Жел деген не?
Жел – жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта, жоғары қысымды аумақтан төменгі қысымды аумаққа қозғалысы.Бриз (француз тілінде – жеңіл жел) – теңіз, көл жағалауында соғатын жел. Құрлық пен су үстіндегі ауаның біркелкі жылынбауынан пайда болады. Тәулігіне бағытын екі рет өзгертіп отырады. Күндіз теңізге қарағанда құрлық тез жылынады. Құрлық бетіндегі ауа қызып, ауа қысымы төмендейді. Су бетіндегі ауа салқын, тығыз болады да, ауа қысымы жоғарылайды. Ауа қысымы жоғары аймақтан, төменгі аймаққа қозғалып, жел соғады. Бұл – күндізгі бриз.