Қосымшаларды жасау. Объекттерді басқару 1-сабақ (Информатика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оқыту ойындары
Сабақ тақырыбы: Қосымшаларды жасау. Объекттерді басқару 1-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.4.2.3. Спрайттарды басқару үшін скрипттар жазу
Сабақ мақсаты: Ұтқыр қосымшаны жасау ортасында объекттерді басқару ерекшеліктерін зерттеу...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Нұрсұлтан Назарбаев- әлемнің тарихындағы кемеңгер тұлға

Қазіргі таңда Қазақстан-бүкіл әлем таныған ел.Қазақстанның асты байлыққа толы.Жері құнарлы,елі жайсан,халқы мейірімді мемлекет.Қазақстан дамыған 30 елдің қатарында,көптеген ұйымдардың құрамында.
Қазақ елін әлемдік аренаға танытқан,халық қамын ойлап,ел сенімін ақтап,жарқын болашаққа жол бастаған дара тұлға ол-Елбасы.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы тәй-тәй қадам басқан....
Шығармалар
Толық

Қаз тұрып қадам басқан Қазақстан!

Ертеден ата-бабамыз тәуелсіздікті аңсап, елін, жерін жат-жұрттыққа бергізбей, ұлан-байтақ жерімізді қасықтай қандарымен қорғап, келешек ұрпақтарына аманатпен жеткізген.Тарихқа терең үңіле отырып, мен өз қазағымның батырлығына риза боламын. Қазақстан — тарихы тереңге кеткен ел. Менің көшпенді жұртым ғасырлар бойы қандай қиыншылық көрсе де, бостандық пен тәуелсіздікті аңсап өткен. Бір жағынан анталап қоршаған, аюдай ақырған көрші, мықты мемлекет — Ресей, екінші жағынан жанкешті айдаһарлы — Қытай. Менің көп қиындықты басынан кешірген елім қатыгез Шыңғысханның талай жаугершілігін де басынан өткерсе де еш мойымаған. Аптап соққан ыстық желмен алысып жүріп , салқын самал соққан таулы бөктерлерде рахаттана өмір сүрген көпке белгісіз халық ол — менің ХАЛҚЫМ!Қазақ елі алғаш рет бостандық дәмін Жәнібек пен Керей ханның тұсында тапты. Есін енді жия бастаған кезде ел басына қара бұлт тағы төнді. Ол «Ақтабан шұбырынды» еді. Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?!
Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ үшін қайғыға толған кезең болды. Менің әке-шешемнің айтуы бойынша, Кеңес Одағы тарағаннан кейін ел ішінде көп қиыншылықтар болды. Халық тұтынатын тауарлар мен азық түлік күрт азайды, зауыттар мен фабрикалар жабылып, электр жарығын өшіріп, еңбекақы уақытында берілмеді. Әркім өз қарекетімен күн көрді. Басқа елге көшкендер көп болды. Ал 1986 жылғы Желтоқсанның қанды оқиғасы туған жер төсінде төгілген қазақ қанының ең соңғысы болсын деп тілейміз. Сол төңкерістен бес жыл өткен соң қазақ үшін аңсаған күн де келіп жетті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін салтанатты түрде жария етті. Елбасы:«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз», деген халыққа жолдаған үндеуінде үлкен мағына жатыр. Тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттадық. Халық өз қалауымен президентін сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерімізді қабылдадық. Ана тіліміз — қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы — Астана қаласы болды.....
Шығармалар
Толық

Олар өлді басқалар өлмесін деп

Соғыс айтуға оңай... Ауыр зұлматты басынан кешкен адам ол уақытты ешқашан ұмытпайды! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия КСРО - ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Сұрапыл сұм соғысқа менің атам Мухажанов Сыдық Тәліпұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Мухажанов Сыдық 1926 жылы шілде айының он бірінші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Тарбағатай ауданы,Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 3 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, алғырлығымен көзге түскен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін,ақыл сөздерін аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым....
Шығармалар
Толық

Жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке.......
Шығармалар
Толық

Экологияның басқа ғылымдармен байланысы

Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми- техникалық үрдісі әлдекашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы бөлімі ретінде емес, жеке ғылыми тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әр түрлі экологиялық мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердін барлығы қамтиды да, бірақ олардың әрқайсысы өз білімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биология қоршаған ортаның экологиялық дағдырысы туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабаты тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылык қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында:
«Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялык және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экология лық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіруін жүзеге асыру»- деген көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студентеріне «Экология негіздері» курсы оқытыла бастады. Адам мен табиғаттың өз ара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адам затты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің басты және игілікті борышына айналуда.....
Рефераттар
Толық

Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет

Нарықтық қатынас кәсіпкерлік міндетті істі орындайтын, нарықтық шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қызметін ұйғарады.Дәстүрлі кәсіпкерлік қызмет тек пайда алу үшін ғана өндіріс факторларын жүйелі пайдаланып келді. Өтпелі кезеңді бастан кешіріп отырған қоғамның нақты жағдайына сәйкес нарықтық экономиканың тиімді құрылымын қалыптастырудың қажеттілігі мен осы өтпелі нақты жағдайына сәйкес келетін стандарттарды, әдет-дағдыны қалыптастыру қажеттілігін ұштастыруы тиіс күрделі де ұзақ уақытты керек ететін міндетті шешім алу қажет.
Кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайда:
-алдымен жаңа экономикалық қатынастар мен жаңа экономикалық құрылым пайда болады, содан кейін осы қатынас пен құрылымға араласатын адамдар жаңа әлеуметтік сапаны иеленеді.
-кәсіпкерлер пайда болуы үшін кәсіпкерлік заң тұрғысынан реттеліп , белгілі бір іспен айналысуына қажетті тауашасын алуы керек;
-реформа стратегиясын саналы түрде таңдау кәсіпкерліктің айрықша жолмен қалыптасуына әсер етеді.Кәсіпкерліктің айрықша қалыптасуына тән бір нәрсе – бұл айрықшалықтардың стратегиялық мінез- тәртібі шектеулі күйінде қалған. Бұл мінез (яғни, айрықшалық) кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайлардың ерекшеліктерімен ғана анықталып қоймай, сонымен бірге осы заманғы экономикалық ахуалдың өзіндік ерекшелігіне де қатысты болады;
- кәсіпкерлікке тән мінез өндірістік секторлармен айналысатын көптеген кәскерлер үшін қысқа мерзімді мақсаттарының шамадан артық көрсетілетін әсері болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет – мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан және қызмет көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған қызметін өз тәуекелімен дербес жүзеге асырады. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгілері:
1. нарықтық экономика субъектілерінің дербестігі. Ешкім де басқа біреуді кәсіпкерлік қызметтің ана түрін істейсің немесе мына түрімен айналысасың деп мәжбүрлей алмайды;
2. өндіріс факторларын қиындастыруға, инновацияға, жаңа еңгізулерге негізделген бастамашылдығы;
3. тәуекелділік;
4. пайданы жүйелі алуға бағытталғандығы;
5. шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіби қызметі.....
Рефераттар
Толық

Экономика | БАНКТІК НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мына- дай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің
мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар , ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесі келеді.

Ішкі факторлар 67 % Сыртқы факторлар 33 %
Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі 22 % Компанияның банкроттығы. 12 %
Несиеге деген өтінішті оқып
үйрену барыснда ақпаратты
дұрыс бағалауы.
21 % Кредиторлық қарызды қайтарцын талап етуі.
11 %
Алдын ала ескерту беогісіне кеш көңіл бөлуі және опералық бақылаудың әлсіздігі
18 % Жұмыссыздық/ жанұя мәселері
6 %
Қамтамасыз етілудің сапасы – ның нашарлығы. 5 % Ұрлық / Алдау 4 %


Несис бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген карыз алушысы мұндай фактор- ларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық аныкқтап білуге тиіс.
Банкроттыктың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы
өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кебеюі, акционерлік калпиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.
Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тәуекел топтарына жіктейді:
- ең төменгі тәуекелі бар несилер (жіктеуге жатпайтын несиелер)
- ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер
- шектеулі тәуекелі бар несиелер
- ережеден шығу барысында берілгеи несие (стандартты емес несиелер )
Әр тәускел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін , өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.
Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне — потенциалды қарыз алушыларды тандау жатады. Қарыз алушының қаржылық ....
Рефераттар
Толық