Тиін
Мен тиінмін, тиінмін
Аңды көрсем бекінем
Талдан - талға секірем.
Мен тиінмін, тиінмін
Аңды көрсем бекінем
Талдан - талға секірем.
Бір көргенді білгін
Мен алып пілмін
аспаймын саспаймын
Жамандыққа баспаймын
Мен - мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы
Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.
Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.
Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.
Балпаң - балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.
Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң - бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тарауы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.
Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Бүгінгі күні көптеген адамдар үшін туған жерді құрметтеу мәселесі өзекті болады. Бірақ көбісі туған жері туралы ойламай, туған жердің қадірін білмейді. Ал енді егерде қазақтардан туған жердің территориясын бүгінгі күні тартып алса не болушы еді? Неліктен туған жер біз үшін соншама маңызды? Осы сұрақтарға мен жауап беруге тырысамын.
Біріншіден, туған жерге ие болуы қазақтарға әлемде басқа елдермен бәсекелесуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан уран бойынша екінші орында. 2018 жылы Қазақстан....