Осыған бел байлауы керек еді. Солай істеді де. Ол үйіне келді: есі шығып, өңі қашып кеткен әйелінің бетіне қарай алмастан:
— Әлгі... Мен ақшамды жоғалтып алдым, – деді бұл мезетте оның (қисық әрі дөңес біткен) сарғыш мұрыны қып-қызыл болып кетті. – Жүз жиырма сом.
Аузын ашып аңырып қалған әйелі сенер-сенбесін де білмеді: қалжыңы шығар деп ойлады. Жоқ, бұл қисық мұрын ешқашан қалжыңдап көрген емес-ті, қалжыңның не екенін де білмейді.
— Қайда жүріп? – деді әйел тұтқиылдан. Бұл не дерін білмей, күрмеліп барып:
— Қайда қалғанын білсем, іздеп барып алмас па едім.
— Жоқ! Оның болмайды! – деп шаптықты әйелі, – Бұл тәлкегің енді ұзаққа бара қоймас! – Пештегі ұзын көсеуге қарай ұмтылды. – Табандатқан тоғыз ай толғаттырамын, жексұрын!..
Ол әйелінің соққысын тойтармақ болып төсек үстіндегі жастықты алды. (Бұрынғылар жарқ-жұрқ еткен қалқанына сиынатын еді. Бұл жастықпен жасқайды!) Екеуі бөлмені шыр айнала сайысып жүр...
— Байқа, жастықты былғайсың! Жуатын өзің!..
— Жусам, жуамын, қисық тұмсық. Екі қабырғаңды сындырамын, сындырмай тынбаймын.
Колька Паратов әрбір апта сайын сенбі күні кешкісін қора ішінде концерт береді. Үш қатарлы гармонын алып шығады да онысын құлаштай түсіп, әнге басады:
Күйеуіне Париж жаққа аттанған
Салды әйелі жолыңа деп кепкен нан...
Ара-арасында Колька бөксе жағын бұлтыңдатып билеп те алады.
Тара-рам, тара-рам, та-та-ра-рам
Три-рам, три-рам, та-та-та.
Кешкілікте тұс-тұстан қораға шыға қалған кемпірлер күледі. Үйді-үйлеріне кірмей тыста жүрген балалар да мәз-мейрам болады.
Ал ішінен тұрды әйелі күбірлеп:
Құрысаңшы, құрыр болсаң бүгін деп.
Тара-рам, тара-рам, та-та-ра-рам.
Колька қоңырқай көзді, ашаң жүзді, бұйра шашты әсем жігіт. Бойшаң болмағанымен мытым денелі, апайтөс – сібір жігіті, мұндай жігіттер 1941 жылғы Москваның есінде. Көзі оттай жайнаған ақ тонды жігіттер күн демей, түн демей көшелермен ағылып, өзінің сол кейпімен алып қалаға медеу болған-ды. .....
"Несі бар, мама! Кәрілікке қолды бір сілтеп, келіп қайтпаймысың. Москваны аралап, бәрін де көрер едің. Жол қаражатыңа ақша жіберемін. Ең дұрысы, ұшақпен кел жолың арзанға түседі. Қай мезгілде қарсы алатынымды біліп отырайын, бірден жеделхат жібер. Ең бастысы, жүрексінбесең болды".
Маланья шешей хатты оқып шықты да, кеберсіген ернін шүршитіп, ойланып қалды.
— Павел шақырып жатыр, деді ол Шуркаға, көзілдірігінің үстінен қарап (Шурка Маланья кемпірдің жиені. Қызының тұрмыста жолы болмай үшінші рет күйеуге шыққан). Содан Шурканы өз қолыма ала тұрайын деп қызына тілек білдірген-ді. Маланья жиенін жақсы көреді, бірақ сонда да қылтың-сылтыңсыз, қатаң ұстайтын.
Шурка үстел басында сабақ оқып отырған. Әжесі әлгідей дегенде ол иығын қиқаң еткізді де, шақырады екен бар, дегендей сыңай танытты.
Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) (5.1.1837, Берлин — 12.5.1918, Санкт-Питербург)[1] — Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі (1884). Полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Жасында гимназияда оқыған, Берлин университетін бітірген (1858). Осы тұста ол араб тілі, парсы тілі, түрік тілі, татар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі, т.б. тілдерді үйренді. Радлов 1858 ж. Ресейге көшіп келіп, Алтай өлкесінде мұғалім болды. Кейіннен Қазан оқу бөлімінің татар, қазақ, башқұрт мектептерінің инспекторы (1871 — 84), Азия (1885 .....
Шулятиков Василий Александрович (9.12.1917 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі, аға лейтенант. Орыс.Семей педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін Семей қаласында мектеп директоры қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылып, 1939 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. 1941 жылдьщ маусымынан Воронеж майданы 38-армия ІбЗ-атқыштар дивизияеы 863- жеке байланыс ротасы құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың қазанында Днепрден екі рет (Киев қаласының оңтүстік мен солтүстік маңындағы Жуковка және Вышгород .....
Бүгiн елордада «Халықтың сүйiктiсi-2016» ұлттық жүлдесiне ие болған азаматтар марапатталды. Биыл алтыншы рет өткiзiлiп отырған салтанатты шарада қазақстандық боксшы Василий Левитке Олимпиада алтын медалiнiң көшiрмесi табысталды, деп хабарлайды baq.kz.
Forbes Kazakhstan ең табысты қазақстандық кәсіби боксшылардың тізімін жариялады. Рейтингтің көш басына WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин орналасты.