Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі

Қырдан қырайман көрдім,
Судан сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.
Диірмен, балық, қауын

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін.
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
Орамжапырақ

Асты тақта,
Үсті тақта,
Ортасы жасыл мақта.
Пісте
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Мамандықтар (шаштараз, аспаз, агроном, мұнайшы, журналист, футболшы)

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.
Күйші

Отан үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
Белгісіз солдат

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?
Тоқымашы
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Әдеби жұмбақтар

Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!
Сәлемдесу

Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
Өлең

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
Ана сүті
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Сіріңке суретімен

Бір сіріңкені жылжытсаң теңдеу дұрыс болады.
Жұмбақтар жауабымен: Сіріңке суретімен

Жауабы:


Бір сіріңкені жылжытсаң жауабы дұрыс болады.


Жауабы:


Бір сіріңкені жылжытсаң жауабы дұрыс болады.


Жауабы:

Жұмбақтар жауабымен

Новость отредактировал: ZHARAR - 25.12.2019

Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Біз бақытты баламыз

Сабақтың мақсаты: Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы,достық,ойын,ойыншықтар туралы айтып, өнермен өрнектеп көрсету. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту. Ұлттық нақыштарын, бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу. Өнерді сүюге баулу....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Қыс

Сабақтың мақсаты: Балаларға жыл мезгілдері туралы әңгімелеу, қыс мезгілі жайлы білімін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Сұрақтарға жауап бере білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап, толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Тіл байлықтарын молайтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Балалардың тынымдық ұйымдастыру, құрастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Технология: Ойын технологиясы, «Тәй-тәй технологиясы», Мәселелік оқыту технологиясы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, эксперемент көрсету.
Көрнекілігі: Қысқы суреттер, аққала, таратпа құралдар, қар.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Тәуелсіз елдің көшбасшысы

Сабақтың мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел...
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Тәуелсіздік - ынтымақ

Сабақтың мақсаты: Осы тақырыппен өткізілген сабақта балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға құрмет көрсету туралы үйрету. Соған қоса балалардың ойлау қабілетін өсіру, тақпақтарға қызығушылығын, сөздік қорын, тіл байлықтарын байытуға мән беру.
Көрнекілікті құралдар: Қазақстан мемлекетінің рәміздері, Астана қаласының көрікті ғиматар суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Ана тілім-ардағым

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат, шарлар, әр түрлі суреттер......
Балабақша сабақ жоспары
Толық