Қазақ әдебиеті | Олжашы батыр

Қазақ әдебиеті | Олжашы батыр

Олжашы батыр (16 ғ. аяғы — 17 ғ. басы)
Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы Бошан. Оның баласы Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді.
Есім ханның тұсында 1627 ж.: «Хан Тұрсынды ант ұрсын», деп Қатаған Тұрсын ханға қарсы жорыққа баруға қол жиналған. Соңда қолбасшылардың бірі Арғын Олжашы еді. Тұрсын ханның әскері Сайрамның атырабында жеңілді.
Өзінің ордасы Ташкент қаласы еді. Тұрсын хан Аштарханид әмірлерімен одақ құрып, Есім ханмен бәсекелескен. Ташкентті алғаннан кейін Тұрсын хан қаза табады.
Артынан бірнеше қыз қалады. Айбике, Нұрбике мен Қызданбике деген ғажайып періштедей сұлу қыздарын Шаншар деген қолбасшы олжа ретінде алады. Қоңырбике деген қызды ұлы Абайдың түп бабасы Әли алады. Кенжесі Оразбике сұлуды Олжашы батыр алады. Олжашының Жүгіней деген ағасы болған. Оразбикені батыр осы ағасына берген. Одан Қойке, Есбалақ, Баян, Хангелді, Кенжек деген балалар туған. Тағы бір әйелінен Қыдырәлі, Кедей деген балалар туған. (Жұрт арасында «Қыдырәлі, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің» деген мәтел қалды.) Ал Олжашының өзінің Асан, Үсен деген балалар туған. Ақтабан шұбырынды кезінде Асанның ұрпақтары Сырдың ар жағына кеткен. Үсендер және Жүгінейдің ұрпақтары Арқада қалып, өсіп-өнген.
Қазақ КСР Ішкі Істер министрі Шырақбек Қабылбаев Олжашы батырдың ұрпағы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру