Асан батыр

Ертеде Естеміс деген шал өмір сүріпті. Оның үш баласы бар екен. Ең кішісінің аты Асан болыпты. Асан жас кезінен көзге түсе бастайды. Ол басқа балаларға қарағанда ерекше болып өседі. Оның жаны басқа адамдардай кеудесінде емес, басқа жерде еді. Ешкімге кегін жібермейтін, айтқанынан қайтпайтын, қадалған жерінен қан алатын. Бірақ ашуы тез қайтатын мейірімді еді.
Бірде Естеміс сырқаттанып жатып қалады. Науқасынан айықпайтынын сезген ол ұлдарын шақырып өсиетін айтады. Кезек кенже ұлы Асанға жеткенде ол......
Ертегілер
Толық

Дәулет құс

Баяғыда бір шал болыпты. Шалдың бір әйелі, екі баласы, бір дәулет құсы болыпты. Шалдың әйелі өліп, оның орнына басқа әйел алады. Шал бір сапарға кетер алдында дәулет құсын, екі баласын әйеліне тапсырып кетеді. Әйелдің бұдан басқа жалған көңіл қосқан адамы болыпты. Жаңағы кісі сапарға кеткесін, әйелдің үйіне жалған байы келеді де: «Маған дәулет құсты сойып бер», – дейді.
Онда әйел: «Шалымның тапсырып кеткен дәулет құсын сойып бермеймін», – дейді. Сосын жаңағы жігіт өкпелеп кетіп қалады. Бес-алты күн өткесін әйел жігітті шақырып алдырып, «болмас енді» деп, дәулет ......
Ертегілер
Толық

Жеті өнерпаз

Баяғыда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның жалғыз ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым деген қызы бар екен. Қыздың сұлулығына қараған адам есінен танып қалады екен.
Күндердің күнінде Қаншайым қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде, Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз төменде шулап қала береді. Жылап-сықтап, кешке үйлеріне оралады.
Бірнеше күнге дейін олар ханға болған жайды айта алмай қатты қиналады. Ел-жұрты жиналып, ақылдасып, сол арадағы бір дана қарияны хан алдына жібереді. Болған оқиғаны естіген хан есінен......
Ертегілер
Толық

Жүсіп мерген

Бір күні Жүсіп шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой», – дейді. Әуелі таң қалған Жүсіп аз ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар», – деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!» – дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ», – дейді.
Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:
— Сен арқама мін, орманға апарайын, – дейді де Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп құстың арқасына отырып, қалың тоғайға келеді......
Ертегілер
Толық

Малхуан сұлу

Ертеде адам басына бітпеген сұлудың сұлуы Малхуан деген қыз өтіпті. Сол қыз тумастан алпыс жыл бұрын, алып күштің әмірімен Малхуанның суреті жер-жердегі бүкіл хандыққа таратылыпты.
Қыздың сұлу бейнесіне таң болмаған жан қалмапты. Сол кезде бір өзінен басқаны жан демейтін менменшіл қара ниет хан болыпты. Ханның қырық сарайы бар екен. Сарайларының сәнділігі сондай - жақұт, маржан, алтын, күмістермен әшекейлеп салдырған екен.
Хан Малхуанның суретін көріп, қызға ғашық болады. Сондықтан: «Егер осы қыз бұл дүниенің үстінде туса, қалай да іздеп тауып алармын», – деп, өзіне-өзі серт қып, жансыз бейнені бір сарайға сақтауға бұйырды.......
Ертегілер
Толық

Мыстан кемпір

Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті», – деп, басқа әйелге үйленіп, өмір сүре береді.......
Ертегілер
Толық

Әуез ханның қырық ұлы

Баяғыда Әуезхан деген хан болыпты. Ханның қырық баласы бар екен. «Осы балаларыма бір жерден қалың берсем екен», – деп ойлайды екен. Бірнеше жылдар өткеннен кейін хан бір байдың қырық қызы бар деп естиді. Соған қалыңмалына сөйлесіп, құда түсіп келуге кісі жіберіпті.
Ол байға барып:
— Бізді хан жіберді. Балаларына сіздің қыздарыңызды айттырғысы келеді, – дейді.
Бай:
— Қыздарыма қалыңмалға мал алмаймын, менің үйімнен өздерінің үйіне дейін тұп-тура жол болсын, жолдың екі жағында бау-бақша, оның түбінен су шығып, бұлбұлдар сайрап тұратын болсын және осы......
Ертегілер
Толық

Алтын жүзік

Баяғыда Мұрат деген кісі болған екен. Бір күні ол алыс сапарға аттанады. Жол жүріп келе жатып, қатты шаршаған Мұрат айдаладағы жалғыз үйге кез келеді. Үйге кірсе, аяғы кісендеулі, жас, әдемі келіншек отыр. Қасында үш күшік жүгіріп жүр. Мұрат амандасып болған соң:
— Құдайы қонақпын. Дәм айдап осы үйге келіп отырмын. Қарсы болмасаңыз, сіздің үйге тоқтап, әлденіп, тамақтанып алсам ба деп едім. Ақыңыз кетпес, пұлын берем, – дейді.
Келіншек Мұратты ет пен қымызға тойдырады. Тамақ ішіп болған соң, бір-бірінен жөн сұрасады. Келіншектің аты Ханым екен. Ол:
— Мен сиқыршы шалдың әйелімін......
Ертегілер
Толық

Алтын балық

Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып, тағам етіп, күнелтеді екен. Бір күні баласы:

— Әке, мен де ау салуды үйренейін, бүгін мені жібер, – деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген қауіппен рұқсат етпесе де бала жылап-еңіреп қоймағансын, «барсаң бар» дейді. Бала қуанып кетеді. Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не істерін білмейді. Үйге жеткенше жүгіреді. Баласының алтын балық әкелгенін көргенде, қуанған кемпір мен шал тұра жүгірісіп, біріне-бірі соғылысып, құлап та қалады.......
Ертегілер
Толық

Сиқырлы тас

Баяғы өткен заманда бір байдың жалғыз баласы болыпты. Бір күндерде бай баласына бір мың сом беріп, оны алыстағы жәрмеңкеге жіберіпті. Бала бірнеше күн жәрмеңкені аралайды да басқа ұнамды ештеңе таба алмай, әкесінің берген ақшасына бір мысық сатып алыпты.
Ол үйіне қайтқан соң, бай баласының келгенін естіп, не нәрсе сатып алып қайтқанын білуге келіпті.
— Қарағым, жәрмеңкеден не нәрсе сатып алып қайттың?
— Әке! Мен сіздің берген барлық ақшаңызға бір мысық сатып алдым. Мұның қасиеттілігі сондай жер-жүзіндегі тышқаннан тышқан қалдырмайды, – дейді. Баласының бұл сөзіне ешбір жауап қатпастан, бай үйіне қайтып кетеді.......
Ертегілер
Толық