсетеді. Бұл ілімдерді, жалпы алғанда, философиялық (гносеологиялық) скептицизм (күмәнданушылық) деп атауға болады — олар ертеде көбінше осылай аталған еді, ал XIX ғасырдан бері агностицизм деп аталатын болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Алланың сынағы.....

Аязды күн......
Жүректерді жылатқан биязы күн.
Қайғылы күн.......
Бес бүлдіршін өліп кеткен қараңғы түн.
Ақшаның жетегіне ерген ата анасы,
Қайғыдан қан жұтқан түн.
Бәрі кетті...
Өлеңдер
Толық

Фейк

Әлеуметтік желінің құдіреті,
Қартайтады адамды жасартады.
Ғаламат дейсіңдер интернетті
Ол да бір дүние кереметі.!
Барлық адам бейім болған,
Бұл ғалам жалған болған.
Өмірдегі түрлеріне шүкір демей,
Фотошоп құрастырып масайтқан.!
Алдайды ол, расындада....
Өлеңдер
Толық

Педагогика | Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдау, ғылыми негіздерін белгілеу. Және де мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту әрекетін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеті:....
Курстық жұмыстар
Толық