Қаржы | Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау
Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысы құралы және ізбасары болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес.
Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, ерекше тауар болып қала береді. Сөйтіп, ақшаның жалпыға бірдей балама рөлі тарихта алтынға бекітіледі. Сондықтан да, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі бұл, оның табиғи қасиетіне тән болып келеді. Біріншіден, бұл алтынның тамаша табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және таттанбайтындығына байланысты. Екіншіден, оның құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қоры сирек болғандықтан да, оны өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болады. Сонымен қатар, ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория болып табылады.
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның өз қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті коғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаның шығу себебі тауар өндірісі қайшылықтарының етек жайып, тереңдеуінде. Ақша жоғарыда айтылғандай, жалпылама эквиваленттің ерекше қызметті атқаратын тауар. Ақша да, тауар да қоғамдық еңбектің өнімдері. Бірақ өндіріс құрал-жабдықтрына жеке меншік жағдайында барлық тауарлар нарықта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде болады, ал ақша - тікелей жеке еңбектің (жалпылама эквивалент) бейнесі ретінде болады. Ақша зат та емес, байлық та емес, өндірістік қатынас.....

Курстық жұмыстар