Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу әрекетінің дамуы
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері "мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.....
Рефераттар