«Менеджмент»-ағылшын сөзі.Баскару деген мағынаны білдіреді.Ол ағылшыннын «манус»,яғни «қол,күші»деген сөзінен шығып ,алғашында мал бағу саласында,дәлірек айтсақ,ат тізгінін ұстау,меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып,адамдардың белгілі бір ұжымын,тобын басқа рудың,ұйымдастырудың ғылыми,практикалық мәнін білдіретін болған. Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорт сөдігінде былай берілген: 1.Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі; 2.Билік және басқару мәдениеті; 3.Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; 4.Басқару орган,әкімшілік бірлік. Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша түрлі мағынаны білдіреді.Менеджмент-басқару сөзінің аналогы болғанымен,оның өзіндік ерекшеліктері бар.Басқару сөзінің аяссы кең,ал менеджмент белгілі бір басқару түрін,яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпарациялардың жұмысын әлеуметтік,экономикалық процесс негізінде басқару. Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың менеджмент-іргелі дәл ғылымға,ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе,Дракердің түсіндіруінше жоғарыдағы аталған элементтері бола тұра,менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі,практикаға жуықтау делінген.Менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг,өзін-өзі басқару,өзін-өзі іштей реттеу,нәтижеге жетудің ізгіленген,пайдалы,тиімді амал десе,орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау,мақсатқа жетудің тиімділігі дейді.Менеджмент-өндірісті басқару мен өнімнің артуы н іске асырудағы стратегияның тиімділігі,өзін-өзі ақтауы,пәлсапасы, принципі,әдіс тәсілдері.Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді. ....
Жұмыстың өзектілігі – Ондатра дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см шамасында, салмағы 1,5 кг, құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейімделген аң. Мойны қысқа, артқы аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, суда жүзген кезінде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың әрі тығыз, қою қоңыр түстен кейде ашық қара түсті де болады. Ұйығып шағылысу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) зат бөлінеді. Ондатрлардың негізгі отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазіргі таңда Республикамыздың барлық өзен-көлдерінде 950 мыңдай Ондатралар мекендейді деген ұғым бар (2005). Бұл кеміргіштер өзен жағасы биіктеу болса, иірлендіріп ін қазады, керісінше аласа, батпақты келсе, үйшік салады. Ондатрды Қазақстан суларына жерсіндіру табысты аяқталды. Өмір сүруіне қолайлы жағдайда тап болған аңдар тез көбейіп, біздің суларымызда оның саны артты. Соның нәтижесінде 1943-1944 жылдары Қазақстанда 6 жерде: ....
«Фатиха» сүресі: «Сенен бұрын ешбір Пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар "Фатиха" сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі.» (Мүслим) "Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа» (Бәйһақи).
«Бақара» сүресі:
«Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді». (Ахмад, Муслим). Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) айтады: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят». ......
Баяғы заманда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене – үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен. Үшеуі ойласып: — Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп, бөліп алайық ,– дейді. Түлкі бір жарды көріп: — Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер, – деп, көлеңкені саялап, жатып алады.......
Ертеде Атырау бойы тұрғындарының батагөй ақсақалы – Бақан дейтін балықшы қарт болыпты. Күн райын бақылап, дауыл мен жауын-шашын болатын күндерді алдын ала болжап отыратын көреген кісі екен. Күндердің күнінде Атырау бойына бір саудагер шал келіп, сол арадан қоныс тебеді. Оның да аты Бақан екен. Әлгінің қулық-сұмдығын байқаған жұрт: — Саудагер Бақан деген аттан садаға кетсін. Ол Бақан емес, бақалшы, – депті де солай атап кетіпті.......
Құдық терең еді, сондықтан арқан да ұзын болатын. Су тола шелекті тартқан кезде, шығырық ауыр айналатын. Құдықтың суы керемет мөлдір болғанмен, оның бетінде күн сәулесі шағылыспайтын, ал енді күн сәулесі өлеусіреп болса да жеткен жерлер, тастардың арасы жап-жасыл мүктен көрінбейтін.
Міне, тап сол араға құрбақаның үлкен тобыры қоныстанған. Құдықтағылар оларды ауып келгендер деп есептейді. Дәлірек айтқанда......
Баяғыда Бақа деген бір шал болыпты. Ол өзі «қой аузынан шөп алмайтын» момын екен, еш уақытта да бір адамға «сені ме!» деген қатты сөз айтпапты. Осы мінезіне қарай, Бақаны жұрт келемеждеп «әулие» деп атапты. Бара-бара Бақа деген аты ұмытылып, оған Әулие деген ат тағылыпты.
Бақа бір күні бір топ адамға ілесіп, қалаға шығыпты. Қаладан қайтып келе жатқанда, нөсер жаңбыр жауып, көппен бірге жолдағы бір үйге қонуға душар болыпы. Бұлардың қонған үйіне, ел қыдырып, сауда істеп, жұртты алдап, мал тауып жүрген бір бақалшы саудагер де қонады.......