Аңыздардан тере жүріп масақты, Рас, рас көзімізден жас ақты. Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар, Бірімізден бір-бір батыр жасапты... Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой... Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?....
Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып ізденейік. Ги де Мопассон Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы......
Бала және балалық шақ. Балалық шақ та әртүрлі болады: кейбіреудің балалық шағы бұлтсыз бейбіт аспан астында алаңсыз өтсе, бір ұрпақтың балалық шағы қатал да қиын тағдырлы. Ұлы Отан Соғысы. Қанша тағдырдың тамырына балта шапқан, балалықтың бал күнін «соғыс» деген суық сөздің ызғарымен қарыған 19411945-ші жылдар. Мен осы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өзіміз қатарлы балалар жайында оқып білгенді ұнатамын. Сондықтан да он бес одақтас республика бір үлкен Отан болып есептелген Советтік Отанды неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге атсалысқан жас батырлар туралы жазып отырмын. Соғысқа дейін олар жәй ғана қарапайым балалар болатын. Мектепте оқып, үлкендерге қолғабыс беріп, доп қуып жүрген ойын балалары еді. Оларды тек туыстары мен бірге оқыған достары ғана танитын. Кенет соғыстың сын сағаты жетіп, кешегі балалар өздерінің Отанды қандай үлкен жүрекпен сүйетінін дәлелдеді. Иә, соғыстың ауыртпалығы сол кездері балаларға да түсті. Бірақ ол ауыртпалықты жас балалар көтере білді, шыбықтай жас қабырғалар одан қайыспады да. Соғыстың алғашқы күндерінде –ақ Брест қамалын қорғауда музыка взводының тәрбиеленушісі он төрт жасар Петя Клыпа ержүректілігімен ерекшеленіп, І дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен марапатталды. Көптеген пионерлер партизан отрядтарында барлаушылық қызметін атқарды, кейбіреулері астыртын жұмыстарға қатысып, диверсант та бола білді. Пионер Зина Портнова Витебск облысында «Кек алушылар» отрядында жауға қарсы күресті, осы астыртын ұйымда жүріп ол комсомол қатарына қабылданды. Сатқынның ұстап беруімен қолға түскен Зина жауап алу кезінде үстелден пистолетті алып үлгереді, сөйтіп, тергеуші мен екі қарауылын атып қашуға әрекеттенеді......
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3A Сақтар Сабақ тақырыбы: «Мұртты обалардың» ерекшелігі неде? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме: 5.2.2.1 – археологиялық ескерткіштерді салыстыру; Сабақ мақсаттары: Ерте темір дәуіріне қатысты сақтардың мұртты обаларын өзара салыстыру арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, заңдылықтарын көрсету.
Соғыс... Бұл сөзде қаншама қатігездік пен қорқыныш бар десеңші! Осы сөзді естігінде бүкіл жан дүниең дүрлігіп кететін тәрізді. Неге десеңіз, қаншама жан қырылып, қан судай аққан кезең бұл. Қанша бала жетім, қанша ана жесір қалды десеңізші! Бұлқан төгіс төрт жылға созылды. Осы жалмауыз соғыстан өз отбасыларымен қауышып оралғандар да бар, өз жанын Отан үшін қиып қан майданда, жат жерде қалғандар да бар. Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің ұлы атам да , атамның әкесі, болды. Есімі - Үзікбайұлы Оразбай. Ол кісі 1898 жылы дүниеге келген. Ол кісі жалындаған жастық шағында елмен бірге Отаның қорғауға 1941 жылы қан майданға аттанады. Артында адал жары, балалары қалады. Ұлы атам Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсеткен. Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысқан. Өзінің ерлігі үшін ордендармен марапатталды. Жеңіс күнін ұлы атам Кенисбург қаласында қарсы алды. Соғыс жылдары әйелдер мен балаларға да оңай тиген жоқ. Ер адам атқаратын жұмысты яғни, жер жырту, мал бағу, егін егу сияқты ауыр жұмыс нәзік жандардың мойнында болды. Шиіттей балаларын арқаларына байлап, еңбек ететін жаппай әйелдер. Күндіз жер жыртып, ауыл қамы қамтылса, түнде әйелдер жиналып майданға жіберу үшін қой жүнінен жылы шұлық тоқитын. Шаршау дегенді білмейтінбіз дейтін әжем. Күлкісіз, уайымға толы қараңғы ауылда қалған біз үшін, суық жерді окопта құшақтап жатқан жауынгер үшін бір нәрсе ғана керек еді... Ол – Жеңіс. Жеңіс - қуаныш, ер - азаматтардың аман-есен соғыстан оралуы. Менің атамның осы күнде еске алып отыратын бір оқиғасы бар. 1946 жылдың көктем айы еді . Соғыс аяқталғанына бір жыл. Ауыл аздап болсын есін жиған кез. Күннің жадырап шығуы жақсы жаңалық келетінін сездіреді. Ауыл адамдары күнделікті тірліктерін атқарып жүр. Ауылдан кеткен ер азаматтардың көбі соғыстан оралған жоқ. Атамның әкесінен де еш хабар болған жоқ........
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын Бауыржан Момышұлы Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар. Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Тарих беті үнемі жаңарып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескерілмей қалмайтын тарихи оқиғалар айтарлықтай көп.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыстың қасіреті мен ұлы жеңістің қасіретін арқалаған қадірлі,қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.Ұлы Отан соғысы халыққа көптеген қасірет әкелді.Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтардан 1млн 200 мың адам қатысты.Соғыста олардың 600 мыңы қайтыс болды. Гитлер КСРО-ны «Барбаросса» жоспарымен 3-4 айда басып аламыз деп есептеді. Бірақ,соғыс 1418 күнге созылды. Гитлер бастаған фашистер 1941 жылы 22 маусымда КСРО аумағына баса көктеп кірді.1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волоколомск бағытында ұрысқа шықты. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075-ұлан атқыштар полкы жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Взвод жауынгерлері бар жоғы 28-панфиловшылардың ерлігі ешқашан естен кетпейді. Олар 4 сағат бойы жауға тойтарыс берді. Жаудың 14 танкісінің көзін жойып, 28 панфиловшылар алапат батылдық танытып, теңдессіз жау күшіне едәуір қарсылық көрсетіп, ерлікпен қаза тапты. Солардың 22-сі қазақстандықтар еді. Москва облысының Бородина селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңес одағының батыры атағы берілді. Автоматшылар тобын басқарған Мәлік Ғабдуллин ерекше ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын зор марапатпен алды. Бородина селосының түбінде Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды. Кеңес Одағы батыры алғандардың қатарында Маңғыстаулық Мәди Бөгенов, Жұмағали Қалдықадыров, Біләл Қалиев пен жауынгерлік «Даңқ»орденінің иегері Кемел Оңғарбаев бар. Хиуаз Доспанова қазақстандықтардың тұңғыш әскери ұшқышы......