Дарынды баламен жеке жұмастырды ұйымдыстыру

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз
үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек»,-дейді. Демек, ұстаздар қауымының
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ғылымды насихаттау бағытында
интелектуалды дамуына жол ашу, ғылыми-танымдық қызығушылығын қолдау
мақсатында дарынды оқушылармен жұмыс.......
Баяндамалар
Толық

Ұлттық ойындардың бала дене бітімін дамытудағы ролі

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында пайдалану оқушының ұлттық өнегені бойына
сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің
жан – жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түсуге жол ашады. Ұлттық – қимыл
ойындарының қай – қайсысы болса да күшті, жылдамдықты, ептілікті және төзімділікті
мейілінше жетілдіруге мүмкіндік береді. Биылғы мемлекет.......
Баяндамалар
Толық

Батыр бабаларымыздың ерлігі

Басынан көне тарих төмен құлдап,
Тағдырын туған елдің келем жырлап.
Өзегім талып жеткен Тәуелсіздік,
Өмірде не бар екен сенен қымбат?

Мен 7 сынып оқушысы Ятимов Жахонгир. Ұлтым тәжік. Соған қарамастан мен өзімді қазақ халқының перзентімін деп мақтанышпен айтамын. Себебі мен осында, кең-байтақ, азат елде дүниеге келдім. Қазақ халқының тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрпын, ақындары мен жазушыларының көркем шығармаларымен мектеп табалдырығында оқып, үйренудемін. Ал қазақ тілінде сөйлеу мен үшін үлкен абырой. Мен қазақ тілінде ......
Шығармалар
Толық

Дүние жүзі тарихы | Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі

Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі - әскери бөлім. 1942 жылы қыркүйекте Алматыда жасақталған. 1943 жылы 20 ақпанда Новгород облысы Хвойная ст-на жеткізіліп, Ерекше әскерлер тобының, кейіннен Солт.-Батыс майданындағы 68-армияның құрамына кірді. Соғысқа кірген алғашқы 9 күнде 320 рет әуеге көтеріліп, байланыс жасады, жаралыларды тасыды. Келесі 20 күнде 294 рет әуеге көтеріліп, Старая .....
Рефераттар
Толық

Қызға тілек: туған күнін құтты болсын!

Қазақстанда Алматы деген әсем қала бар, сол қаладай әсем, әдемі бол. Сол Алматының төресінде Алатау деген тау бар, таудың биік шыңында аппақ қар бар, сол ақ қардай көңілің ақ, пәк болсын. Таудан төмен түссең орман бар, сол ормандай достарың көп болсын. Сол орманының ішінде сарқырап аққан өзен бар, сол өзендей махаббатың мөлдім, таза болсын. Сол орманнан кішкене төмен түссең бір ұзын, түзу жол бар, сол ұзын жолдай ғұмырың ұзақ әрі түзу болсын! Туылған күніңмен!

Құттықтау, тілектер
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің рейтингін талдаудың ақпараттық жүйесі

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.
Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.
Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.
Коммерциялық банк рейтінгін талдаудың ақпараттық жүйесі бізге сол банктің жүргізетін операцияларын, оның қызметтері жайлы білуге көмектеседі. Банктің рейтингі негізінен Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті қызметі арқылы жасалып отырады. Сол арқылы банктің капитал жағдайын, өтімділігін, тәуекелге бара алу-алмауын айқындауға болады.
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айрбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтанда банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық