Психология | Балалар агрессиясы мен акцентуациясы

Кіріспе.
Зерттеу өзектілігі. Жеткіншектерді өз көңіл күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлай білуге, комплимент-мадақтау сөздерді айта білуге және эмоциялық жағдайды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету, оларды тәрбиелеу барысындағы аса бір маңызды элементтің бірі болып саналады. Жеткіншектердің психикалық даму деңгейінің жоғары, денінің сау болуы , стрестік жағдайды болдырмау, кикілжіңді орынды түрде шешу, бұл жерде талқыланатын мәселе болып табылады. Бұл зерттеу негізінен мына сұрақтармен тығыз байланысты: сезім мен эмоцияның психологиялық мәні неде? Жеткіншектердің психикалық ауруларға тап болуының, стрестік жағдайлардың болу не себептен? Бұл мәселе психология ғылымында психикалық процестердің яғни танымдық процестердің дамуымен тығыз байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Балабақшада балаларды затпен әрекет ету арқылы баланың сана-сезімін дамыту

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақсатан» атты Қазақсатан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үздіксіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Ата ана қамқорынан қалған балалар психологиясы

Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Әрине, жақсы өмір сүру дегенді әркім өзінше түсінетіні де баршамызға мәлім. Біздіңше, жақсы өмір сүру дегеніміз, қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден көруге болады. Тіпті, бұл балалардың да қоғамның белді мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтірмесе керек. Осы тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам сұранысына байланысты өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ата-ана қамқорынан қалған балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.Сонымен қатар, жылдан-жылға олардың санының артып жатқандығы да құпия емес.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы жасөспірімдердің арасында заң бұзушылық, қылмыстық істерге баруға мүмкіндіктер туғызуда. Әсіресе, ата-ана қамқорынан қалған балалар арасында дөрекілік күйдегі жасөспірімдер саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау қасиеттерімен сипаттайды. Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азғындау және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға бейім болып отыр. Бұл жағдайдың өзі қоғам дамуын шиеленістіреді. Әрине, қарастырылып отырған мәселе мүлдем зерттелмеген деуге болмайды. Айталық, ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін А.Адлер, А.Фрейд, Дж.Боулби, Р.Шпиц, В.Винце, М.Лисина, С.Ю.Мещерякова, Н.М.Щелованов және т.б. ғалымдар қарастырды. Ата-ана қамқорынан қалған балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И. Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Аномальды балаларды оқыту

Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан Ұлы Қазан революциясының уақытына дейін созылады. ХІХ ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған Санкт-Петербургтік училище және Петер, Мәскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен ақыл-есі кем балаларға арналған приют пен арнайы мектептерде 200-ге жуық балалар ғана тәрбие алатын.
ХХ ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде ғана балаларға логопедиялық көмек көрсетілді. ХІХ ғасырдың соңында Ресейде зағип адамдар саны 250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер саны 150 000, ақыл-есі кем адамдар саны 200 000 жеткен еді.
Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблеммасы 1896 жылы кәсіби-техникалық білімді басқарудың № 2 съезінде талқыланған болатын. Сол съезде көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту секциясы құрылды. Бұл жерде талқыланған мәселе - Ресейдегі аномальды балаларға үкімет басшылығының және қоғамның көңілін аударуды және арнайы мекемелер жүйесін ұлғайтып, кеңейтуге ұсыныс етті. Бұл секцияның ең басты жұмысы – Ресейдегі дефектологтардың І съезді болатын. Съездтің қатысушылары аномальды балаларға деген қамқорлық – ол қоғамның міндеті екендігін дәлелдеді. Олар балаларға көмектің тек негізгі формасын ғана емес, мектепке дейінгі және мектептегі балаларға арналған мекемелер құрылымын анықтады. Бұл сұрақтардың шешімін тапқан соң шетелдік аномальды балаларға арналған мекемелердің тәжірибесі ескерілді...
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі:
Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.
Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Аномальды балалар тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан ерекше әсер етеді.
Дефектология курсының мақсаты әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
Осы курстың міндеттері:
 дефектология ғылыми білімінің саласы ретіндегі ұғымы туралы, оның тарихы, қазіргі кездегі жағдайы және оның дамуының бағыттары жайлы білімдерді беру;
 мүмкіндіктері шектелген балалардың негізгі топтарына психологиялық сипаттама беру;
 арнайы мекемелердің әр түрлі типіндегі білім беру жүйесін, яғни білім беру мазмұнын, принциптерін, оқу тәсілдері мен формаларын ашу;
 мүмкіндіктері шектелген балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуінің жолдарын көрсету;
 дамуында ауытқуы бар балаларды интерактивті тұрғыда оқытудың үлгісін ашу;
 балалардың бойында кәсіби және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
 балалардың физикалық дамуын, ақыл-ойын терең және жан-жақты зерттелуінің объективті заңдылықтарын жүзеге асыру;
 аномальды балалардың кемістігін жою, түзету және орнын толтыру мүмкіндіктерін іске асыру;
 аномальды балалардың қоғамдық ортадағы өмірі мен белсенділік ерекшеліктерін зерттеу;
 аномальды балаларды тәрбиелеу жүйесінің даму принциптерін, білім алуын жақсартуды жолға қою;
 арнаулы мектептердегі оқушыларды практикалық белсенділікке даярлау.
Баланың дұрыс қалыптасуына негіз болатын басты жағдайлар:
1. Баланың бас миының дұрыс қызмет жасауы;
2. Баланың физикалық жағынан дұрыс дамуы;
3. Сезім мүшелерінің сақталып, дұрыс қызмет атқаруы;
4.Балалардың бала-бақшаларда, жанұяда, мектепте жүйе бойынша оқытылуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | ПДК-ген балалардың аумақты елестетулерінің қалыптасу жағдайы

Кіріспе.
Бала өмірінде оқу және жазудың рөлі ерекше. Оқу және жазба тіліне қатысты, бала оқу мен жазу білімін меңгеру деңгейі бүкіл педагогикалық процестің дамуына әсерін тигізеді.
Сөйлеу мәнері және танымдық қасиеттері бұзылған балалардағы сөйлеу мен оқу кемшіліктерін В.В.Воронкованың, Г.А.Кашенің, Р.Е.Левиннің, Д.И.Орлованың, И.Н.Садовникованың қарастырулары бойынша, оқу мен жазудың бұзылу себептеріне сөйлеудің әр түрлі дәрежедегі бұзылулары жатады: айтудағы, фонематикалық қабылдаудағы, дыбыстық талдау мен синтездегі, лексика-грамматикалық дамудағы өзгерістер, сонымен қатар гностикалық қызметтердің бұзылуы: аумақты қабылдау, оптика-аумақтық талдау және әріптер гиозисі, қолды қозғалту қызметі, дыбыс есту координациясы, уақыттағы бейімділік.
Кейбір зерттеулерде оқу мен жазуындағы бұзылулардың жазу үстінде туындайтын баланың психикалық қасиеттеріне қатысты ерекшеліктерімен: барлық жазу операцияларының үйлесіміндегі қиындықтармен, олардың әр қайсысына көңіл аудару мен бірінен біріне өту қиындықтарымен байланысты екендігі аталып өтеді. Сөйлеу-есту қасиеттерімен, сөйлеу-естуді есте сақтаумен, т.б. байланысты жазба тілінің әр түрлі бұзулулары көзге түседі.
Г.И.Данилкиннің ойынша, сөзді дыбыстық және морфологиялық талдауды меңгеруге дайындықтың жеткілікті болмауы, балалардың ана тідін меңгерудегі танымдық деңгейінің жеткіліксіз болуына негізгі себеп болып табылады. Бұл сөздегі орындарына байланысты әр түрлі дыбысталатын дыбыстардың жиынтығында, сөздегі ұқсас дыбысталатын дыбыстарды ажыратуда үлкен қателердің туындауы. Бала естіген сөзіне қарап жазатын болғандықтан, дыбысты талдаудағы және синтездеудегі қателіктер, міндетті түрде сөйлеудегі және сөзді жазудағы қателіктерге апарады.
Жазу мен оқуды қабылдаудағы кедергі келтіретін тағы бір себеп, танымдық деңгейлері жетілмеген балалардың дыбысты сәйкес әріппен байланыстыра алмауы екені белгілі.
Бұл шешім сондай балалардың дыбыстық қорытындысына негізделген.
Ана тілін меңгеру қиындықтары, сонымен қатар, оқушылардың әріп пен оның белгіленуін үйренгенде туындайды. Г.И.Данилкиннің пайымдауынша, танымдық деңгейлері қалыпты дамыған балаларға қарағанда, бұл балаларға әріпті жазып үйренуге айтарлықтай уақыт кетеді, және оларда кейбір ұқсас әріптерді ажырата алмау мәселесі де көп кездеседі. Олардың танымдық бағдары мен көрулік қабылдауларының бұзылуы соған себеп дей аламыз.
Танымдық деңгейлері жетілмеген - балаларда, көбіне, моторлық аймақ пен орын болады. Ол майда бұлшық еттердің сәйкес қимылдарының үйлесіміндегі өзгерістер немесе кемшіліктерден, саусақ бұлшык еттерійін, толық дамымауынан, қолдың білегінің тұрақсыздығынан туындайды. Тіпті
байланысты олар тез шаршап, жұмыстары бәсеңдей түсіп, орындап отырған тапсырмаларында қателіктер пайда болады. (Мовкебаева 3. A. ) (2)
Арнайы мектептің бірінші сыныпына жаңадан келген баланың ұйренуге дайындығын тексеру үшін мұғалім оқудың бірінші аптасында оқушының қарапайым қорытындыларының деңгейін анықтайды. Баланың бір топқа жататын заттарға жалпылама сөздерді, қолдану дәрежесін, топтарға жататын жеке заттарды, өзінше атау қабілетін жетік тексеру мақсатында, мұғалім олардың әрқайсысымен жеке әңгіме құрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткіншек жастағы мінез-құлқы қиын балаларды анықтау және коррекциялау

Кіріспе
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең, «қиын жас», «проблемалы» т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар алды.
Жеткіншек жастағы оқушылардың арасында мінез-қүлқында қиындықтары бар оқушылар көптеп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мүндай оқушыларды «Мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші», «Қиын балалар» деп атайды. «Мұндай оқушыларға қандай балаларды жатқызамыз?» деген сұрақ туындайды. Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мүғалім талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, сынып мәселелері қызықтырмайтын, ал кейде психикалық дамуы, ойлау қабылеті кейін қалған, ашуланшақ (әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге әрең көнетін) оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызуға болады.

БӨЛІМ І ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1. «Қиын» балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктерінің теориялық мәселелері.

Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Мінез-қүлқында қиыншылығы бар окушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: біріншісі – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; екіншісі - отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.....

Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Зиятында ауытқу бар мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық түсінігі

Кіріспе.
Зерттеудің көкейкестілігі.
Баланың мектептік жағдайға жемісті кіру мен оқу ісін тез меңгеру , оны мектепке дұрыс дайындалуына байланысты. Аксенова, Өмірбекова, Бектаева, Самсонова Қ.А. т.б.
Арнайы мектептің басты мақсаты, әрбір баланың мектепке дайындығының, келесі сатыда мектептік бағдарламаны жемісті игеріп кетуінде.
Жазу мен оқудың психофизиологиялық негізі болып бірнеше талдау жүйелерінің бірігіп жұмыс атқаруда екені белгілі. Көптеген авторлардың зерттеулерінде, көрсетілгенг топтардың аталған жайттарды жүзеге асыру үшін сақтау қажеттілігі аталады. Мысалы: А.Н.Гнецеренов, В.В. Воронкова басқалар сауат ашу қажеттілігі үшін фонематикалық талдау мен ситезді сапалы ақыл-ес әрекеттері ретінде сақтауды көрсетеді.
М.В.Гнездилов, В.В.Воронкованың зерттеулері дыбыстарды артикуляциялық кинестетиклық талдаудың маңыздылығы мен қажеттілін сақтауды атап көрсете отырып, екінші жағынан әр дыбыстың әр сөзінде алатын орнын дұрыс қоюды негіздейді.
Фонетика – фонематика жетіспеушілігі бар балаларды мектепке дайындау, сауат ашу кезінде жоғарыда көрсетілген жайттар білінеді. Бұндай балаларды мектепке дайындау жемісті толыққанды болады деп айта аламыз. Мектепке дайындық кезінде көптеген балалар мектепке барар алдында зиятында ауытқуы бар олқылықтарды толық жеңе алмайды.
В.В.Воронкованың пікірі бойынша дифференциалдық ыңғайдың (әдіс) мақсты әр баланың әр топтаь сөйлеу деңгейіне арналған мазмұны салмақты материалды қамтуында:
- сөздердің барлық дыбыстарын анық беретін;
- барлық дыбыстарды дұрыс айта алатын, әсіресе бір дыбысты өзге дыбыспен алмастыру;
- 1 сынып балаларының сөз дыбыстарына талдай жасай алуын игеру қажет.
Осы мақсаттың әдістемелік пәні баланың мектеп бағдарламасын сенімді меңгеріп, өз сауатын жемісті ашуына себепкер болуында екенін баса айту керек. өкінішке орай қазіргі таңда зиятында ауытқуы бар мәселесі және ғылыми толыққан дифференциалдық әдіс баланы дайындауда сауат ашуында ғылыми негіздерге сүйенген бағытты қамти алмай отыр. Мектепке дайындық топтарын және 1 сынып бағдарламаларының жетілмегендігі, оны тәжірибиеде дұрыс қолдана алмауы, мектептегі бағдарламаны баланың игеріп кетуіне айтарлықтай қындықтар туғызады. Сонымен бұл проблема (қиындықтар) зерттеу мақсатын анықтауға негіз болады.
Зерттеудің мақсаты: Әртүрлі ақыл-кем балалардың олқылықтары бар балардың сауатын ашуда дұрыс астары кең, мәні зор әдісті тәжірибиеде қолдануында.
Мақсатқа сәйкес зерттеудің кеесі міндеттерін атай кетуіміз керек:
- «Сауат ашуға дайындық», « фонематикалық ойын», «дифференциялдық әдіс» ұғымдарының түсінігін ашу.
- Ақыл-ойы кем балаларының а)фонематикалық ойындарының қалпын меңгеру: Олардың жиынтығын, дәрежесін анықтау; б) олардың жиынтығының дәрежесін анықтау; в) мектептегі 1 сыныптағы дифференциалды әдісті дәйектеу және осы әдісті жетілдіру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.
«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Телеарналардағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері

Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға, жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек, өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу – мемлекеттің мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан, оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру керек.
Теледидар – бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында «Егер елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар едіңдер?» деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт дискілер, екінші орынға – тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық