Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
2011 жыл күз мезглілі Алматы каласында студнеттік кездерім, қыркүйек айында жатақханаға келдім алаңсыз жүрген күндерімнің бірі еді. Ойда жоқта бір 1 ші курстын студентіне ессіз ғашық болдым, күндердің күнінде оған өз сезімімді білдірдім, оныңда менде көңілі болды бірақ мен сияқты жақсы көрмеді. Мен оны қатты жақсы көрдім ол сезімімді созбен жеткізе алмаймын, арамызда көп әңгімелер болды мен оған өзімнің оны қатты жақсы коретінімді айтатынмын. іс-әрекетіммен де дәлелдейтінмін ол үшін.....
Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді. Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады. Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы керек. Адам бойында табиғатқа дос қасиеттің қалыптасуы әркімнің отбасы, ошақ қасынан, үлкендердің өнегелі іс-әрекетінен басталады. Бұл бүкіл халықтың дәстүрлік мәселесі. Мысалы, халқымыз ғасырлар бойы көктемнің алшақты наурыз мейрамының басын өз ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арыған жөнге келтіріп, ел болып бірігіп көшелермен алаңдарды тазалап, көң – қоқыстарды жинап, ағаш, егін егіп, тұрмыс, шаруашылық мейрамы деп өткізген. « бір тал кесең, он тал ек», «Бұлақ көрсең – көзін аш» тағы басқа өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашуға шақырған. Табиғатты қорғауға байланысты халқымыздың салт-дәстүрге айналдырған іс – шараларына көптеп мысал келтіруге болады. «Жері байдың – елі бай» деп халқымыз тегін айтпаған. Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қуіп төндіріп отыр іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстың жағдайларды тез кез-келген аймақтардан көруге болады. Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлуға, қағазды қайта өңдеуге және көкеністерді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойыңды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үмітімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кемеуілдетуге тырысуымыз керек. ....
Балықтан және балық емес тағамдық өнімдердің сапалы, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып шығарылуын нұсқау бойынша бақылап отыру керек. Дайын өнімнің сапалылығын микробиологиялық жағынан қарағанда белгілі дәрежеде өндірістің санитарлық деңгейіне байланысты болып келеді. Нұсқауда кулинарлық, тұзды өнімнің, белоктық өнімдердің және балдырлардың қайта өндірілу өнімінің санитарлықмикробиологиялық бақылауы көрсетілген болуы қажет. Өндірістің санитарлық жағдайының деңгейінің технологиялық процестің дұрыстығын, өнімді өндіру кезіндегі бұзылуларды анық көрсетуге көмегін тигізеді. Санитарлық-микробиологиялық бақылаулар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді. Негізгі санитарлық-микробиологиялық бақылау өнімді бақылау және өнімнің санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді.Ол систематикалық, өндірістік лабораториялардың бактериологтарымен санитарлық эпидемиологиялық қызмет жүргізеді. Ал өнімнің қосымша микробиологиялық бақылауы дайын өнімнің жоғары обсементтік жағдайда болғанда лаборатория меңгерушісінің шешімімен, санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер бойынша аға бактериологтың шешімі бойынша жүргізіледі. Жоғары дайын өнімді алу үшін өндірістік орындар Мемлекеттік санитарлы органдар шартарына сүйенеді. Микробиологиялық бақылауда оның қандай өнім алуына байланысты мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер (МАФАнМ), ішек таяқшасының бактериалық топтары (ІТБГ) коли формалы сары түсті стафилакокктар сульфидтейтін клостридиялар, ашытқы саңырауқұлақтары мен ашытқылар, протей туысының бактериялары, патогенді микроорганизмдер, сонымен қатар сальмонеллалар мен вибриондар. Микробиологиялық бақылаудан басқа күнделікті шикізат пен қосымша материалдарды бақылап отырады, және нағыз құрылымға сай өндірістің санитарлық жағдайын сақтайды. Құралжабдықтардың, инвентарға, цехтағы тазалыққа, дезинфекциялайтын заттармен пайдаланатын шикізат пен қосымша материалдардың сапасына кезекші шебер жауап береді. Санитарлы-микробиологиялық қорытындыларды кезекші мастерге ол лабораторияның басқарушысына және өндірістің қол астындағы жұмысшыларға жеткізіледі, олар өз кезегінде өндірістің санитарлық және технологиялық деңгейін жоғарылатуға ат салысады. Нұсқауда бактериалдық тұқымдануына қор матифтері жүргізіледі: шикізатқа жартылай фабрикаттарға, қосымша материалдар, дайын өнімнің, бақылау периодтылығына микробиолигиялық анализ әдістеріне және кейбір жеткіліксіздікті жояды. Өндірістің санитарлық жағдайын сақтау. Нормалар мен өндірістік санитарлық жағдайдың сақталуы қатерсіз бүтін өнім алудың ең бір және негізгі шарттары болып табылады. Санитарлық режимнің бірқалыпты сақталуы, дезинфекция мен санитарлық талаптарды жүргізу тәсілдері соның ішінде санитарлық-микробиологиялық жұмыс басталар алдында және санитарлы өңдегеннен кейін күнде бактериолог өндірістің санитарлық жағдайлары мен эффективтілігін қадағалап отырады. ....
Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі. Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы. ....
Маркетинг (ағылшынша: marketing — нарық, базар, өткізу, сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады. Маркетингтің мәні — экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни маркетиңг-тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру. ....