Тойға кеңес: Тойхана, Құдалық, Көрпе-төсек, Ұзату той

Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Тойшыл халықпыз, бір күндік тойымыз кем дегенде бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Ақзеренің блогындағы тойға қатысты жазбаны оқып, өзімнің той жайлы білетіндерімді осында жазсам деп едім.

Маслихат (кеңес), басқаларды білмедім, біздің әулетте үлкен жиын боларда міндетті түрде жақын ағайын-туыстарды шақырып....
Кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ғибратты әңгіме: Бауыржан ағаға барғанда

Сағат таңғы он жарым. Есікті Жәмила жеңгей ашты.
- Кел, қарағым.
Аяқкиімімді шешкелі босаға маңында бөгеліңкіреп қалдым. Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп: «Келген Мамытбек қой», - деді.
- Мамытб-е-ек! – деген іштен Бауыржан ағаның біртүрлі көңілді, жылы, сағынышты, әрі еркелеткен дауысы естілді. Аяқкиімімді шешіп, ұйықтайтын бөлмеге ендім.
- Ассалаумағаликум, аға!
- Уағалайкумсалам. – Баукең созған қолымды күлімсірей алды.
- Кел, қарағым, мына жерге отыр. Залға баруға әлі ерте. Дастархан жасағанша босқа күтіп қаламыз.
Мен үйреншікті орныма тез жайғастым.
- Денсаулығыңыз қалай, аға?
- Онша мақтарлық емес. Терлей берем. Терлегенді жек көретін кісі едім, төзбеске амал жоқ. Тіпті қатын үрейленсе керек, бір-екі рет жәрдем шақыра да жаздады. Мен ырық бермедім. Шақырса, емдейміз деп алып....
Әңгімелер
Толық

Бауыржан Момышұлы

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Бауыржан Момышұлы Бішкек қаласына әскери қызметке жіберіледі. Ол жолшыбай өзінің туған жері – Жуалы ауданында (Жамбыл облысы) 4-5 күн аялдайды. Батыр ағамыздың жанына облыстың, ауданның біраз басшы қызметкерлері еріп жүреді. Ауыл ақсақалдарымен бірге жақсы сөзге жаны құмар жастар да Баукеңнің әңгімесін.....
Баталар
Толық

«Абақты»

- Тілдесуге небәрі 20 минут уақытыңыз бар.
- Рахмет.. Конвой, сөзімнен сөкеттік көрмесеңіз, бізді оңаша қалдыра тұрсаңыз екен ,- деп кезекшінің жүзіне бақұл әрекетті күткендей телмірді. Түрме ішіндегі шендінің шығысымен бөлме іші аздап есеңгіреп қалғандай үнсіздікке көмілді.
- Хәлің қалай, досым?
- Аллаға шүкір, жақсымын..
- О тоба, мынаны қара! Төрт қабырғаға тұншығып отырған жайың мынау, Тәңіріңді ұмытпапсың ғой,- деді де жымысқы күлкісімен жымиып алды. Мұндай тоқ күлкінің астарына үңіле қоймаған Мансұр , елемеген күйі әңгімесін ауыстыруды жөн көріп ед.
- Иә, бауырым, өз хәлің қалай? Бүтінбісің? Әке-шешең, екі қарындасың қалай?
- Эһһ, досым, олардан не сұрайсың.....
kz
Толық