Әдебиет | Дулатов Міржақып

Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.

2. Шығармалары
Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы.
Оның шығармалары мен оқулықтары қазақ даласына кеңінен тарап , өлке халқының оянуына , саяси күреске араласуына үлкен әсерін тигізді.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Мұхаммед Хайдар Дулати

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.

Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед-Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп, бұл кісіде сол кездегі Мір Әлішер Науаи, Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым жазушылардың бірі екенін көресіз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы тілінде жазылған “Тарихи Рашиди” деген кітабы болды. Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүние жүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АЗАТТЫҚ ЖЫРЫНЫҢ АҚТАҢГЕРІ (Дулат Бабатайұлы шығармашылығындағы дәстүр мен жаңашылдық хақында)

Қазақтың ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ [1,5], оның пайда болу процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Дулат ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқаны туралы Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев т.б. сияқты көрнекті әдебиет зерттеушілері Кеңестік идеологияның екпіні басылмай тұрған кездің өзінде толымды пікірлерін жазды. Өткен заманның озығынан үйреніп, тозығынан жиренген, тарихтың тұнығынан қанып ішкен талғампаз Алаш қайраткерлері Семей жеріне туларын тіге отырып, сол өлкеде ұлы Абайдың алдындағы бүтіндей бір әдеби дәстүрдің бастауы болған, азаттықты аңсаған саф алтындай бағалы жырлар тудырған Дулат Бабатайұлының шығармашылығын мүлде білген жоқ десек қателескен болар едік. Оның кестелі көркем жырлары сол кезеңдегі азаттықты аңсаған көзі ашық зиялы қауымның айнымас темірқазығы болғандығы анық. Пікіріміздің дәлелі ретінде Дулат ақынның шығармашылығындағы идеялық жаңалықтар мен көркемдік ерекшеліктер турасында азырақ сөз қозғамақпыз.
Дулат ақын шығармашылығы біз «Зар заман әдебиеті» деп бөліп қарастырып жүрген әдеби ағымның көш басында тұр. Ол жасы жағынан да, әдебиетке келуі жағынан да осы ағымның өкілдері Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы сияқты марғасқалардың алдында болып есептеледі. Сондықтан оны ең бірінші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы әлі де болса дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш үн көтерген, патша билеушілерінің шылауындағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған, сол дәстүрді қалыптастырушы жаңашыл ақын ретінде тануымыз қажет.
Әдебиеттегі дәстүрдің қалыптасуының бір парасы мазмұн мен пішінге байланысты. Кейде дәстүрді өлеңнің сыртқы пішініне сәйкестендіріп жалғастыратындар болса, көбіне ішкі мазмұнға байланысты да дәстүр жалғастығы жаңғырып жатады. Ал екеуі бірдей тонның ішкі бауындай үйлессе онда әдебиетте жаңа бір арна пайда болады. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ішкі мазмұнына алғаш реформа жасаушылардың бірі ретінде Дулат ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы зерттеушілер тарапынан биік бағасын алып үлгерді. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | М.Х.Дулатидың өмірбаянына шолу

М.Х.Дулатидың өмірбаянына шолу
М.Х.Дулати –қазақтың есімі әлемге машһұр тұңғыш тарихшы, ғалым, кемеңгер ойшыл, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф.
Ұлы ғылымның әкесі Мухамед Хусейн кезінде моғолстан мемлекетінде билушісі болған Сұлтан Махмұд ханның туған қарындасы Хуб Нигар ханымға үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидың анасы Хуб Нигар ханым-Моғолстан әміршісі Жүніс ханның кенже қызы. Ал Жүніс ханның тұңғыш қызы Михр Нигар ханым-аты әлемге әйгілі Захриддин Мұхаммед Бабырдың анасы.
Сонымен, Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд күйеу баласы Мұхаммед Хусейнге Ташкент маңайындағы Ора төбе өңірін сыйға тартты. Міне сонда Ташкент шаһарында 1499ж Хайдар Дулати дүниеге келді.
Хайдар Дулати -өз заманы үлесін аса терең білім алған ғұлама адам. Тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған дәріс берген ұлы Бабыр, Сұлтан Сайдхан сияқты орта ғасырдың аса көрнекті ғұламалары еді.
М.Х. Дулати өз дәуірінің белгілі ақыны
Жыр қадірін жектік білетін атақты Бабыр патша кезәнде Хайдар Дулатидың ақындық дарынын аса жоғары бағалаған. Жиын –тойларда Дулатидың лирикалық өлеңдері әуенге салып айтады екен.
Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы адамгершілік, сүйіспеншілік, достастыққа адалдық болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин, Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор.
М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, ХАсқарүлы және т.б. тарихшылардың, С.Зиманов, К.Жиреншин, Г.Сапарғалиев, М.Құл-Мұхаммед және т.б. заңгерлердің еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет береді. Әсіресе М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" (4) еңбегі мен К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алаш Орда" (5) еңбегінің ғасыр басындағы қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресін,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет —Алаш автономиясын құру жолындағы қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV - начала XX века" еңбегінде М.Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А.Х.Қасымжановтың "Ұлы даланың зиялылары" еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға беріледі. Д.К.Кішібеков,Ү.Сыдықов,Ж.А.Алтаев,А.К.Қасабеков,Т.Айтқазин, А.М.Тайжанов, Қ.А.Бейсембиев, Қ.Б.Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М.С.Орынбеков, Ғ.С.Есімов, С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов т.б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады.
Біз зерттеу жұмысымызда есімдері аталған белгілі ғалымдардың осы тақырыпқа байланысты еңбектерін, құнды пікірлері мен ұсыныстарын басшылыққа алдық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Міржақып Дулатұлы | Нұрмаш пен Дүйсен


Нұрмаш айтады:
«Дүйсен, біздің үйге бала бол, сонда біздің үйдің кісілері сіздікінен екі рет артық болады». Дүйсен ойлап тұрды да: «Жоқ, Нұрмаш. Сен біздің үйге бала бол, сонда сіздің үйдің де, біздің үйдің де кісілері бірдей болады», - деді.

Табыңдар, балалар, Нұрмаштың үйінде неше кісі бар? Дүйсеннің үйінде неше кісі бар екенін? .....
Әңгімелер
Толық

Міржақып Дулатұлы | Сол қыздың атын ұмыттым


Мен 1921 жылы Семей уезінде тергеуші болып қызмет еттім. Күз уақыты еді. Өзіме қараған аудандағы елдерді аралап жүріп, Қызыл Адырға келсем, аудан биі Қ. жолдас сессия құрып жатыр екен. Халық есепсіз көп жиналған: Семей уезінің 7-болысынан, Қарқаралы, Өскемен сықылды өзге уездерден, тіпті Жетісудың Аягөзінен де мал даулап, ақы сұрап келгендер бар екен. Қ. жолдас Семей уезінен қызметке жақсы, ұрыға рақымсыз атанған билердің бірі саналатын. Жұмыстың көптігінен Қ-ның басы қатып, дамыл көрмей, мезгілімен тамақ ішуге де уақыты болмай, ертеден қара кешке шейін сөйлеумен дауысы да қарлыққан екен.

Жиналысқа тіккен үйдің біріне біз де келіп түстік. Қандай жұмысты қандай адам (тергеуші ме, би ме) қарайтынын білмейтін, өздері неше күндей кезек тимей сарғайған, елдері алыс, сот маңайындағы ауылдарды қону-түстенумен әбден мезі қылып, жексұрын болған, Даукестер мені көрген соң, «тағы бір төре келді» деп, сыйғаны үйге кіріп, сыймағаны үйдің жабдығынан дауыстап, «тақсыр жолдас, арызымыз бар, пәлен күннен бері бізге есе тимей жатыр...» деп әркім өз басындағы мұңын шаға бастады. Халық соншалық көп, бұл елге біз келе жатқанда жолшыбай «сот арқылы өндіріп алдық» деп талай мал айдап бара жатқандарды көргенбіз.

.....
Әңгімелер
Толық

Міржақып Дулатұлы | Ішік хайырлы болсын

- Хажы-еке, ішік хайырлы болсын!

- Айтсын.

- Қаншаға алдыңыз?

- Күйіп тұр екен ғой, 350 сом...Ұмсындыққа киім-кешек алайын деп едім, оны Мәскеуден алғалы тұрмын.

- Ішігіңіз қымбат емес, мен мынаны 150-ге алдым, - деп, Тоқыш үстіндегі пальтосын көрсетті.

- Ой, шырағым-ай! Жұрт жарықтық арқасында бір бүтінденіп қалалықта.

Тоқыш күлімсіреп:

- Сіз әлі жұрт арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулардың сөзін естідіңіз бе? Олар бізді кінәраттап жатыр, жұрттан көп ақша жинап алып, өз пайдаларына жұмсап жүр, 1 бір тиындық бітірген ісі жоқ, дейді.

- Е-е-е! Біз біреуден тартып алыппыз ба, жұрт өзі берген соң шариғат бойынша да, бізге газетші-мазетшінің сөзі керек емес, үйі-басы 2-3 сомнан ел кедей болмас...

- Сонда да, хажы-еке, олар Жорықбай ақсақалды ұялтып тастапты...

- Шіркіннің ұялшағын қарашы, не былшылдайсың, сенің ақшаң емес қой десе болмап па?

- Жорекең жарықтық жуас кісі ғой, үндемейді, сонда да соншама ақшаны қайда жұмсадыңдар десе, елге не дейсің? Аналар жұртқа жариялайтын көрінеді.

- Шырағым, Тоқыш-жан, сен әлі баласың ғой, біз мұндайды көп көргеміз, оның не қысылатыны бар: адвокатқа бердік дерміз, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін таппаймыз ба... дей бергенде нөмірге газетте қызмет ететін бір жігіт, сәлем беріп кіріп келді.

Хажы әфенді жалма-жан ішіктің үстіне шапанын іле салып, тасбихын тартқан болып отыра қалды. .....
Әңгімелер
Толық