Балалық шақтың тәтті кезі

Ол кезде біз алтыншы не жетінші сыныпта оқитынбыз. Нақты есімде болмай тұр. Балалық шақтың тәтті кәмпитін жеп жүрген кезіміз. Жігіт, сүю, махаббат деген нәрселердің ойға кіріп те шықпайтын кезі болатын. Бірақ бәрі де бір күнде өзгеріп шыға келді...

Көктемнің шуақты күні болатын. Күн шығып тұрғанымен, қыстың сызы кете қоймаған шақ. Мамамның «қалың киін» дегенін тыңдамай, көктемнің алдамшы күніне сеніп, ауру «сатып алдым». Сабақта мазам болмай, ыстығым көтерілген соң үйге сұранып, мектептен шығып бара жатқанмын. Артымнан «Әсел, тоқтай тұршы» деген дауысқа жалт қарасам, сыныптастарым Нұрсұлтан мен Үсен екен. Не айтар екен деп ойлап тұрғанымда олар да жаныма келді. Ананы айтып, мынаны айтып, соңымнан қалар емес. Сабақтың басталып қалғаны қашан, ал олар әлі менің арқамнан қалар емес.

- Сендер қайда бара жатырсыңдар? Сабаққа бармайсыңдар ма?

- Біз сені шығарып салайын деп едік.

- Жайша ма?

- Жай.

Әңгімеміз осылай өрбіген-ді. Бір кезде мектептің ауласынан шығатын қақпаға жақындағанымыз сол еді, Үсен барды да есіктің аузына тұрып алды. Шығайын десем шығармайды......
Махаббат хикаялары
Толық

Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М Жұмабаев «Балалық шақ» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу М. Жұмабаев «Балалық шақ»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді қатесіз, дауыстап оқиды, мазмұнын түсінеді, оқығаны бойынша ойын жазады
Көптеген оқушылар:. Өлеңді мәнерлеп оқиды, оқығаны бойынша мысалдар келтіре отырып өз ойын жазады;
Кейбір оқушылар: шығарманы мәнерлеп оқиды, оқығаны, көргені бойынша мысалдар келтіре отырып жазады, өз ойын дәлелдеп, қорытындылайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Балалық шақтың бейнесі (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Балалық шақтың бейнесі
Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
Сабақтың мақсаты: Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Циркке барамыз Бақытты балалық шақ (3 сынып, IV тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениті.
Сабақ тақырыбы: Циркке барамыз. Бақытты балалық шақ.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Өлеңді мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасып, оның мазмұнын түсіну біліктері дамытылып, сыни ойлау қабілеттері жетілдіріледі.
Оқушылар берілген суреттер арқылы мәтін мазмұнын болжауға, суреттерде бейнеленген көріністі сөзбен баяндап беруге үйренеді.
Тапсырмада берілген мәтінді жеңіл қабылдауға мүмкіндік жасалады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Бақытты балалық шақ

Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген......
Шығармалар
Толық

Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу әрекетінің дамуы

Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері "мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.....
Рефераттар
Толық

Психология | Балалық шақтағы жеке тұлға ретінде дамудың негізгі теориясы мен бағыты

Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделеленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісінен, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалык іс-әрскетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.
1. Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму
процесінде қалыптасатын мотивтер сан "алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, олардың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын орындау маңызды саналып, мектептегі үлгірім бағасын көбірек ойлайды. Кейде мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Балалық шаққа саяхат


ҮЗІК-ҮЗІК СУРЕТТЕР

Жаз. Жайлау. Шұбала қонған киіз үйлер. Қанаттас бір ауылға апам мені жетелеп, қыдырыстап келген. Үш-төрт әйел үйде шай ішіп әңгімелесіп отыр да, мен сыртта асық ойнаған балалардың қасында қызықтап қарап тұрмын.

Ересектеу баланың бірі кенет иығымнан жұлқып қалды:

— Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр!

Ауылдың ортасын қақ жарып, тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Сол жолмен түйеге мінгескен екі әйел соқтырып кетіп барады. Екеуі де кимешек киген. Артындағысы аумаған менің шешем. Мені бөтен ауылда қалдырып, жөнеп барады.

Мен шешемнен өлмей қалармын.

— Ала! Ала! — деп артынан қуып бердім. Құлындағы дауысым Құдайға жетіп, бақырып жүгіріп келем. Аяулы шешемнің маған бұрылып қарағысы да келмейді.

— Aпa! Апа!

Бақырудан өңешім жыртыла жаздайды. Жол шетіндегі үйлердің адамдары бәрі маған қарап қалған. Тек шешем ғана қарамайды. Ұзын аяқтарымен тайраңдай желген жүрдек түйе оңайлықпен жеткізбейді.

Бір әйел көлденеңнен дауыстап:

— Әй, қатын, балаң жылап келеді! — деді.

Шешем енді ғана маған жалт бұрылып қарады.

Сөйтсем, шешем деп жылап келе жатқан адамым мүлдем бөтен... Алдындағысы да мен танымайтын басқа әйел.

Өз шешем сол әлгі шай ішкен үйде отыр.

Уақыттың көбін су бойында өткіземіз. Су бойында ойнаймыз. Міне, енді қалжырап үйге қайтып келем, қарнымда түк қалмаған, ашпын.

Шешем құр талқан берді. Дәмсіз қара талқан. Жейін десем, тамағымнан жүрмейді...

Біздің ауылдан жоғары бір шақырымдай жерде Киікбай ауылы. Сонда күйеуге тиген немере әпкем тұрады. Қалай келгенімді білмеймін, сол үйде қазанға қарып жапқан күйелештеу нан жеп отырмын.

Бір кезде есіктен шешем кіріп келді. Мені көріп, жылап бас салды. Неге жылайтынына түсінбеймін.

Сөйтсем, шешем мені аяқ астынан жоғалтып алған. Бүкіл ауылдан іздеп таппаған. Суға ағып кеткен деп ойлап, есі қалмаған.

Бұдан аз бұрын шешем мені осында ертіп келіп, нан жегізген екен......
Әңгімелер
Толық