Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Тәрбие сағаттың тақырыбы: "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш" Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. 1.Оқушыларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, олимпиада жүлдегерлерін құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тәрбиелеу. 2.Оқушыларға Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана, жалпы рәміздер туралы мағлұматтар беру. 3.Астана қаласы, мемлекеттік рәміздер,олимпиада туралы баяндау арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін, танымдық қабілеттерін дамыту, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Тақырыбы:Алтын Күз Мақсаты: 1.Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау. 2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру. 3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Мерзімі: 19. 05. 2018 ж Бастауышпен қоштасу мерекесі Тексерілді : Р. Қожамжаров
Сабақтың тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»
Сабақтың мақсаты: «Аттандық бала шақтан-болашаққа» бастауышпен қоштасу мерекесімен таныстыру. Ұстаздарымыз бен мектеп туралы түсіндіру. Бітіруші бастауыш түлектеріміз туралы мәлімет беру. Оқушыларды мектебін, ұстаздарын құрметтеуге, өз елін, жерін сүюге баулу, тәрбиелеу.
Білімділігі: Ұстаздармен мектеп рөлін еңбегін айту.Ұстаздарды....
Адамзат тарихи әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары. Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар — сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2,5 млн. жылдан бұрын б.з.д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі — Палеолит (ерте тас ғ.) және Неолит (жаңа тас ғ.). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т.ғ.) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. — б.з.д. 40 мың) және жоғарғы (б.з.д. 40 — б.з.д. 12 мың). Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді. Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі – үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады. Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.э.б. VІғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж.б. батыс ғалымдары, ХХғ.) және басқа варианттарын ұсынды. Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.э.б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б.э.б. IV мың. б.э.б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б.э.б. І мың жылдықтан бері). ....
Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай: «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз Азаттық жолында жалындап жаныппыз. Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз». Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады. Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты. Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан.....
Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын_ болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі " баланың өзінің көп уақытын ойынмеи алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ьаланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. ....
Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінін түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бүл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айкындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар мен адамдармен бірге болды., оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктін маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдык қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген үғымдармен тікелей байланыстырылды. ....
Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта инфоорматиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау. Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі. Зерттеудің пәні: информатиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы. Зерттеудің міндеттері: - зерттеу тақырыбына информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау; - компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау; - бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.....
Әрқандай істі бастаудан алдын: «Бисмилләһир рахманир рахим»-ды айту қажет, Бисмилләмен басталған іс берекелі әрі оның соңы жемісті болады. Яғни, шайтанның жолы тарылады.....