Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың.......
О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сенде жетер ме екенсің? Жетімдіктің белінен Асып өтер ме екенсің? Жарық сәуле көре алмай, Ел шаңына ере алмай, Сол бойы кетер ме екенсің? Жапанға біткен жапырақ Жамылсан тонар.....
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді. «... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды» ....
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы,Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында,қазіргі Торгай облысының Жанкелдин ауданында, «Қызбел» совхозының жерінде туған. Әкесі Дулат әжептеуір ескіше оқыған,өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар тауфихты адам болса керек.Балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша,сонсоң орысша оқытып,заң қызметіне бейімдеп үлгірген Дулат кіші баласы Міржақыпты да сол дәстүрмен әлдегенде ауыл молдасына береді. Бірақ Жақаңның (Міржақыпты кейін ел осылай атап кеткен) өз айтуынша,екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе ала алмағаннан кейін,әкесі молдадан шығарып алып,ауылдық мектепте орысша оқытатан Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімге береді. «Менің алғаш білімге көзімді ашқан сол кісі еді» - дейтін Жақаңның тағы бір сөзі оның өнер - білім жолындағы ұзақ жылдар бойғы жемісті ізденістерінің бастауы дәл сол Торғайдың өз топырағында жатқанын аңғартса керек. ....
Казак ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды. Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік. ....
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады. Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады. Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...» Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Аллтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді. Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазды, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалынан бірте-бірте бәсеңдеуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері – деп жазды ол, - қазақтарға татар фнанатизмінің ыөпалын тигізбеу - қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздерін таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт оларды бірден қолға лапы оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар зор күш болар еді». Ұлан-байтақ қазақ даласында дінияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның басты арманы болатын. Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді. Батыс Сібір генерал-губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министріне жолдаған жолдамасында «...Торғай облыстық халық мектебінің инспекторы Алтынсарирн өзі орыс алфавитін қодланып қазақтардың халық өлеңін маған әкеп тапсырды.... Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек... Бұл жұмыс Ильминскийге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильминский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені аңғарылады.....
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың , елдің елдігі еркіндігі , мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкңлдерінің бірі. М.Дулатовтың тағдыры - патша өкіметінің қуғын сүргіні мен станлиндік репрессияның зардабынан тар жол тайғақ кешуді басынан өткізіп, қатары сирек тартсада әділетпен шындық жолында халқының мұң - мұқтажын жақтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр. Міржақовтың тұқымы Байжұмырдан тарайды. Байжұмырдан – сансызбай, одан туғандар Ниязбек, Дулат, (1849 – 1897), Дулат пен Дәміштен туған балалар: Асқар (1865 – 1938), Қонысбай (Қошай, Злиха, Қанипа, Міржақып (1885 – 1935), Ақыжан (1973 жыл қайтыс болады.). Міржақовтың ағасы Асқар Дулатов өзінен 20 жас үлкен болған. Оның ел ішінде беделі зор жұр силайтын, оқыған кісі, елбасшысы, атқа мінері болған ....