Қазақ әдебиеті |Есберді батыр

Есберді батыр шамамен XVII - XVIII ғасырда Абылай ханның сенімді серігі Әбілпейіз сұлтан тұсында өмір сүрген. Руы - Найман, Қожанбет, Егізқара атасына жатады. Ата қоныстары Бөкенбай тауының оңтүстік етегі, Қалжыр өзенінің бойында. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел-жұртына қамқорлық танытады. 1770 - 1776 жылдары найман елі Әбілпейіз және Көгедай сұлтандардың билігінде болады. 1776 жылы Әбілпейіз ордасы Қалжыр өзенімен Күршім өзені аралығында болған. Бабатілеу, Қабырғатал арасына хан ордасын тіккен. Көгедай Әбілпейізұлы ордасын Зайсандағы Жеменей өзенінің бойына .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Есет батыр

Есет батыр (1803-1889) - Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.[1][2]
1838 жылы Жоламан батырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады.
1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты.
1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жалаңтөс батыр

Жалаңтөс батыр (1576-1656 ж.), Бірі — қалмақ пен қазақтың теке тіресі Орбұлак шайқасына жиырма мың қолмен келген Самаркан билеушісі.
Ал екіншісі - казіргі Ақтоғай ауданы жерінде туып, сол өнірде өмір сүрген Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан Жалаңтөс. Жалаңтөс батыр — Балқаш көлінен бастап, Коңырат, Әулие ата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау мен Қарқаралы аралығындағы сайын .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жаназар батыр

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Шұбартау төлеңгіттерінің үлкен бөлігін, ел арасында «қалмақ» атымен белгілі Мамыттан тараған аталар құрайды. Мамыттан (Желденнен) тараған ұрпақ: Уанас, Қанай, Қонай, Тақай, Ақтабын (кейін бір себептермен Таз деп аталған), Сартабын, Қаратабын, Жөлке, Аю, Дейіт, Жемет, Құлтан аталатын рулардан құралады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда ХVІІІ ғасырдың аласапыран кезеңінде аталықтың ұрпақтарын Өмірзақ бастаса, оның сүйенегені Мамыт тұқымы Жаназар батыр болған.
Осы төлеңгіт елі жайында қазақтың асылы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан да тарихи деректер жазып қалдырған. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 5-наурызда .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жарылғап батыр

Жарылғап батыр (шамамен 1733 — өлген жылы белгісіз) — батыр, би, шешен. Бұқар жырау "Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде — Жидебай, Тобықтыда — Қараменде, Кернейде — Жарылғап” деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жылқыаман батыр Отыншыұлы

Жылқыаман батыр Отыншыұлы (1712-1796) — Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі Ақшатау өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. 1796 жылы Қарақалпақ жерінде 84 жасында Нұрата өңірінде дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.[1]Жылқыаман батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманында үш жүздің басы қосылған, жоңғарлардың түре қуатын 1725 жылы болған қанды қырғында 13 жасында-ақ ат ойнатып, қарсы келген дұшпанды "ақшұбарымен" жусатып, атағы күллі қазаққа дабырлата шыққан.
Нұрмағанбет Қосжанұлының "Сартай батыр" жырында 13 жасар жас бала Жылқыаманның өнері былайша суреттеледі:
Ашуланып Жылқыаман,
Қалт, қалт, қалт етті.
Қайтпаймын деген дауысы
Ақ сұңқардай саңқ етті...

... Жұрдай болған Қырғауыл,
Жүрегі енді зырқ етті.
"Енді өзімді атар" - деп,
Артқы жағы тырқ етті.
Он үш жасар Жылқыаман,
Қырғауылды сөйтіп күлкі етті.
Үш жүздің батыр-билерінің басы қосылған үлкен алқада осылайша өнерін байқатқан Жылқыаман ертеңгі күнгі жоңғарлармен болған шайқаста үлкен абыройға бөленеді. Жырда ол былайша сипатталады:
"Ақшұбар" мылтық білтелі,
Білтенің ұшы қызыл шоқ.
Дәрігі шоқты тіркеді,
Жоңғардың қалың жеріне.
Жылқыаманды сілтеді,
Түтінін қосып түтінге.
Даусына даусын тіркеді,
Қалың жерге келгенше,
Шұбардың даусын іркеді.
Оқ тиген жоңғар оқталып,
Жан-жағына үркеді.
Қазақ елінің азаттығы, еркіндігі үшін 13 жасынан майданға араласқан Жылқыаман батыр өмірінің соңына дейін ат үстінен түспей, "ақшұбарын" көлденең ұстап жүріп, елін қорғаған.
]98 жастағы қарт әкесі Байжан биден 15 жастағы Сартай батыр бата алып, 1000 баладан жасақ құрайды. Сол мың бала үш жүздің игі жақсылары, батырлары бас қосқан Ордабасыға жетеді.
Соғыс басталар кезде екі шекесінде қос айдары бар 15 жасар Сартай батыр, қасында «ақшұбар» мылтығы бар 13 жасар Жылқыаман «Мың баланың» алдын бастап, сауыттарын киіп сапта тұрады. Осы соғыста қазақ жауынгерлері жан аямай соғысып, жоңғарларды жеңіп шығады. Бірақ 12-16 жастағы 1000 баланың ішінен 500-ден астам бала шәһит болады.
Орыс патшайымы қазақтарға от қару сатуға қатаң тыйым салған болатын. Оны сатқан адамды қатаң жазалап отырған. Дегенмен Кіші жүз қазақтары аямай мал беріп, бірлі-жарым от қаруды қолға түсіріп отырған. Сондай адамдардың бірі — Жылқыаманның әкесі Отыншы еді. Ол реті келгенде Ресей жеріне келіп, мал сататын. Осындай сапарында бір үйір жылқыға екі пұт оқ-дәрісімен құндағы ала-шұбар .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұсабек батыр Қалдарбекұлы

Мұсабек батыр Қалдарбекұлы (1815-1886) жылдар аралығында казіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр өңірінде өмір сүрген. Мұсабек батыр, Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізген Қоңырат тайпасының Байлар-Жандар руынан шыққан атақты қазақ батырларының бірі. Өз заманында алты алашқа аты шыққан Сапақ датқа Қалдарбекұлының туған інісі. Қоқан хандығы 19-ғасырдың екінші жартысында алым саққа қазақ қыздарын ала бастағанда, ел арасында толқулар болып, Қоқан хандығына деген халықтың ашу ызасын тудырады. Мұсабек батыр қол бастап, қазақ батырларын жинап .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Олжашы батыр

Олжашы батыр (16 ғ. аяғы — 17 ғ. басы)
Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы Бошан. Оның баласы Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді.
Есім ханның тұсында 1627 ж.: «Хан Тұрсынды ант ұрсын», деп Қатаған Тұрсын ханға қарсы жорыққа баруға қол жиналған. Соңда қолбасшылардың бірі Арғын Олжашы еді. Тұрсын ханның әскері Сайрамның атырабында жеңілді.
Өзінің ордасы Ташкент қаласы еді. Тұрсын хан .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті |Оразалы Қожамжарұлы батыр

Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр.Ұлы жүздің дулат тайпасының Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу .....
Рефераттар
Толық

Қазақ әдебиеті | Оспан батыр

Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан батыр; وسپان باتىر; түр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼·巴图尔; (1899—1951) — 20 ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағыӨмірбаяны[өңдеу]

1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында .....
Рефераттар
Толық